2023 ж. 22 наурыз, сәрсенбі

Күнтізбе

2023 ж. 22 нау.

Сізден өтінерім: Жаратқан Ие сол кезде уәде еткен таулы аймақты маған табыстай көріңіз! Кезінде сіз Жаратқан Иенің берген уәдесін өзіңіз естігенсіз. Бұл жерді Анақтың ұрпақтары мекендейді, олардың қалалары үлкен және күшті бекітілген. Алайда Жаратқан Ие Өзі айтқандай маған жар болса, оларды қуып шыға аламын.

Ешуа 14:12

Ақшақұмар болмай өмір сүріп, қолдағы барды қанағат тұтыңдар! Құдай: «Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын», — деген ғой. Сондықтан да біз: «Ием маған жар, мен қорықпаймын ешбір жайттан, не істей алады адам баласы маған?» деп нық сеніммен айтамыз.

Еврейлерге 13:5–6

Жердің беті егінге тола берсін, Қырда дәнді сабақтары өсіп-өнсін, Олар Ливан орманындай сыңсып тұрсын, Қаланың тұрғындары да шөптей көбейсін.

Забур жырлары 71:16

Әділдіктің жемісі амандық пен бейбітшілік болмақ. Иә, әділдік мәңгі бақи тұрақты тыныштық пен қауіпсіздік әкелмек.

Ишая 32:17

Сонымен, шындықпен «белді бекем буып», әділдікті «сауыт қылып киіп», табанды тұрыңдар!

Ефестікт. хат 6:14

Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз. Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар.

Ефестікт. хат 6:12–13

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер