(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Уа, Құдай, мадақтап келемін Сені, Тіл қатпай, үнсіз қала көрме енді.
Забур жырлары 108:1
Күнделікті Жарық
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Уа, Құдай, мадақтап келемін Сені, Тіл қатпай, үнсіз қала көрме енді.
Забур жырлары 108:1
(Дәуіттің жыры.) Саған сиынамын, уа, Жаратқан Ием, Жартастай берік қорғанымсың Сен, Бас тарта көрме маған жауап беруден. Егер де тіл қатып жауап бермесең, Қабірге түскендерге ұқсаймын мен.
Забур жырлары 27:1
Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман.
Ишая 26:3
Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар, Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар. Оларды әміршілермен бірге отырғызар, Халқының көсемдерімен жайғастырар.
Забур жырлары 112:7-8
Сиынып тұрамын Алла Тағалаға, Маған игілік жасаушы Құдайға.
Забур жырлары 56:3
Иеміздің істерін олар елемейді, Оның жаратқандарын құрметтемейді, Сондықтан Ол соларды талқандайды, Енді қайтып оларды көтермейді. Жаратқан Ие мақталсын әрқашан! Құлақ асты Ол даусыма жалынған.
Забур жырлары 27:5-6
Құдай Өзіне сенуші сендерді құдіретті күшімен қорғап, заманның ақырында осы күнәкар дүниеден құтқаратын болады, сол кез жеткенде бұл айқын көрінбек. Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар! Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Мәсіхтің қайта оралып, ашық көрінетін күні Құдай сендерді мақтап, даңқ пен құрметке бөлемек. Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да, Оны сүйесіңдер. Қазір де көре алмағанмен, Оған сенесіңдер. Сондықтан сендер сөзбен суреттеуге болмайтын ұлы да керемет қуанышпен шаттанып тұрсыңдар. Ақыр соңында сенімдеріңнің нәтижесін: жандарыңның толықтай құтқарылуын қабылдамақсыңдар. Құдайдың сендерге беретін рақымы туралы алдын ала айтқан пайғамбарлар кезінде осы құтқарылу жайында мұқият ізденіп, зерттейтін.
Петірдің 1-хаты 1:5-10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 21 қаз.
John 1:16
2025 ж. 20 қаз.
Romans 7:22
2025 ж. 19 қаз.
Proverbs 3:26
2025 ж. 18 қаз.
John 19:34
2025 ж. 17 қаз.
Psalms 89:16
2025 ж. 16 қаз.
Romans 12:11
2025 ж. 15 қаз.
Psalms 59:9