Әйтпесе солар Мені паналасын, Менімен бітімге келіп, татулассын, Осылай Өзіммен ынтымақта болсын!
Ишая 27:5
Күнделікті Жарық

Әйтпесе солар Мені паналасын, Менімен бітімге келіп, татулассын, Осылай Өзіммен ынтымақта болсын!
Ишая 27:5
Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. —
Еремия 29:11
Алайда Иса Мәсіхтің қанын төгіп, құрбан болғандығы арқылы бұрын алшақ жүрген сендер енді Құдайға жақындадыңдар. Мәсіх — татулығымыздың Бастауы: Ол екі топқа бөліп тұрған қабырғадай өштестікті жойып, алып тастап, екі жағын біріктірді.
Ефестікт. хат 2:13–14
Құдай Өзінің бүкіл болмысының рухани Ұлында тұрғанын ұнатты. Ол арқылы Құдай жер мен көктегі барлық нәрсені Өзімен татуластыруды қалады, яғни Оның айқышта қанын төгіп, құрбан болғандығының арқасында татулық орнатуды жөн көрді.
Қолостықт. хат 1:19–20
Бірақ олар Құдайдың рақымымен Мәсіхтің бұлардың төлемдерін төлеп, құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады. Құдай Мәсіхті күнәлардың құнын өтеуші құрбандық етіп көрсетті: Соның қаны төгіліп құрбан болғандығына сенгендерді Құдай кешіреді. Құдайдың әділдігі осы арқылы айқын көрінеді. Себебі Ол бұрыннан бері шыдамдылық көрсетіп, адамдарға күнәларына лайықты жазаларын дереу тартқызбай жүрген еді. Ал қазіргі заманда Ол Өзінің әділдігін осылай дәлелдейді: Құдай әділ, Ол Исаға сенуші әркімді ақтап алады.
Римдіктерге 3:24–26
Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес. Құдай жіберген Жақия есімді адам болды. Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын. Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты.
Жохан 1 1:9
Жаратқан Иеге сеніңдер әрқашан, Құдай жартастай берік, мәңгі қорған.
Ишая 26:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2024 ж. 22 жел.
Салониқал. 1-хат 1:3
2024 ж. 21 жел.
Ишая 60:20
2024 ж. 20 жел.
Ефестікт. хат 1:4
2024 ж. 19 жел.
Забур жырлары 112:4
2024 ж. 18 жел.
Еврейлерге 4:16
2024 ж. 17 жел.
Забур жырлары 80:18
2024 ж. 16 жел.
Жохан 13:1

Жаңа сенушілер
Жаңа сенушілер, христиандық жолыңыз үшін маңызды нұсқауларды табыңыз. Мәңгілік өмір, сенімді бөлісу, дұға…
Өлім
Өлгеннен кейінгі өмір, сот және мәңгілік туралы Киелі кітап не айтатынын зерттеңіз. Иса Мәсіхке деген сенім…
Ескерту
Біз қауіп пен у туралы адамдардың ескертулеріне құлақ асамыз, бірақ күнә туралы және мәңгілік өмір…
Құтқарылу
Өрт сөндірушілерге өрттен құтылу үшін нұсқаушы қажет болғанындай, адамзатқа мәңгілік құтқарылуды табу үшін…
Иса Мәсіх
Иеміз Иса Мәсіх – адамзат тарихы білген ең ұлы ұстаз. Ол бізге Құдай туралы шындықты және адам тағдыры туралы…

Жаңа сенушілер
Жаңа сенушілер, христиандық жолыңыз үшін маңызды нұсқауларды табыңыз. Мәңгілік өмір, сенімді бөлісу, дұға…
Құтқарылу
Көптеген адамдар жұмаққа баратын дұрыс жолдамыз деп сенеді, бірақ Иса ғана Жол. Неліктен Исаға сену мәңгілік…

Өлім
Өлгеннен кейінгі өмір, сот және мәңгілік туралы Киелі кітап не айтатынын зерттеңіз. Иса Мәсіхке деген сенім…

Ескерту
Біз қауіп пен у туралы адамдардың ескертулеріне құлақ асамыз, бірақ күнә туралы және мәңгілік өмір…

Құтқарылу
Өрт сөндірушілерге өрттен құтылу үшін нұсқаушы қажет болғанындай, адамзатқа мәңгілік құтқарылуды табу үшін…