Шәкірті ұстазынан, қызметшісі қожайынынан жоғары емес.
Матай 10:24
Күнтізбе

Шәкірті ұстазынан, қызметшісі қожайынынан жоғары емес.
Матай 10:24
Маған «Ұстаз», «Ием» дейсіңдер. Осылай атағандарың дұрыс, себебі Мен Солмын.
Жохан 13:13
Шәкірті ұстазына, қызметшісі қожайынына ұқсаса, соған қанағат тұтсын. Жұрт «үйдің Иесін» белзебүл (шайтан) деп атаса, оның үй ішіне одан бетер жаман ат тақпай ма?
Матай 10:25
Мына айтқан сөзім естеріңде болсын: «қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес». Күнәкарлар Мені қудаласа, сендерді де қудалайды. Олар Менің сөзімді ұстанды ма, жоқ, ендеше сендердің сөздеріңді де ұстанбайтын болады.
Жохан 15:20
Бұларға Сенің хабарыңды білдірдім. Күнәкар дүние оларды жек көріп келеді, себебі Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да сондай емес.
Жохан 17:14
Исаның күнәкарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер! Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар! Күнәға қарсы тойтарыс берген күрестеріңде сендер әлі де қандарыңды төгіп, жандарыңды пида еткен жоқсыңдар.
Еврейлерге 12:3–4
Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр. Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық! Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді. Бұдан кейін Ол Құдайдың тағының оң жағындағы құрметті орнына жайғасып отырды.
Еврейлерге 12:1–2
Сондықтан да Құдайдың өз халқына сақтаған мол игілігін иемденуімізді күтеміз. Ешқашан шіріп бұзылмайтын, өшіп-солып қалмайтын сол мұраларың сендер үшін көкте дайын тұр.
Петір 1 4:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2023 ж. 9 шіл.
Зәкәрия 3:4
2023 ж. 8 шіл.
Жохан 1 1:9
2023 ж. 7 шіл.
Матай 4:1
2023 ж. 6 шіл.
Қолостықт. хат 4:6
2023 ж. 5 шіл.
Жохан 1 4:16
2023 ж. 4 шіл.
Жохан 13:23
2023 ж. 3 шіл.
Римдіктерге 8:17

Киелі Рух
Махаббат, қуаныш және бейбітшілік сияқты ізгі қасиеттерді қамтитын, Мәсіхке ұқсастық ретіндегі «Рухтың жалғыз…
Мейірім
Иса Мәсіх Құдайдың сүйіспеншілігі мен мақсатын ашып, рақым мен ақиқатты әкелді. Ол жеке адамдардың…
Құдай Патшалығы
Құдай патшалығының рухани табиғатын, оның тарихи контекстін және мәсіхшілердің бағынышты ретінде қалай өмір…
Дұға
Балаларыңыздың рухани сапарын бағыттау үшін 31 күнделікті дұға нүктесін ашыңыз. Олардың құтқарылуы…
Бейбітшілік
Киелі кітапта сипатталған бейбітшіліктің ерекше түрлерін зерттеңіз: Құдаймен бейбітшілік, Мәсіхтің…
Рухани өсу
Осы соңғы күндерде Мәсіх үшін жүректің мақсаты неліктен маңызды екенін біліңіз. Жылылықты жеңуді және Оның…