Осылайша Һарон мен оның ұлдары Исраил халқына Менің есімімді атап бата бергенде, Мен Өзім оларды жарылқайтын боламын».
Руларды санау 6:27
Күнделікті нұр
Осылайша Һарон мен оның ұлдары Исраил халқына Менің есімімді атап бата бергенде, Мен Өзім оларды жарылқайтын боламын».
Руларды санау 6:27
О, Жаратқан Ие, өз Құдайымыз, Бізді билеп келді бөгде иелеріміз. Бірақ Сенің атыңды ғана құрметтейміз!
Ишая 26:13
Біз Өзің арнайы билік құрмаған, Сенің атыңмен еш те атамаған Бөтен халықтардай болып кеттік содан! (Сен неге жол беріп келесің бұған?)
Ишая 63:19
Сонда жер бетіндегі күллі халықтар Жаратқан Иенің атымен аталғандарыңды көріп, сендерді қастерлеп, сендерден қаймығатын болады.
Заңды қайталау 28:10
Жаратқан Ие сендерді өз халқы етіп таңдап алған болатын. Енді Ол Өзінің ұлы даңқына бола меншікті халқын тастамақ та емес.
Патшалықтар 1-ж. 12:22
Уа, Жасаған Ие, құлақ сала гөр! О, Тәңір Ие, кешіре гөр! Уа, Ием, үнімізді естіп, өтінішімізге жауап бере гөр! Өз даңқың үшін, уа, Құдайым, оны ұзаққа соза көрме! Өйткені Өзіңнің қалаң да, халқың да Сенің атыңмен аталған».
Даниял 9:19
Бізді Мысырдан жүзім бұтасындай әкелдің, Басқа ұлттарды елден қуып шығардың, Солардың орнына бізді отырғыздың. Ол үшін тазартып, өңдедің жерді, Сол «бұта» тамыр жайып, толтырды елді,
Забур жырлары 79:9–10
Жаратқан Иенің есімі — мықты мұнара, Бас сауғалаған әділге қауіпсіз пана.
Нақыл сөздер 18:10
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Забур жырлары 19:1
Өйткені Құдайдың көзге көрінбейтін қасиеттері — Оның мәңгілік құдіреті мен құдайлық болмысы дүние жаратылғаннан бері айқын: бұларды Оның жаратқан нәрселерінен байқап түсінуге болады. Сондықтан адамдар Құдайды біле алмадық деп сылтаурата алмайды.
Римдіктерге хат 1:20
Өзінің бар екендігіне істеген игі істерімен анық дәлел келтіруін тоқтатпады: Өзі аспаннан жаңбыр жаудырып, дер кезінде өнім беріп, мол азық сыйлауымен жүрегімізді қуанышқа кенелтеді».
Елшіл. істері 14:17
Қиын-қыстау кезде Ием саған құлақ салсын, Жақыптың Құдайы бар пәледен сақтасын, Ол киелі үйінен саған көмек жіберсін, Сиондағы тұрағынан нығайта көрсін,
Забур жырлары 19:2–3
Балалардың, кішкене бөбектердің Аузымен Өзіңді дәріптетесің. Дұшпандарыңа бола солай істейсің, Қас жауыңды, кекшілді үндетпейсің. Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа, Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға Назар аударған әрбір уақытымда Мынадай сұрақтар туады ойымда:
Забур жырлары 8:3–4
Күннің, айдың, жұлдыздардың өзіндік сұлулығы мен салтанаты бар, тіпті жұлдыздар сәуле мен салтанат жағынан бір-бірінен өзгеше. Өлгендердің қайта тірілуі де осындай болады: топыраққа көмілген дене шіріп кетеді, ал қайта тірілгені мәңгі шірімейді.
Қорынттықт. 1-хат 15:41–42
Даналар аспан кеңістігі сияқты нұрланады, көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келген олар жұлдыздар сияқты мәңгі бақи жарқырап тұратын болады.
Даниял 12:3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2026 ж. 27 қыр.
2026 ж. 26 қыр.
2026 ж. 25 қыр.
2026 ж. 24 қыр.
2026 ж. 23 қыр.
2026 ж. 22 қыр.
2026 ж. 21 қыр.

Құдайдың қасиеттері
Биламның тарихы – Құдайдың Өз халқына деген сүйіспеншілігі мен қорғанысы туралы тамаша баяндау, тіпті олар…

Құдайдың Құдіреті
Римдіктерге 1-тарау Құдайдың жаратылыстағы, құтқару үшін Інжілдегі және Мәсіхтің қайта тірілуіндегі құдіретін…

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Құдайдың қасиеттері
Киелі Рухтың сенушілерді өздерінің құдайлық табиғатын өмірде көрсетуге, күнәға қарсы тұруға және Мәсіхке…

Киелі кітапты зерттеу
Інжіл Құдайдың сүйіспеншілігін, Құтқарушыға деген қажеттілігіңізді және Иса Мәсіх арқылы мәңгілік өмірге…

Айқышқа керілу
Ол б.з.д. 1-ғасырдан бастап б.з. 4-ғасырына дейін жиі қолданылды. Римдіктер айқышқа керген адамдардың нақты…