The grace of our Lord abounded exceedingly with faith and love which is in Christ Jesus.
1 Timothy 1:14
Күнделікті Жарық
The grace of our Lord abounded exceedingly with faith and love which is in Christ Jesus.
1 Timothy 1:14
Сондықтан да, бауырластарым, мен сендерге келіп, Құдайдың шынайы хабарын уағыздаған кезде шешен сөздер және дана пікірлер қолданған жоқпын. Сендерге Иса Мәсіх пен Оның айқыштағы құрбандық өлімінен басқа нәрселер туралы айтпауға шешім қабылдаған едім. Араларыңда күш-қуатсыз, дірілдеп, қатты жүрексініп тұрып жаттым. Сөз сөйлеп, уағыз айтқанда адамды сендірерліктей данышпан пікірлерге емес, Құдайдың Рухы мен құдіретінің айқын көрінуіне сүйендім. Ондағы мақсатым — сенімдеріңнің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіретінің болуы. Дегенмен, біз рухани жетілгендерге даналық туралы хабарды уағыздай береміз. Ал бұл даналық осы күнәкар дүниенікі емес, сондай-ақ, осы дүниелік билеушілердікі де емес; солар — болашақта құрып кететіндер. Керісінше, жариялап жүргеніміз — Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз үшін әлемді жаратпастан бұрын-ақ белгілеп қойған болатын. Бұны осы дүниелік билеушілердің біреуі де ұққан емес; ұққан болса, олар Ұлылықтың Иесін айқышқа шегелетіп өлтіртпес еді. Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар. Себебі адамның ішкі құпия-сырларын оның өз рухынан басқа бірде-бір адам біле ме? Сол сияқты, Құдайдың терең ой-мақсаттарын да Оның Киелі Рухынан басқа ешкім білмейді. Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз. Солар туралы біз адамзаттың даналығынан емес, Киелі Рухтан үйренген сөздермен уағыздап, Оған мойынсұнғандарға рухани шындықты түсіндіреміз. Өз еркімен жүретін адам Құдайдың Рухынан келгенді қабылдамайды, соны түсіне алмай, ақымақтық деп санайды. Себебі оны Киелі Рухтың тұрғысынан бағалау керек. Ал Құдайдың Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады, бірақ басқалар ондай адамға баға бере алмайды. Өйткені «Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, кеңесшісі болып бағыт берді Оған?» (деп жазылған). Ал бізде Мәсіхтің ой-ниеті бар.
Қорынттықт. 1-хат 2
Ал Таурат заңы болса, күнә туралы түсінігіміздің көбейе түсуі үшін берілді. Бірақ күнә қаншалықты көбейсе, Құдайдың рақымы одан да асып түсті.
Римдіктерге хат 5:20
Осылайша Ол бізге Мәсіх Исаның арқасында мейіріммен қарап, болашақ дәуірлерде Өзінің ағыл-тегіл мол рақымын көрсетпек.
Ефестікт. хат 2:7
Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын.
Ефестікт. хат 2:9
адамдардың Таурат заңын ұстану арқылы емес, тек Иса Мәсіхке деген сенімдерімен ғана Құдай алдында ақталатынын білеміз. Сондықтан біз де Таурат заңын орындаудың арқасында емес, Мәсіхке сенуіміз арқылы ақталу үшін сенімімізді Мәсіх Исаға арттық. Себебі заңды орындаумен ешбір адам ақтала алмайды».
Ғалаттықт. хат 2:16
бізді құтқарды. Ол бізді жасаған әділ істерімізге бола емес, Өзінің мейіріміне бола күнәдан жуып тазартып, Киелі Рухы арқылы рухани қайта туғызып жаңартты. Құдай бізді Өзінің Киелі Рухына Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің арқасында молынан кенелтті.
Титке хат 3:5-6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2026 ж. 5 ақп.
John 10:10
2026 ж. 4 ақп.
Deuteronomy 17:16
2026 ж. 3 ақп.
Haggai 2:4
2026 ж. 2 ақп.
1 Chronicles 4:10
2026 ж. 1 ақп.
1 Peter 1:8
2026 ж. 31 қаң.
Numbers 33:55
2026 ж. 30 қаң.
Hebrews 12:1-2