Сонымен, Мәсіх өлімнен қайта тірілгенде сендер Онымен бірге рухани тірілдіңдер. Сондықтан көкке лайықты қасиеттерді иемденуге ұмтылыңдар! Өйткені Мәсіх көкте, Құдайдың оң жағында отыр.
Қолостықт. хат 3:1
Күнтізбе

Парасатқа ие болып, даналыққа кенелгін, Сөздерімді ұмытып, бас тартып жүрмегін.
Нақыл сөздер 4:5
Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, содан кейін оны ынтымақшыл, төзімді, ымырашыл, қайырым мен игі істер жасағыш, ешкімді алаламайтын әділ қылып, екіжүзділіктен арылтады.
Жақып 3:17
Терең тұңғиық: «Ол менде емес!» дейді, Теңіз де: «Менде ол жоқ!» деп мәлімдейді.
Әйүп 28:14
Демек, Мәсіхпен тығыз байланысқанда біздер Онымен бірге рухани «өліп, жерлендік». Сонымен, Құдай Әке Өзінің ұлы құдіретінің арқасында Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, жаңа өмір бергендей, біз де енді жаңаша өмір сүруіміз керек! Себебі біз осылай рухани тұрғыдан Мәсіхпен бірге «өліп», күнәлі өмір салтымыздан біржола бас тартқан болсақ, енді өлімнен қайта тірілген Мәсіхпен тығыз байланыста тұрып жаңаша өмір сүрейік!
Римдіктерге 6:4–5
Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр. Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық!
Еврейлерге 12:1
Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті: Оның айтқанына көнбей, рухани өлі болған бізді Құдай Мәсіхпен бірге тірілтіп алды. Осылайша тек Оның рақымымен ғана құтқарылдыңдар. Құдай Мәсіх Исамен тығыз байланыстағы бізді Онымен бірге тірілтіп, көкте Оның жанына отырғызды.
Ефестікт. хат 2:4–6
Осылай айтқандар өздерінің шынайы отандарын көздеп жүргендерін білдіреді.
Еврейлерге 11:14
Жиналып, Жаратқан Иеге бет бұрып сиыныңдар, уа, елдегі кішіпейіл әрі Оның еркін орындаушы жандар! Оған мойынсұнып әділдік үшін ұмтылыңдар! Мүмкін, сол күні Жаратқан Иенің қаһарынан аман сақталып қаларсыңдар.
Софония 2:3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2023 ж. 29 шіл.
Ишая 64:1
2023 ж. 28 шіл.
Ефестікт. хат 5:2
2023 ж. 27 шіл.
Қорынттықт. 2-хат 4:4
2023 ж. 26 шіл.
Еврейлерге 11:8
2023 ж. 25 шіл.
Жохан 1 3:14
2023 ж. 24 шіл.
Римдіктерге 12:12
2023 ж. 23 шіл.
Қорынттықт. 1-хат 15:24

Өзін-өзі ұстау
Мәсіхшілік еркіндікті және пайдалы немесе өркендетуші болмауы мүмкін заңды нәрселерді қалай теңдестіру…
Дұға
Павел адамның төрт маңызды қажеттілігі үшін дұға етті: рухани түсінік, лайықты өмір, төзімділік және…
Күнә
Адамзат қайғысының нақты себебін ашыңыз: күнә және Құдайға қарсы бүлік. Иса Мәсіхтің күнә мен оның салдарына…
Иса Мәсіх
Әр түрлі топтарды өзіне тартқан және Өзінің шынайы шәкірттерін ұстап тұрған Иса Мәсіхтің терең тартымдылығын…
Күнәні мойындау
Адамдар алдында Мәсіхті ашық мойындаудан ұялмаңыз. Батыл сенім мәлімдемесі күресті жеңілдетеді және мазақтан…
Пайғамбарлық
Жақыптың ұлдары Рубенге, Шимонға және Левиге айтқан пайғамбарлық сөздері олардың нәпсіқұмарлық пен…