2025 ж. 17 қазан, жұма

Күнделікті Жарық

2025 ж. 17 қаз.

Лайым пенделеріңе, уа, Иеміз, Керемет істеріңді көрсете гөр, Біздің ұрпақтарымызға да әр кез Шексіз ұлылығыңды паш ете гөр.

Забур жырлары 89:16

«Әділдік пен құдірет тек Жаратқан Иеде!» деп мойындайтын болады». Жаратқан Иеге ашуланғандардың бәрі Оның алдына келіп, өкініп ұялады. Сонда Жаратқан Ие Исраилдің бүкіл үрім-бұтағын ақтап, олар Оны мақтан тұтатын болады.

Ишая 45:24-25

Жаратқанның жоспары мәңгі берік тұрады, Бар ұрпақтарға ниеті нық сақталады.

Забур жырлары 32:11

Ал енді Құдайдың адамдарды ақтау жолы көрсетілді. Бұл жолға заңды ұстанудың қатысы жоқ. Ол туралы Таурат пен Пайғамбарлар жазбалары білдірген еді. Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрін де Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы ақтайды. Себебі бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ:

Римдіктерге хат 3:21-22

Ал қазіргі заманда Ол Өзінің әділдігін осылай дәлелдейді: Құдай әділ, Ол Исаға сенуші әркімді ақтап алады.

Римдіктерге хат 3:26

Әрдайым Иемізбен байланыстарыңа қуаныңдар! Тағы да айтамын: қуаныңдар!

Філіпілікт. хат 4:4

Иса Мәсіхтің елшісі Петірден (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік болып, Понти, Ғалатия, Қападоқия, Азия және Бітүния аймақтарында шашыраған (сенушілерге дұғай сәлем). Құдай Әке сендерді алдын ала танып, Өзінің Киелі Рухымен Иса Мәсіхке мойынсұнатын, Оның құрбандық өлімінде төгілген қаны арқылы тазарған, меншікті де қасиетті халқы болуға таңдап алған еді. Рақым, амандық және тыныштық сендерге молынан жауа берсін! Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі — Құдай мадақталсын! Ол бізге зор мейірім көрсетіп, рухани қайта туғызып жаңа өмір сыйлады және Иса Мәсіхті өлімнен қайта тірілтуімен бізді тірі үмітке кенелтті. Сондықтан да Құдайдың өз халқына сақтаған мол игілігін иемденуімізді күтеміз. Ешқашан шіріп бұзылмайтын, өшіп-солып қалмайтын сол мұраларың сендер үшін көкте дайын тұр. Құдай Өзіне сенуші сендерді құдіретті күшімен қорғап, заманның ақырында осы күнәкар дүниеден құтқаратын болады, сол кез жеткенде бұл айқын көрінбек. Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар! Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Мәсіхтің қайта оралып, ашық көрінетін күні Құдай сендерді мақтап, даңқ пен құрметке бөлемек. Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да, Оны сүйесіңдер. Қазір де көре алмағанмен, Оған сенесіңдер. Сондықтан сендер сөзбен суреттеуге болмайтын ұлы да керемет қуанышпен шаттанып тұрсыңдар.

Петірдің 1-хаты 1:1-8

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер