2024 ж. 15 ақпан, бейсенбі

Күнтізбе

2024 ж. 15 ақп.

О, Жаратқан Ие, қашанғы осылай болмақ? Қашанғы әділетсіздер дауыстап қуанбақ? Ауыздарынан менмен сөздер үздіксіз шығады, Зұлымдық істейтіндердің бәрі мақтанады,

Забур жырлары 93:3–4

Сен күнәларымызды қойдың алдыңа, Нұрыңда айқын құпияларымыз да. Өмір бойы бізге қаһарың төнеді, Жылдарымыз күрсінумен бітеді.

Забур жырлары 89:8–9

Мені неге қастерлемейсіңдер? — дейді Жаратқан Ие. — Менің алдымда неге қорқып дірілдеп тұрмайсыңдар? Теңіздің шетін құм төбелермен шектеп көмкердім. Соларды теңіз ешқашан өте алмайтын шекара етіп қойдым. Толқындар қанша буырқанып, толқыса да, Мен белгілеп қойған шектерінен өте алмайды.

Еремия 5:22

Судан өткен кезіңде саған жар боламын, өзендерден өткенде батып кетпейсің. Отты жарып өтсең, күйіп қалмайсың, тіпті жалыны да шарпымайды.

Ишая 43:2

— Кел! — дегенде, Петір қайықтан шығып, су үстімен Исаға қарай беттеді. Бірақ қатты соққан желді байқап, қорқып кеткен ол суға бата бастады да: — Мырза, мені құтқара көріңіз! — деп айқайлап жіберді. Иса дереу қолын созып, демеп жіберіп: — Әй, сенімі азым-ай! Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді.

Матай 14:29–31

Сиынып тұрамын Алла Тағалаға, Маған игілік жасаушы Құдайға.

Забур жырлары 56:3

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер