Бұдан былай ешкім сені «күйеуі тастап кеткен» деп атамайды, жеріңді «ойсырап қалған» деп те айтпайды. Қайта, сені «Қуанышым» және жеріңді «Келіншек» деп атайтын болады. Себебі Жаратқан Ие саған қатты қуанады. Күйеуінің келіншегін қамқорлайтынындай, Жаратушы да сенің жеріңді қамқорлайтын болады.
Ишая 62:4
Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің!
Ишая 43:1
— Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де Мен сені ешқашан ұмытпаймын, Иерусалим! Есіміңді алақаныма ойып жазып алдым, қамалдарың әрдайым көз алдымда!
Ишая 49:15-16
Асыға гөр маған көмек беруге,
Құтқарушым менің, уа, Жаратқан Ие.
Забур жырлары 37:23
Жаратқанның әлемінде көңілдендім,
Адамзатқа да шат-шадыман болдым».
Нақыл сөздер 8:31
Yahweh takes pleasure in those who fear him,
in those who hope in his loving kindness.
Psalms 147:11
«Мен сот жүргізетін күні олар Менің өз халқым әрі ерекше құнды меншігім болады, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. — Әке өзінің адал қызмет етіп келген ұлына мейірім көрсететініндей, Мен де оларға мейірім көрсетемін!
Малахи 3:17
Ал сендер бұрын жаман ой-пікірлерге салынып, зұлым іс-әрекет жасап, Құдайға жат әрі қас болдыңдар. Алайда Ол сендерді Мәсіхтің тәндік өлімі арқылы Өзімен татуластырды. Бұны сендерді алдына әкелген кезде Өзіне бағышталған кінәратсыз, айып тақпайтындай таза болуларың үшін жасады.
Қолостықт. хат 1:21-22