Өйткені егер оның еркіне сай өмір сүрсеңдер, Құдайдан ажырап, мәңгілік өлімге ұшырайсыңдар. Ал егер Киелі Рухтың күшімен күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетінен мүлдем бас тартсаңдар, шынайы өмір сүресіңдер.
Римдіктерге 8:13
Күнделікті Жарық

Ескі күнәкар болмысымыздан туындайтын қылықтар белгілі, бұлар: неке адалдығын бұзу, азғындық және ұстамсыздық;
Ғалаттықт. хат 5:19
күншілдік, кісі өлтіру, маскүнемдік, жүгенсіздік және сол сияқтылар. Бұлар жайлы сендерге былай деп ескертемін, бұрын да ескерткенмін: мұндаймен айналысатындарға Құдайдың Патшалығында орын жоқ. Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды. Сонымен қатар Иса Мәсіхтікі болғандар айқыш ағашта өлген Онымен бірігіп кетті. Сол себептен олар өздерінің ескі күнәкар болмыстарын және соның азғын құмарлықтары мен тілектерін сол айқыш ағашқа шегелеп тастағандай таза өмір сүреді. Біз Киелі Рухтың арқасында жаңа өмірге ие болғандай, Оның жетекшілігімен өмір сүре берейік.
Ғалаттықт. хат 5:21–25
Өйткені Құдайдың бүкіл адамзатқа құтқарылуды ұсынатын рақымы анық білінді. Ол бізді Оған ұнамсыз қылықтар мен күнәкар дүниелік құмарлықтардан бас тартып, қазіргі заманда байыпты, әділ және Құдайға ұнамды өмір сүруге бағыттайды. Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады. Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Титке 2:11–14
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2024 ж. 23 жел.
Ишая 27:5
2024 ж. 22 жел.
Салониқал. 1-хат 1:3
2024 ж. 21 жел.
Ишая 60:20
2024 ж. 20 жел.
Ефестікт. хат 1:4
2024 ж. 19 жел.
Забур жырлары 112:4
2024 ж. 18 жел.
Еврейлерге 4:16
2024 ж. 17 жел.
Забур жырлары 80:18

Киелі Рух
Тілдерде сөйлеу Киелі Рухтың жалғыз белгісі ме? Оның библиялық контекстін және шектеулі оқиғаларын ашыңыз.
Қайғы
Мәсіхшілер неліктен азап шегетінін, бастапқы күнәдан бастап Құдайдың түзетуіне дейін біліңіз. Әйүп пен…
Құдайдың Егемендігі
Құдай жүрегімізде бірінші орында болуды талап етеді, ешқандай бәсекелестікке жол бермейді. Адам мен…
Махаббат
Ескі Өсиеттен махаббаттың үш түрін зерттеңіз: әкенің құрбандық махаббаты, күйеуінің адалдығы және өзін-өзі…
Күнә
Дәуіттің күнәсі мен Құдайдың адалдығын зерттеңіз, Саулдың үмітсіздігін сенушінің Құдайдың жарығында жүру…
Сенім
Сенімсіз Құдайға ұнау мүмкін емес. Бұл мақала сенімсіздіктің неліктен күнә екенін түсіндіреді және Құдайдың…