Бұл үміт алдамшы қиял емес, өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті.
Римдіктерге 5:5
Күнделікті Жарық

Бұл үміт алдамшы қиял емес, өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті.
Римдіктерге 5:5
Сонда патшалар кіндік әкелерің болып, ханымдары күтуші әйелдеріңе айналады. Олар саған жерге дейін иіліп тағзым етіп, аяғыңа жабысқан шаңды сүртіп құлдық ұрады. Осылай сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. Маған үміт артқандар ұятқа қалмайды!»
Ишая 49:23
Ал Жаратқан Иеге сенімін артатын, бар үмітін Оған жүктейтін адам бақытты!
Еремия 17:7
Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман. Жаратқан Иеге сеніңдер әрқашан, Құдай жартастай берік, мәңгі қорған.
Ишая 26:3–4
Өмір бойы бір Сені мадақтаймын, Атыңды атап қолымды жаямын. Өйткені жіліктің майлы басынан Гөрі Өзіңнен мол ләззат табамын, Шаттық үнмен Саған мақтау айтамын.
Забур жырлары 62:5–6
Сондықтан Құдай да Өзінің уәдесін иемденетіндерге алға қойған мақсатының мызғымас екенін өте айқын көрсеткісі келгенде, айтқандарын антпен бекітті. Осылайша біз бұл екі мызғымас негізге (Құдайдың уәдесі мен антына) сүйеніп, олардан зор күш-жігер аламыз. Себебі Құдайдың өтірік айтуы еш мүмкін емес қой. Бізге ұсынылған осы үміттен күдер үзбей, Одан пана таптық. Бұл үмітіміз — берік зәкір сияқты жанымыздың сенімді сүйеніші; ол көктегі киелі үйдің ішіндегі «шымылдықтың арт жағында» Құдайдың Өзімен бекітілген. Сол жерге Исаның Өзі кіріп, осы арқылы бізге де сонда кіруге жол ашты. Себебі Иса — Мәліксадық сияқты тағайындалған мәңгілік Бас діни қызметкеріміз.
Еврейлерге 6:17–20
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 22 қаң.
Забур жырлары 48:14
2025 ж. 21 қаң.
Жохан 15:2
2025 ж. 20 қаң.
Ишая 9:6
2025 ж. 19 қаң.
Елшіл. істері 20:19
2025 ж. 18 қаң.
Римдіктерге 5:14
2025 ж. 17 қаң.
Ишая 38:17
2025 ж. 16 қаң.
Қолостықт. хат 1:19

Шәкірттік
Мәсіхшілер Исамен бірге өткізген уақыттарын көрсететін өмір сүруі керек. Күшті куәлікті сақтау үшін дүниелік…
Махаббат
Бұл мақала агапені немесе «бас махаббатын» Құдай бізді сүйгендей, сөзсіз сүю таңдауы ретінде зерттейді.
Киелі Рух
Тілдерде сөйлеу Киелі Рухтың жалғыз белгісі ме? Оның библиялық контекстін және шектеулі оқиғаларын ашыңыз.
Ізгі хабар тарату
Мәсіхтің елшісі болу нені білдіретінін біліңіз. Өзіңіздің аспандағы дәрежеңіз, миссияңыз және осы әлемде…

Шәкірттік
Мәсіхшілер Исамен бірге өткізген уақыттарын көрсететін өмір сүруі керек. Күшті куәлікті сақтау үшін дүниелік…

Махаббат
Бұл мақала агапені немесе «бас махаббатын» Құдай бізді сүйгендей, сөзсіз сүю таңдауы ретінде зерттейді.
Шәкірттік
Иса шәкірттіктің үлкен шығынмен келетінін үйретті. Эфиопиялық христианның қудалау туралы әңгімесі Мәсіх үшін…
Күнә
Жүректің және оның рухани ауруы ретіндегі күнәнің Киелі кітаптағы мағынасын зерттеңіз. Құдайдың көзқарасын…

Киелі Рух
Тілдерде сөйлеу Киелі Рухтың жалғыз белгісі ме? Оның библиялық контекстін және шектеулі оқиғаларын ашыңыз.