Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.
Жохан 3:16
Күнделікті Жарық

Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.
Жохан 3:16
Сондықтан да, бауырластарым, мен сендерге келіп, Құдайдың шынайы хабарын уағыздаған кезде шешен сөздер және дана пікірлер қолданған жоқпын. Сендерге Иса Мәсіх пен Оның айқыштағы құрбандық өлімінен басқа нәрселер туралы айтпауға шешім қабылдаған едім. Араларыңда күш-қуатсыз, дірілдеп, қатты жүрексініп тұрып жаттым. Сөз сөйлеп, уағыз айтқанда адамды сендірерліктей данышпан пікірлерге емес, Құдайдың Рухы мен құдіретінің айқын көрінуіне сүйендім. Ондағы мақсатым — сенімдеріңнің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіретінің болуы. Дегенмен, біз рухани жетілгендерге даналық туралы хабарды уағыздай береміз. Ал бұл даналық осы күнәкар дүниенікі емес, сондай-ақ, осы дүниелік билеушілердікі де емес; солар — болашақта құрып кететіндер. Керісінше, жариялап жүргеніміз — Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз үшін әлемді жаратпастан бұрын-ақ белгілеп қойған болатын. Бұны осы дүниелік билеушілердің біреуі де ұққан емес; ұққан болса, олар Ұлылықтың Иесін айқышқа шегелетіп өлтіртпес еді. Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар. Себебі адамның ішкі құпия-сырларын оның өз рухынан басқа бірде-бір адам біле ме? Сол сияқты, Құдайдың терең ой-мақсаттарын да Оның Киелі Рухынан басқа ешкім білмейді. Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз. Солар туралы біз адамзаттың даналығынан емес, Киелі Рухтан үйренген сөздермен уағыздап, Оған мойынсұнғандарға рухани шындықты түсіндіреміз. Өз еркімен жүретін адам Құдайдың Рухынан келгенді қабылдамайды, соны түсіне алмай, ақымақтық деп санайды. Себебі оны Киелі Рухтың тұрғысынан бағалау керек. Ал Құдайдың Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады, бірақ басқалар ондай адамға баға бере алмайды. Өйткені «Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, кеңесшісі болып бағыт берді Оған?» (деп жазылған). Ал бізде Мәсіхтің ой-ниеті бар.
Қорынттықт. 2-хат 5:18–21
Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес. Құдай жіберген Жақия есімді адам болды. Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын.
Жохан 1 4:8–11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 27 ақп.
Римдіктерге 6:11
2025 ж. 26 ақп.
Жоқтау 3:40
2025 ж. 25 ақп.
Жақып 4:7
2025 ж. 24 ақп.
Езекиел 36:37
2025 ж. 23 ақп.
Еврейлерге 12:24
2025 ж. 22 ақп.
Забур жырлары 25:12
2025 ж. 21 ақп.
Леуіліктер 20:8

Құтқарылу
Иса Мәсіхтің айқышта өз еркімен өлгенінің терең себептерін ашыңыз. Оның құрбандығы сіздің күнәларыңызды қалай…
Құтқарылу
Өзіне қол жұмсауға шақ қалған жас әйел уағызшының мейірімділігі мен ақ раушан гүлі арқылы үміт пен…
Құтқарылу
Күнә туралы Құдайдың үкімі, Мәсіх арқылы Оның қамтамасыз етуі және құтқарылу мүмкіндігіңіз туралы бес маңызды…
Құдайдың сүюі
Иса Мәсіх арқылы көрсетілген Құдайдың сізге деген кемел, шексіз сүйіспеншілігін ашыңыз. Мәңгілік өмірге ие…
Иса Мәсіх
Иеміз Иса Мәсіх – адамзат тарихы білген ең ұлы ұстаз. Ол бізге Құдай туралы шындықты және адам тағдыры туралы…

Құтқарылу
Иса Мәсіхтің айқышта өз еркімен өлгенінің терең себептерін ашыңыз. Оның құрбандығы сіздің күнәларыңызды қалай…

Құтқарылу
Өзіне қол жұмсауға шақ қалған жас әйел уағызшының мейірімділігі мен ақ раушан гүлі арқылы үміт пен…

Құтқарылу
Күнә туралы Құдайдың үкімі, Мәсіх арқылы Оның қамтамасыз етуі және құтқарылу мүмкіндігіңіз туралы бес маңызды…

Құдайдың сүюі
Иса Мәсіх арқылы көрсетілген Құдайдың сізге деген кемел, шексіз сүйіспеншілігін ашыңыз. Мәңгілік өмірге ие…
Мораль
Христиандар үшін татуировкалар туралы Киелі кітаптың нұсқауларын зерттеңіз. Құдайды құрметтеуді, басқаларды…