2024 ж. 27 қазан, жексенбі

Күнделікті Жарық

2024 ж. 27 қаз.

Өтінемін, келіп, сол халықты қарғап беріңіз. Олар бізден сондай қуатты! Мүмкін, осылай оларды күйретіп, елден қуып шыға алармын. Себебі сіз кімге бата берсеңіз, соның жарылқанатынын, ал кімді қарғасаңыз, соның қарғысқа ұшырайтынын білеміз».

Руларды санау 22:6

— Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты: Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған! Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты: Құдай оларды жұбататын болады! Кішіпейіл жандар бақытты: олар жерді иемденетін болады! Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты: олар қанағат табатын болады! Мейірімділер бақытты: Құдайдың мейірімі соларға түседі! Жүректері пәк тазалар бақытты: олар Құдайды көретін болады! Татуластырушылар бақытты: олар Құдайдың рухани балалары деп аталмақ! Әділдік үшін қудаланғандар бақытты: Құдай Патшалығы сондайларға арналған! Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап, әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар! Қуана шаттаныңдар, себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр! Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған.

Матай 5:3–12

Бірақ Иса оған: — Құдай сөзін естіп, оны орындайтындар одан бетер бақытты! — деді.

Лұқа 11:28

Шапандарын таза жуып, осылайша мәңгілік өмір ағашының жемісін жеп, қақпалары арқылы қалаға ену құқығына ие болғандар бақытты!

Аян 22:14

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер