Көктегі Құдайға жүрегімізді ашайық, Оған сиынып қолымызды жаяйық:
Жоқтау 3:41
Күнделікті Жарық
Көктегі Құдайға жүрегімізді ашайық, Оған сиынып қолымызды жаяйық:
Жоқтау 3:41
Уа, теңіз, сен неге қаша жөнелдің? Уа, Иордан, сен неге кері бұрылдың? Таулар, қошқардай неге секірдіңдер? Төбелер, қозыдай неге секектедіңдер?
Забур жырлары 113:5-6
(Дәуіттің жыры.) Төрелік айтып мені ақташы Өзің, Уа, Жаратқан Ием, адал жүріп келемін, Саған сенім артып еш күдіктенбеймін.
Забур жырлары 25:1
Найзағай жарқылдатып, жауды шашыратшы, Жебелер атқылап оларды қиратшы, Қолыңды көктен созып мені құтқаршы, Топан судай мол жат жұрттан азат қылшы, Өтірікке лық толған өз ауыздары, Алдамшы да олардың берген анттары.
Забур жырлары 143:6-8
Зұлымның астыртын әрекетінен Қорғап әрі залымның бүлігінен. Тілдерін олар семсердей өткірлеген, Көздеп тұр жебедей өткір сөздерімен.
Забур жырлары 63:3-4
Өзімді танып білетіндер арасынан Мысыр мен Бабыл елдерін атаймын, Сондай-ақ філістір, Тир, Құш тұрғындарын: «Бұлар — Сионда туғандар» деп санаймын. Жұрт былай демек Сион қаласы жайында: «Осындай да осындай ер туған мұнда, Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала».
Забур жырлары 86:4-5
Менің атымнан Әкемнен не сұрасаңдар да, орындаймын, сонда Әкенің ұлылығы Өзінің рухани Ұлы арқылы көрінеді.
Жохан 14:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 5 қыр.
1 Corinthians 12:12
2025 ж. 4 қыр.
Ruth 3:18
2025 ж. 3 қыр.
Exodus 13:7
2025 ж. 2 қыр.
Psalms 27:14
2025 ж. 1 қыр.
Galatians 5:22-23
2025 ж. 31 там.
Romans 5:16
2025 ж. 30 там.
Esther 5:2