Ол Жаратқан Иеге сиынып былай деді:
— Уа, Ием, мен осылай болатынын елімде жүргенде-ақ айтпап па едім? Сондықтан да тездетіп Тарсиске қарай қаштым. Сенің рақымды да мейірбанды Құдай екеніңді білгенмін: Сен тез қаһарлана қоймайтын төзімдісің, берік сүйіспеншілігің шексіз зор. Пәле жіберемін деген райыңнан қайтуға да дайынсың.
Жүніс 4:2
Сондықтан да, уа, Ием, Сенің зор құдіретің көріне түссін! Өзің сол туралы былай деп едің ғой:
«Жаратқан Ие тез қаһарланбайды,
Ол сондай сенімді де қайырымды,
Көтеріліс пен теріс қылықтарды
Тіпті кешіруге дайын тұрады!
Ал қасарысқанды жазасыз қалдырмайды,
Ол аталарының кінәлары үшін
Жазалайды балалары мен немерелерін,
Тіпті шөберелері мен шөпшектерін».
Руларды санау 14:17-18
Уа, Әлемнің Иесі — Құдай Тағала,
Бізді қайтара гөр өз тура жолыңа,
Бет нұрыңды төксең бізге тағы да,
Құтқарылатын боламыз осылайша.
Бізді Мысырдан жүзім бұтасындай әкелдің,
Басқа ұлттарды елден қуып шығардың,
Солардың орнына бізді отырғыздың.
Забур жырлары 79:8-9
— Күнәларымыздың көптігі бізге қарсы айғақ болса да, уа, Жаратқан Ие, өз есіміңнің даңқы үшін бізді құтқара көрші! Опасыздығымыз шегінен шыққан, Сенің көз алдыңда күнәға баттық.
Еремия 14:7
Өз күнәларымызды, ата-бабаларымыздың зұлымдығын мойындаймыз, уа, Жаратқан Ие! Біз шынында да Сенің алдыңда күнә жасадық.
Еремия 14:20
О, Исраил халқы, бұдан былай мәңгіге
Шын жүректен сеніңдер Жаратқан Иеге!
Забур жырлары 130:3-4