2026 ж. 7 ақпан, сенбі

Күнделікті Жарық

2026 ж. 7 ақп.

Тамақ ішіп, тойғаннан кейін, осы шұрайлы елді өздеріңе табыстағаны үшін Құдайларың Жаратқан Иені мадақтаңдар! Сондай-ақ абай болып, Құдай Иемізді естеріңнен шығарып, бүгін мен сендерге жеткізіп отырған Оның өсиеттерін, ережелерін және шешімдерін орындамаудан сақтаныңдар!

Заңды қайталау 8:10-11

Солардың біреуі өзінің сауығып кеткенін көрген соң, қатты дауыстап Құдайға мақтау айтып қайтып келді де, Исаның аяғына жығылып, Оған алғысын жаудырды. Ал бұл кісі самариялық болатын! Иса сонда: — Сауыққандар он кісі емес пе еді, тоғызы қайда? Құдайға мақтау айту үшін мына шетелдіктен басқа ешкім қайтып келмеді ме? — деп,

Лұқа 17:15-18

For every creature of God is good, and nothing is to be rejected, if it is received with thanksgiving. For it is sanctified through the word of God and prayer.

1 Timothy 4:4-5

Бір күнді екіншісінен қасиеттірек көретін кісі оны Иеміз үшін істейді, ал күндерді бірдей көретіннің ниеті де солай. Ет жейтін де мұнысын Иемізді құрметтеу үшін істейді, ол жеген тамағы үшін Құдайға шүкірлік етеді ғой. Одан бас тартқан да солай, ол да Құдайға шүкірлік етеді.

Римдіктерге хат 14:6

Жаратқанның жарылқауы адамды бай қылар, Бұл байлыққа Ол қайғы-қасірет қоспас.

Нақыл сөздер 10:22

Жан-тәніммен Жаратушыны мадақтаймын. Уа, Құдай Ием, Сен керемет ұлысың, Құрмет пен салтанатқа бөленгенсің. Жарық нұрды Сен шапандай киесің, Аспанды шатырдай жайып жібересің, Су үстінен «сарайыңды» бекітесің, Бұлттарды Өзің «мінер күймең» етесің, «Желдің қанаттары үстінде» жүресің. Желді етесің періштелеріңдей, От жалынын да өз нөкерлеріңдей.

Забур жырлары 103:1-4

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер