Күнәнің үстемдігінен босағанда әділдіктің «құлы» болдыңдар.
Римдіктерге хат 6:18
Күнделікті Жарық
Күнәнің үстемдігінен босағанда әділдіктің «құлы» болдыңдар.
Римдіктерге хат 6:18
Ешкім екі қожайынға бірдей қызмет ете алмайды. Өйткені ол біреуін екіншісінен артық көріп, соған бағышталады, ал екіншісіне немкетті қарайтын болады. Сол сияқты, сендер де Құдайға және байлыққа бірдей бағышталып қызмет ете алмайсыңдар!
Матай 6:24
Күнәнің құлы болып жүргенде сендер әділдіктің билігінде болмадыңдар. Сол кездегі өмір салттарыңнан қандай нәтижелер көрдіңдер? Олар қазір өздерің де ұялатын істер еді. Солардың ақыры — мәңгілік өлім! Енді сендер күнәнің үстемдігінен босатылып, Құдайдың қызметіне кірдіңдер. Бұның өнімі — Құдайға бағышталған қасиетті өмір. Ал түпкі нәтижесі — мәңгілік өмір.
Римдіктерге хат 6:20-22
Адамдардың Таурат заңын ұстануға ұмтылысын Мәсіх тоқтатты, енді Оның құрбандық өліміне сенетіндер ақталады.
Римдіктерге хат 10:4
Кім Маған қызмет еткісі келсе, сол Маған ерсін. Мен қайда болсам, қызметшім де сонда болады. Ал Маған қызмет етіп жүрген әркімді Әкем құрметтейді.
Жохан 12:26
Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен, Тыныштық табады сонда көңілдерің. Себебі ыңғайлы — қамытым Менің, Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім».
Матай 11:29-30
О, Жаратқан Ие, өз Құдайымыз, Бізді билеп келді бөгде иелеріміз. Бірақ Сенің атыңды ғана құрметтейміз!
Ишая 26:13
I run in the path of your commandments, for you have set my heart free.
Psalms 119:32
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 24 қар.
Luke 8:21
2025 ж. 23 қар.
Proverbs 1:33
2025 ж. 22 қар.
Jude 20
2025 ж. 21 қар.
John 6:37
2025 ж. 20 қар.
Micah 7:8
2025 ж. 19 қар.
Matthew 7:20
2025 ж. 18 қар.
Isaiah 27:8