Темір, қоладан болсын қақпа ысырмаларың, Берік тұрсын бекінген қалаларың, Көрер күндеріңе сай молайсын қуатың!»
Заңды қайталау 33:25
Күнделікті Жарық
Темір, қоладан болсын қақпа ысырмаларың, Берік тұрсын бекінген қалаларың, Көрер күндеріңе сай молайсын қуатың!»
Заңды қайталау 33:25
Адамдар сендерді сотқа апарып, ұстап бергенде, не айтатындарыңды ойлап уайымдамаңдар! Сол сәтте ауыздарыңа салынған сөздерді айтыңдар! Осылай өздерің емес, сендер арқылы Киелі Рух сөйлейтін болады.
Марқа 13:11
Сонымен, ертеңгі күн туралы уайымға салынбаңдар! Ертеңгі күннің өз уайымдары болады. Әр күннің қиыншылығы өзіне жетерлік.
Матай 6:34
Мадақтаңдар Иемізді, аспан мен жер, Теңіз бен ондағы күллі жәндіктер,
Забур жырлары 68:35
Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды.
Ишая 40:29
Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.
Філіпілікт. хат 4:13
Жауларды шайып ағызып Қишон жылғасы Әкетті: ежелден бар бұл Қишон жылғасы. Алға басып, қабылдайық күш-қуатты!
Билер 5:21
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2026 ж. 27 қаң.
1 John 3:5
2026 ж. 26 қаң.
Hebrews 13:13-14
2026 ж. 25 қаң.
Romans 3:22
2026 ж. 24 қаң.
Philippians 4:5
2026 ж. 23 қаң.
Romans 5:5
2026 ж. 22 қаң.
Psalms 48:14
2026 ж. 21 қаң.
John 15:2