Ал олар одан гөрі жақсы елді, яғни көктегі отандарын, аңсап күтті. Сол себептен де Құдай олардың Құдайы деп аталудан бас тартпайды, соларға арнап Ол көкте мәңгілік қаланы дайындап та қойды.
Еврейлерге 11:16
Күнтізбе

Ал олар одан гөрі жақсы елді, яғни көктегі отандарын, аңсап күтті. Сол себептен де Құдай олардың Құдайы деп аталудан бас тартпайды, соларға арнап Ол көкте мәңгілік қаланы дайындап та қойды.
Еврейлерге 11:16
Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін.
Жохан 14:3
Иса Мәсіхтің елшісі Петірден (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік болып, Понти, Ғалатия, Қападоқия, Азия және Бітүния аймақтарында шашыраған (сенушілерге дұғай сәлем). Құдай Әке сендерді алдын ала танып, Өзінің Киелі Рухымен Иса Мәсіхке мойынсұнатын, Оның құрбандық өлімінде төгілген қаны арқылы тазарған, меншікті де қасиетті халқы болуға таңдап алған еді. Рақым, амандық және тыныштық сендерге молынан жауа берсін! Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі — Құдай мадақталсын! Ол бізге зор мейірім көрсетіп, рухани қайта туғызып жаңа өмір сыйлады және Иса Мәсіхті өлімнен қайта тірілтуімен бізді тірі үмітке кенелтті. Сондықтан да Құдайдың өз халқына сақтаған мол игілігін иемденуімізді күтеміз. Ешқашан шіріп бұзылмайтын, өшіп-солып қалмайтын сол мұраларың сендер үшін көкте дайын тұр.
Петір 1 1:4
Осы күнәкар дүниеде біз тұратын мәңгілік қала жоқ, қайта, көктегі келешек қаланы аңсап күтудеміз.
Еврейлерге 13:14
«Уа, ғалилеялықтар! Неменеге бұл жерде аспанға қарап тұрсыңдар? Жаңа қастарыңнан көкке көтеріліп, Құдай қабылдаған Иса көз алдарыңнан көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келеді», — деді.
Елшіл. істері 1:11
Ендеше, бауырластарым, Иеміз қайтып келетін кезге дейін шыдаңдар. Диқанға қараңдаршы: ол егіндік жерінен алатын құнды өнімін тосып, оны күзгі және көктемгі жаңбырдың суғаруын төзімділікпен күтеді. Сендер де сабырмен күтіп, жүректерің мызғымас табанды болсын. Өйткені Иеміз жуырда қайтып келмек.
Жақып 5:7–8
Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.
Еврейлерге 10:37
Құдай Әкеге және Иеміз Иса Мәсіхке сенушілердің Салониқадағы қауымына Пауыл, Сыйлас және Тімотеден дұғай сәлем. Құдай сендерге рақымын жаудырып, тыныштығын сыйлай көрсін! Сендерді Құдайға сиынғанда еске алып, бәрің үшін әрдайым шүкірлік айтамыз. Құдай Әкеміздің алдында сендердің Оған деген сеніммен игілікті іс істеп, сүйіспеншілікпен ауыр еңбек етіп және Иеміз Иса Мәсіхке табандылықпен үміт артып жүргендеріңді үнемі еске алып отырамыз. Құдай сүйген қымбатты бауырластар, Оның сендерді таңдап алғанын білеміз. Себебі біз сендерге Ізгі хабарды сөзбен ғана емес, құдіретпен, Киелі Рухпен және зор сеніммен де жеткіздік. Сендердің игіліктерің үшін араларыңда қалай әрекет еткенімізді өздерің білесіңдер. Ал сендер бізге және Иемізге еліктеп көп азапқа ұшырасаңдар да, Ізгі хабарды Киелі Рух сыйлаған қуанышпен қабылдадыңдар. Осылай Македония мен Ахая өлкелеріндегі сенушілердің барлығына үлгі болдыңдар. Иеміздің хабары сендерден Македония мен Ахаяға ғана тараған жоқ, Құдайға деген сенімдерің барлық жерде белгілі болғандықтан, бізге бұл туралы айтудың қажеті де жоқ. Себебі жұрт сендердің бізді қандай жылылықпен қабылдағандарың және жалған тәңірлерден бас тартып, Құдайға бет бұрғандарың туралы бір-біріне айнала әңгімелеп жатыр. Енді сендер тірі де шынайы Құдайға қызмет ете жүріп, Оның рухани Ұлы Исаның көктен түсуін күтудесіңдер. Құдай өлімнен қайта тірілткен Иса бізді келешектегі қаһарлы соттан құтқарып алады.
Салониқал. 1-хат 4:17–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2023 ж. 12 там.
Жоқтау 3:31–32
2023 ж. 11 там.
Еврейлерге 2:14
2023 ж. 10 там.
Жохан 17:15
2023 ж. 9 там.
Таңдаулы ән 4:7
2023 ж. 8 там.
Нақыл сөздер 4:18
2023 ж. 7 там.
Жохан 14:26
2023 ж. 6 там.
Нақыл сөздер 3:12

Рождество
Осы Рождествода Мәсіхте шынайы тиесілілікті, қауіпсіздікті және оптимизмді табыңыз. Жердегі үйлер құласа да…
Қайғы
Мәсіхшілер неліктен азап шегетінін, бастапқы күнәдан бастап Құдайдың түзетуіне дейін біліңіз. Әйүп пен…
Көкке көтерілу
Алып кетуді, оның Киелі кітаптағы негізін және неліктен христиандардың Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты…
Көтеріліс
Мұса мен Мириамның бүлігі, Мириамның алапесі және күнә, кішіпейілділік пен қалпына келтіру туралы сабақтарды…
Мейірім
Дәуіттің күнәсі Құдайдың атын қорғау үшін оның көпшілік алдындағы үкімін әкелді. Сенушілер Құдайдың атын…
Сенім
Өмір – жарыс, бірақ жеңіс дүниелік табыста емес. Мәңгілік сыйлығыңызды жеңіп алу үшін Сүлейменнің…

Рождество
Осы Рождествода Мәсіхте шынайы тиесілілікті, қауіпсіздікті және оптимизмді табыңыз. Жердегі үйлер құласа да…

Қайғы
Мәсіхшілер неліктен азап шегетінін, бастапқы күнәдан бастап Құдайдың түзетуіне дейін біліңіз. Әйүп пен…

Көкке көтерілу
Алып кетуді, оның Киелі кітаптағы негізін және неліктен христиандардың Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты…

Көтеріліс
Мұса мен Мириамның бүлігі, Мириамның алапесі және күнә, кішіпейілділік пен қалпына келтіру туралы сабақтарды…

Мейірім
Дәуіттің күнәсі Құдайдың атын қорғау үшін оның көпшілік алдындағы үкімін әкелді. Сенушілер Құдайдың атын…