2026 ж. 2 ақпан, дүйсенбі

Күнделікті Жарық

2026 ж. 2 ақп.

Адам (ата), Сет, Енос, Қайнан, Мақалалел, Иәрет, Енох, Мәтусал, Ләмех, Нұх. Нұхтың ұлдары: Шам, Хам, Япші. Япшіден Гомер, Магог, Мадай, Яуан, Тұбал, Мешех, Тирас тарады. Гомерден Ашкеназ, Рифат, Тоғарма тарады. Яуанның ұлдары: Елиша, Тарсис, Кіттим, Доданим тарады. Хамның ұрпақтары: Құш, Мысыр, Пұт, Қанахан. Құштың ұрпақтары: Себа, Хауила, Сабтах, Рахама, Саптеха. Рахаманың ұрпақтары: Сәба, Дедан. Құштан Нымрод та тарады. Ол жер бетіндегі күшті әміршіге айналды. Мысырдан луд, анам, лехап, нафтух, патрус, қаслух, қаптор атты халықтар тарады. Осылардан філістірлер шықты. Қанаханның тұңғыш ұлы Сидон еді. Содан кейін Қанаханнан хеттік, ебустік, аморлық, гергестік, хевтік, арқалық, синдік, аруадтық, семарлық, хаматтық атты халықтар да тарады. Шамнан Елам, Ассур, Арпақсат, Луд, Арама тарады. Арамадан Ус, Хұл, Гетер, Мешех, Арпақсаттан Шелах, ал Шелахтан Ебер тарады. Еберден екі ұл туды. Тұңғышының есімі Пелек («Бөліну») болды, өйткені оның заманында жер беті бөлінді. Ал кенжесінің есімі Жоқтан еді. Жоқтаннан Алмодат, Шалеф, Хасармаует, Жерах, Хадорам, Узал, Диқла, Обал, Әбімаил, Сәба, Опыр, Хауила және Жобаб тарады. Бұлардың бәрі Жоқтанның ұрпақтары. (Мынау Ыбырайым пайғамбардың ата-тегі:) Шам, Арпақсат, Шелах, Ебер, Пелек, Рәгу, Серук, Нахор, Тарах, Ыбырам. Ол кейін Ыбырайым деп аталды. Ыбырайымның ұлдары: Ысқақ, Ысмағұл. (Ажардан туған) Ысмағұлдың үрім-бұтағының тарихы мынау: тұңғышы Набайот, одан кейін Қидар, Адбел, Мипсам, Мишма, Дума, Масса, Хадад, Тема, Етур, Нафиш, Кедмах туды. Бұлардың бәрі Ысмағұлдан тарады. Ыбырайымның кәнизагы Кетурадан көрген ұлдары: Зимран, Жоқшан, Медан, Мадиян, Ишбақ, Шуах. Жоқшанның ұлдары: Сәба, Дедан. Мадиянның ұлдары: Ефа, Ефер, Ханох, Абида, Елдаға. Бұлардың барлығы да Ыбырайымның Кетурадан көрген ұрпақтары болатын. Ыбырайымның Сарадан көрген ұлы — Ысқақ. Ысқақтың ұлдары: Есау, Исраил (Жақып). Есаудың (Едомның) ұлдары: Елипаз, Рәгуел, Егуш, Яғлом, Қорах. Елипаздың ұлдары: Теман, Омар, Сефо, Ғатам, Кеназ. Елипаз Тимнадан Амалек есімді ұл көрді. Рәгуелдің ұлдары: Нахат, Зарах, Шаммах, Миза. Сейірдің ұлдары: Лотан, Шобал, Сибеон, Анах, Дишон, Езер, Дишан. Лотанның ұлдары: Хори, Хемам. Тимна Лотанның қарындасы болатын. Шобалдың ұлдары: Албан, Манахат, Ебал, Шебо, Онам. Сибеонның ұлдары: Аях, Анах. Анахтың ұлы: Дишон. Дишонның ұлдары: Хемдан, Ешбан, Итран, Керан. Езердің ұлдары: Билхан, Зағауан, Яқан. Дишанның ұлдары: Ус, Аран. Исраил халқын билейтін патша шықпай тұрғанда Едом елінде билік құрған патшалардың аты-жөндері мыналар: Беғор ұлы Бела, оның тұрған қаласының аты Дінхаба еді. Бела қайтыс болды, оның орнына Босорадағы Зарах ұлы Жобаб патшалық құрды. Жобаб қайтыс болды, оның орнына темандықтардың елінен келген Хушам патшалық құрды. Хушам қайтыс болды, оның орнына Бедад ұлы Хадад патшалық құрды. Ол мадияндықтарды Моаб жерінде жеңіп шықты. Хададтың тұрған қаласының аты Ауит болатын. Хадад қайтыс болды, оның орнына Масректен келген Самла патшалық құрды. Самла қайтыс болды, оның орнына Евфрат өзенінің бойында орналасқан Рехоботтан келген Саул патшалық құрды. Саул қайтыс болды, оның орнына Ахбор ұлы Бағал-Ханан патшалық құрды. Бағал-Ханан қайтыс болды, оның орнына Хадад патшалық құрды. Оның тұрған қаласының аты Пау еді. Әйелі Мехетабелдің шешесі Матред, ал нағашы әжесі Месахаб болатын. Кейін Хадад та қайтыс болды. Едомның рубасылары: Тимна, Алуа, Етет, Охолибама, Ела, Пинон, Кеназ, Теман, Мипсар, Магдиел, Ирам. Едом халқының рубасылары осылар еді.

Шежірелер 1-ж. 1

Сонда оларға: «Неге ұйықтап жатырсыңдар? Азғырылмау үшін орындарыңнан тұрып, сиынып мінажат етіңдер!» — деді.

Лұқа 22:46

Азғырылмау үшін сергек болып, сиынып мінажат етіңдер! Рух дайын болғанмен, тән осал», — деді.

Матай 26:41

Уа, Ием, сұраймын Сенен екі-ақ нәрсе, Көзім жұмылғанша соларды аямашы: Өтірік пен жалғанды менен алшақтатшы, Кедейлік те, байлық та маған бұйырмашы, Тек бере гөр күнделікті нанымды. Себебі байып кетіп, «Жаратқан Ие кім?» Деп ешқашан Сенен бас тартып кетпейін, Жарлы болып, ұрлық жасап та жүрмейін, Сол арқылы киелі атыңа кір келтірмейін.

Нақыл сөздер 30:7-9

Қамалыңның ішінде амандық болсын, Сарайларыңда тыныштық орнасын!»

Забур жырлары 121:7

Сені Өзім зұлымдардың қолынан құтқарып, қатыгез адамдардың шеңгелінен арашалап аламын.

Еремия 15:21

Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес. Құдай жіберген Жақия есімді адам болды. Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын. Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты. Ол бұл дүниеде бар еді, бірақ әлемді жаратқан Сол болса да, адамдар Оны таныған жоқ. Өзі таңдап алған халқына келгенімен, олар Оны қабылдамады. Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды. Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді. Жақия пайғамбар Ол туралы дауыстап куәлік етіп: — Менен кейін Келе Жатқанның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын деген Кісім Осы, — деді. Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз. Құдай ата-бабаларымызға Таурат заңын Мұса пайғамбар арқылы берді, ал рақым мен шындық бізге Иса Мәсіх арқылы жетті. Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты.

Жохан 1:5-18

Сен Менің азаптарда төзімділік таныту туралы бұйрығымды орындап келгендіктен, Мен сені осы дүниенің адамдарын тексеруге арналған, бүкіл жер бетінде болатын азапты сынақ кезінде қорғаймын.

Аян 3:10

Жаңа туған сәбидің сүтке шөліркегеніндей, әрдайым Құдай сөзінің «таза сүтіне» құштар болыңдар. Содан нәр алғанда рухани өсіп, күнәнің құлдығынан толығырақ құтқарыла аласыңдар. Себебі «Иеміздің қандай ізгі екенін» өздерің біліп алдыңдар. Иеміз Мәсіх — адамдар «менсінбей бас тартқан», бірақ Құдай бағалы деп таңдаған «тірі Тас» іспетті. Оған келген сендер де рухани үйге (яғни қауымға) қаланған тірі тастар сияқтысыңдар. Сендер Иса Мәсіхке бола Құдайға ұнамды рухани сый-тартулар ұсынып, Оған бағышталған қасиетті қызмет атқарудасыңдар. Себебі Киелі жазбада Құдайдың мына сөзі де бар: «Міне, Мен аса құнды «Тасты» таңдап алдым, Оны Сиондағы үйімнің бұрышының Іргетасы ретінде орнатып қоямын. Енді Оған сенімін артқан әркім Ұятқа қалмайтын болады әрдайым». Сенетін сендер үшін осы «Тас» (Иса Мәсіх) ерекше қымбат. Ал сенбейтіндерге байланысты мынадай сөздер жазылған: «Құрылысшылар менсінбеген «Тас» енді үйдің басты іргетасына айналды!» Ол «адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты». Олар Мәсіх туралы хабарға мойынсұнбағандықтан «сүрініп, құлап», теріс жолға түсіп кетеді. Олардың ақырының осылай болатыны алдын ала белгілі еді. Ал сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Құдайдың қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар!

Петірдің 1-хаты 2:2-9

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер