Олар бабаларындай істеп жүрмесін: Бас көтергіш қыңыр ұрпақ бола көрмесін, Жүректерін Құдайға арнаудан безбесін, Ой-ниеттері Құдайға сенімсіз болмасын.
Забур жырлары 77:8
Күнтізбе

Олар бабаларындай істеп жүрмесін: Бас көтергіш қыңыр ұрпақ бола көрмесін, Жүректерін Құдайға арнаудан безбесін, Ой-ниеттері Құдайға сенімсіз болмасын.
Забур жырлары 77:8
«Жаратқан Ие тез қаһарланбайды, Ол сондай сенімді де қайырымды, Көтеріліс пен теріс қылықтарды Тіпті кешіруге дайын тұрады! Ал қасарысқанды жазасыз қалдырмайды, Ол аталарының кінәлары үшін Жазалайды балалары мен немерелерін, Тіпті шөберелері мен шөпшектерін».
Руларды санау 14:18
«Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың. Сен бізге қайтадан рақымыңды көрсетесің. Әділетсіз істерімізді аяғыңмен таптап, күнәларымыздың бәрін де теңіздің тұңғиығына тастайсың!
Миха 7:18–19
бізді құтқарды. Ол бізді жасаған әділ істерімізге бола емес, Өзінің мейіріміне бола күнәдан жуып тазартып, Киелі Рухы арқылы рухани қайта туғызып жаңартты.
Титке 3:5
Сондықтан да, бауырластарым, мен сендерге келіп, Құдайдың шынайы хабарын уағыздаған кезде шешен сөздер және дана пікірлер қолданған жоқпын. Сендерге Иса Мәсіх пен Оның айқыштағы құрбандық өлімінен басқа нәрселер туралы айтпауға шешім қабылдаған едім. Араларыңда күш-қуатсыз, дірілдеп, қатты жүрексініп тұрып жаттым. Сөз сөйлеп, уағыз айтқанда адамды сендірерліктей данышпан пікірлерге емес, Құдайдың Рухы мен құдіретінің айқын көрінуіне сүйендім. Ондағы мақсатым — сенімдеріңнің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіретінің болуы. Дегенмен, біз рухани жетілгендерге даналық туралы хабарды уағыздай береміз. Ал бұл даналық осы күнәкар дүниенікі емес, сондай-ақ, осы дүниелік билеушілердікі де емес; солар — болашақта құрып кететіндер. Керісінше, жариялап жүргеніміз — Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз үшін әлемді жаратпастан бұрын-ақ белгілеп қойған болатын. Бұны осы дүниелік билеушілердің біреуі де ұққан емес; ұққан болса, олар Ұлылықтың Иесін айқышқа шегелетіп өлтіртпес еді. Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар. Себебі адамның ішкі құпия-сырларын оның өз рухынан басқа бірде-бір адам біле ме? Сол сияқты, Құдайдың терең ой-мақсаттарын да Оның Киелі Рухынан басқа ешкім білмейді. Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз. Солар туралы біз адамзаттың даналығынан емес, Киелі Рухтан үйренген сөздермен уағыздап, Оған мойынсұнғандарға рухани шындықты түсіндіреміз. Өз еркімен жүретін адам Құдайдың Рухынан келгенді қабылдамайды, соны түсіне алмай, ақымақтық деп санайды. Себебі оны Киелі Рухтың тұрғысынан бағалау керек. Ал Құдайдың Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады, бірақ басқалар ондай адамға баға бере алмайды. Өйткені «Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, кеңесшісі болып бағыт берді Оған?» (деп жазылған). Ал бізде Мәсіхтің ой-ниеті бар.
Қорынттықт. 2-хат 1:3–4
Сондықтан Ол барлық жағынан бауырластарына ұқсас болуға тиіс еді. Осылай Мәсіх Құдайға қызмет ететін қайырымды да адал Бас діни қызметкер болып, өз жанын халқының күнәларының құнын өтеу үшін құрбандыққа қиды. Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады.
Еврейлерге 2:17–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2023 ж. 20 нау.
Забур жырлары 119:130
2023 ж. 19 нау.
Елшіл. істері 3:26
2023 ж. 18 нау.
Ишая 38:14
2023 ж. 17 нау.
Леуіліктер 1:4
2023 ж. 16 нау.
Жақып 4:14
2023 ж. 15 нау.
Еврейлерге 2:10
2023 ж. 14 нау.
Титке 2:10

Қорқыныш
Күнә қорқыныш пен Құдайдан алыстауды тудырады. Інжіл жүректерді жаулап, ар-ожданды тазартып, жағдайды…
Көкке көтерілу
Алып кетуді, оның Киелі кітаптағы негізін және неліктен христиандардың Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты…
Құтқарылу
Жүсіптің түстерін және Құдайдың еркін зерттеп, оларды құтқарылуға деген жалған үміттермен салыстырыңыз…
Үміт
Шіркеудің жағдайы мен дүниеқоңыздық туралы қараңғы ойлардың ортасында автор Құдайдың түпкілікті салтанаты мен…
Құдайдың қамқорлығы
Құдай сізге қамқорлық жасайды, қажеттіліктеріңізді қамтамасыз етеді, қиындықтардан алып өтеді және әрдайым…
Киелі Рух
Бұл мақала Киелі Рух туралы кең таралған қате түсініктерді түзетіп, Оның Құдайлық тұлғалығын, құдайлығын және…

Қорқыныш
Күнә қорқыныш пен Құдайдан алыстауды тудырады. Інжіл жүректерді жаулап, ар-ожданды тазартып, жағдайды…

Көкке көтерілу
Алып кетуді, оның Киелі кітаптағы негізін және неліктен христиандардың Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты…

Құтқарылу
Жүсіптің түстерін және Құдайдың еркін зерттеп, оларды құтқарылуға деген жалған үміттермен салыстырыңыз…

Үміт
Шіркеудің жағдайы мен дүниеқоңыздық туралы қараңғы ойлардың ортасында автор Құдайдың түпкілікті салтанаты мен…