Ал даналықты қайдан табуға болады? Шынайы парасат қай жерде тұрады?
Әйүп 28:12
Күнделікті Жарық

Ал даналықты қайдан табуға болады? Шынайы парасат қай жерде тұрады?
Әйүп 28:12
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады. Тек шүбәланбай, сеніммен Құдайдан сұрауларың керек. Себебі күмәнданған адам жел айдап, соқтығысқан теңіз толқынына ұқсас.
Жақып 1:5–6
Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе. Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді, Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.
Нақыл сөздер 3:5–6
Паңданып өзіңді «данышпанмын» деп ойлама, Иеңді шын қастерле, зұлымдыққа жолама,
Нақыл сөздер 3:7
Сонда мен: — Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Мен әлі тым жаспын, жұрт алдында сөйлей алмаймын ғой, — дедім. Бірақ Жаратқан Ие маған былай деді: — Әлі тым жаспын деме! Мен сені кімге жіберсем, солардың бәріне барып, не айт десем соның бәрін айтатын боласың! Адамдардан қорықпа. Мен саған жар болып, өзіңді аман сақтаймын. Мен, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. —
Еремия 1:6–8
Сол кезде Менен бір нәрсе сұрауларыңның қажеті болмайды. Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Әкеден Менің атымнан не сұрасаңдар, Ол соны береді. Бұған дейін Менің атымнан еш нәрсе де сұраған жоқсыңдар. Енді сұраңдар да алыңдар! Сонда шексіз қуанышқа кенелесіңдер.
Жохан 16:23–24
Құдайға сеніммен сиынып (Оның еркіне сай) нені сұрасаңдар да, Одан аласыңдар, — деп жауап берді.
Матай 21:22
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2024 ж. 3 жел.
Әйүп 5:8
2024 ж. 2 жел.
Жохан 1 2:20
2024 ж. 1 жел.
Ишая 32:2
2024 ж. 30 қар.
Аян 1:4
2024 ж. 29 қар.
Забур жырлары 65:4
2024 ж. 28 қар.
Жақып 2:26
2024 ж. 27 қар.
Жохан 17:22
Мақсат
Көптеген адамдар өмірді өткінші ләззат деп санайды, бірақ Иса Мәсіх жаңа, мол және мәңгілік өмірді ұсынады…
Жігерлендіру
Христиандардың соғыс пен қиыншылықтар арасында да Исадан тыныштық пен қуаныш таба алатынын біліңіз. Петір мен…

Құдайдың еркі
Құдайдың еркін тануға арналған практикалық нұсқаулықты үйреніңіз, Исраилдіктердің сапарынан және Римдіктерге…
Ата-ана
Христиан ата-аналардың балаларына релятивизмге қарсы тұрып, Киелі кітап құндылықтарын қалай тиімді үйрете…
Киелі Рух
Тілдерде сөйлеу Киелі Рухтың жалғыз белгісі ме? Оның библиялық контекстін және шектеулі оқиғаларын ашыңыз.
Қайғы
Мәсіхшілер неліктен азап шегетінін, бастапқы күнәдан бастап Құдайдың түзетуіне дейін біліңіз. Әйүп пен…