Бүкіл әлем жаратылмай тұрғанда-ақ Ол бар болатын, бәрін аман сақтайтын да — Сол.
Қолостықт. хат 1:17
Күнделікті Жарық
Бүкіл әлем жаратылмай тұрғанда-ақ Ол бар болатын, бәрін аман сақтайтын да — Сол.
Қолостықт. хат 1:17
Лаудікидегі қауымның періштесіне былай деп жаз: Бұл — «Аумин» деп те аталатын Мәсіхтен хабар. Ол — шындықты жариялап, шейіт болған адал да шынайы Куәгер әрі Құдайдың жаратылысының Билеушісі.
Аян 3:14
Мәсіх — сенушілер қауымының, яғни Өзінің рухани денесінің, Басы әрі оның өмірінің Бастауы. Ол — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы да. Сондықтан барлық жағынан да Оның жолы үлкен.
Қолостықт. хат 1:18
«Жаратқан Иенің меншігі болатынмын Ежелгі істерін Ол жасамастан бұрын. Бұл дүние жаралмай тұрып, әуелден Мәңгілікте мен тағайындалғанмын.
Нақыл сөздер 8:22-23
Сонда болдым Ол аспанды орнатқанда, Теңіздің бетінде көкжиекті сызғанда. Жаратушы бұлттарды аспанда орнатқанда, Тереңнен қайнар көздерді нығайтқанда, Теңіз суының ауқымын шектегенде, Өз еркінен тыс тасытпай тежегенде Әрі дүниенің негізін белгілегенде, Оның қасындағы сәулетші мен болғанмын, Күнде Оны қуантып, алдында шаттандым.
Нақыл сөздер 8:27-30
мәңгі Сол болып келемін! Менің қолымнан құтқара алатын ешкім жоқ. Менің істегендерімді кім бұрынғы қалпына келтіре алады?!»
Ишая 43:13
Жер бетінде тұратын (күнәкар) адамзат түгелдей, яғни құрбандыққа шалынған Тоқтының Мәңгілік өмір кітабына әлем жаратылмас бұрын есімдері жазылғандардан басқасының бәрі де, оған құлшылық ететін болады.
Аян 13:8
Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді. Бұдан кейін Ол Құдайдың тағының оң жағындағы құрметті орнына жайғасып отырды.
Еврейлерге хат 12:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2026 ж. 15 там.
Hebrews 13:20-21
2026 ж. 14 там.
Nehemiah 8:10
2026 ж. 13 там.
Hebrews 11:16
2026 ж. 12 там.
Lamentations 3:31-32
2026 ж. 11 там.
Hebrews 2:14
2026 ж. 10 там.
John 17:15
2026 ж. 9 там.
Song of Solomon 4:7