Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Күнтізбелер
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Күнтізбелер
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
Күнтізбелер

2025 ж. 22 наурыз, сенбі

Күнделікті Жарық

2025 ж. 22 нау.

Лут айналасына көз тастап, бүкіл Иордан өзені аңғарының Сиғорға дейін сулы жер екенін көрді. Себебі бұрын сол жердің суы мол болып, Жаратқан Иенің пейіш бағына және Ніл бойындағы Мысыр еліне ұқсайтын. Бұл Жаратқан Ие Содом мен Ғомора қалаларын құртпай тұрғандағы кез еді. Сонымен Лут өзіне шығыста орналасқан бүкіл Иордан алқабын таңдап алып, (үй іші, отар-табындарымен) сол жаққа қарай көшті. Осылайша екі туысқан бір-бірінен бөлініп кетті.

Жаратылыстың баст. 13:10–11

Жаңа туған сәбидің сүтке шөліркегеніндей, әрдайым Құдай сөзінің «таза сүтіне» құштар болыңдар. Содан нәр алғанда рухани өсіп, күнәнің құлдығынан толығырақ құтқарыла аласыңдар. Себебі «Иеміздің қандай ізгі екенін» өздерің біліп алдыңдар. Иеміз Мәсіх — адамдар «менсінбей бас тартқан», бірақ Құдай бағалы деп таңдаған «тірі Тас» іспетті. Оған келген сендер де рухани үйге (яғни қауымға) қаланған тірі тастар сияқтысыңдар. Сендер Иса Мәсіхке бола Құдайға ұнамды рухани сый-тартулар ұсынып, Оған бағышталған қасиетті қызмет атқарудасыңдар. Себебі Киелі жазбада Құдайдың мына сөзі де бар: «Міне, Мен аса құнды «Тасты» таңдап алдым, Оны Сиондағы үйімнің бұрышының Іргетасы ретінде орнатып қоямын. Енді Оған сенімін артқан әркім Ұятқа қалмайтын болады әрдайым». Сенетін сендер үшін осы «Тас» (Иса Мәсіх) ерекше қымбат. Ал сенбейтіндерге байланысты мынадай сөздер жазылған: «Құрылысшылар менсінбеген «Тас» енді үйдің басты іргетасына айналды!» Ол «адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты».

Петір 2 2:7–8

Алданбаңдар: Құдай адамның Оны елемей, өз бетімен жүруіне жол бермейді. «Адам не ексе, соны орады» дейді.

Ғалаттықт. хат 6:7

Луттың әйелімен болған жайтты естеріңе түсіріңдер!

Лұқа 17:32

Сондықтан да, бауырластарым, мен сендерге келіп, Құдайдың шынайы хабарын уағыздаған кезде шешен сөздер және дана пікірлер қолданған жоқпын. Сендерге Иса Мәсіх пен Оның айқыштағы құрбандық өлімінен басқа нәрселер туралы айтпауға шешім қабылдаған едім. Араларыңда күш-қуатсыз, дірілдеп, қатты жүрексініп тұрып жаттым. Сөз сөйлеп, уағыз айтқанда адамды сендірерліктей данышпан пікірлерге емес, Құдайдың Рухы мен құдіретінің айқын көрінуіне сүйендім. Ондағы мақсатым — сенімдеріңнің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіретінің болуы. Дегенмен, біз рухани жетілгендерге даналық туралы хабарды уағыздай береміз. Ал бұл даналық осы күнәкар дүниенікі емес, сондай-ақ, осы дүниелік билеушілердікі де емес; солар — болашақта құрып кететіндер. Керісінше, жариялап жүргеніміз — Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз үшін әлемді жаратпастан бұрын-ақ белгілеп қойған болатын. Бұны осы дүниелік билеушілердің біреуі де ұққан емес; ұққан болса, олар Ұлылықтың Иесін айқышқа шегелетіп өлтіртпес еді. Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар. Себебі адамның ішкі құпия-сырларын оның өз рухынан басқа бірде-бір адам біле ме? Сол сияқты, Құдайдың терең ой-мақсаттарын да Оның Киелі Рухынан басқа ешкім білмейді. Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз. Солар туралы біз адамзаттың даналығынан емес, Киелі Рухтан үйренген сөздермен уағыздап, Оған мойынсұнғандарға рухани шындықты түсіндіреміз. Өз еркімен жүретін адам Құдайдың Рухынан келгенді қабылдамайды, соны түсіне алмай, ақымақтық деп санайды. Себебі оны Киелі Рухтың тұрғысынан бағалау керек. Ал Құдайдың Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады, бірақ басқалар ондай адамға баға бере алмайды. Өйткені «Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, кеңесшісі болып бағыт берді Оған?» (деп жазылған). Ал бізде Мәсіхтің ой-ниеті бар.

Қорынттықт. 2-хат 6:14

Қорынттықт. 2-хат 6:17

Сондықтан олардың іс-әрекеттеріне сыбайлас болмаңдар! Бұрын сендер түнек болдыңдар, ал енді Иемізбен байланысып, «нұрсыңдар»: ендеше «нұрдың адамдары» болып әрекет етіңдер!

Ефестікт. хат 5:7–8

Құдай Иеге не ұнайтынын біліп алып, түнектегі адамдардың бекер істеріне араласпаңдар, қайта, оларды әшкерелеңдер!

Ефестікт. хат 5:10–11

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

  • 2025 ж. 21 нау.

    Аян 3:2 · Петір 1 4:7

    Аян 3:2

  • 2025 ж. 20 нау.

    Забур жырлары 119:130 · Жохан 1 1:5

    Забур жырлары 119:130

  • 2025 ж. 19 нау.

    Елшіл. істері 3:26 · Петір 1 1:3

    Елшіл. істері 3:26

  • 2025 ж. 18 нау.

    Ишая 38:14 · Забур жырлары 6:1–10

    Ишая 38:14

  • 2025 ж. 17 нау.

    Леуіліктер 1:4 · Петір 1 1:18–19

    Леуіліктер 1:4

  • 2025 ж. 16 нау.

    Жақып 4:14 · Әйүп 9:25–26

    Жақып 4:14

  • 2025 ж. 15 нау.

    Еврейлерге 2:10 · Матай 26:38–39

    Еврейлерге 2:10

Ұқсас мақалалар

  • Жыныстық тазалық

    Құдайдың Содом мен гомосексуализмге қатысты үкімін түсіну

    Құдай жыныстық қатынастарды неке үшін жасады. Содомның үлгісі Құдайдың гомосексуализмге қатысты үкімін…

    2025 ж. 9 ақп.·Том Стир
  • Сенім

    Калебтің отбасылық мұрасы: сенім, неке және мұра

    Калеб, Отниэл және Ахса арқылы сенім мұрасын зерттеңіз. Құдайдың күшімен өмірдегі алыптармен бетпе-бет келуді…

    2026 ж. 28 шіл.
  • Рухани өсу

    Рухани көру қабілетін дамыту: Сенім және бұлыңғыр көру

    Физикалық көру қабілеті бұлыңғырлануы мүмкін, бірақ рухани көру жасы ұлғайған сайын айқынырақ болуы керек…

    2026 ж. 27 нау.
  • Иса Мәсіх

    Иса Мәсіх туралы шынайы шындық / 2-бөлім

    Иеміз Иса Мәсіх – адамзат тарихы білген ең ұлы ұстаз. Ол бізге Құдай туралы шындықты және адам тағдыры туралы…

    2023 ж. 23 қар.·Рафик
  • Пайғамбарлық

    Ишая 53-те Мәсіхтің азаптары мен жоғарылауы алдын ала айтылған

    Ишая 53 Мәсіхтің азаптары мен кейінгі жоғарылауын алдын ала айтады. Оның қорлануын, қабылданбауын және өтеу…

    2022 ж. 1 қар.·Эрни Браун
  • Исаның кереметтері

    Иса Мәсіхтің ұлы істері мен әрекеттерін түсіну

    Иса Мәсіхтің ұлы істері мен әрекеттерін, соның ішінде дауылды тыныштандыруды, емдеуді және өлілерді тірілтуді…

    2025 ж. 3 шіл.