Ал барлық рақымның бастауы, Құдай, біразырақ уақыт азап шегіп жатқан сендерді қайтадан жетілдіріп, нығайтып, қуатты да табанды етпек. Себебі Ол Мәсіх Иса арқылы сендерді Өзінің салтанатты ұлылығын мәңгі бөлісуге шақырды.
Петірдің 1-хаты 5:10
Күнделікті нұр
Ал барлық рақымның бастауы, Құдай, біразырақ уақыт азап шегіп жатқан сендерді қайтадан жетілдіріп, нығайтып, қуатты да табанды етпек. Себебі Ол Мәсіх Иса арқылы сендерді Өзінің салтанатты ұлылығын мәңгі бөлісуге шақырды.
Петірдің 1-хаты 5:10
Жаратқан Ие оған былай деп жауап қайтарды: — Мен сенің алдыңнан бүкіл игілігімді өте шығатын етіп, қасыңда «Жаратқан Ие» деген есімімді атап шақырамын. Мен қалаған адамыма рақымды боламын, таңдап алғаныма мейірімімді шашамын.
Мысырдан шығу 33:19
онда ол: «Оны көрге түсуден аман сақтап қала гөр! Оның жанының құнын өтейтін төлемді таптым!» деп мейірім көрсететін болады.
Әйүп 33:24
Бірақ олар Құдайдың рақымымен Мәсіхтің бұлардың төлемдерін төлеп, құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады. Құдай Мәсіхті күнәлардың құнын өтеуші құрбандық етіп көрсетті: Соның қаны төгіліп құрбан болғандығына сенгендерді Құдай кешіреді. Құдайдың әділдігі осы арқылы айқын көрінеді. Себебі Ол бұрыннан бері шыдамдылық көрсетіп, адамдарға күнәларына лайықты жазаларын дереу тартқызбай жүрген еді.
Римдіктерге хат 3:24–25
Құдай ата-бабаларымызға Таурат заңын Мұса пайғамбар арқылы берді, ал рақым мен шындық бізге Иса Мәсіх арқылы жетті.
Жохан 1:17
Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый.
Ефестікт. хат 2:8
сеніміміздегі шынайы ұлым іспетті Тімотеге дұғай сәлем. Лайым Құдай Әкеміз және Иеміз Мәсіх Иса саған рақымы мен қайырымын жаудырып, тыныштығын сыйлай берсін!
Тімотеге 1-хат 1:2
Ал әрқайсымызға Мәсіхтің рақым етіп үлестіріп берген ерекше рухани дарындарымыз бар.
Ефестікт. хат 4:7
Тәңір Ие рақым етіп сыйлаған алуан түрлі рухани дарындарыңды жақсылап қолданыңдар. Әрқайсыларың қабылдаған дарындарыңмен бір-біріңе адал қызмет етіңдер:
Петірдің 1-хаты 4:10
Ал Тәңір Ие бізге (арам құмарлықтарға қарсы тұруға) рақымын молынан сыйлайды. Сол себептен де Киелі жазбаларда мынадай сөздер бар: Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, «ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».
Жақыптың хаты 4:6
Қайта, Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің рақымына кенеліп, Оны жақынырақ танып білуде өсе беріңдер! Оның ұлылығы қазір де, мәңгілікте де даңқтала берсін! Аумин.
Петірдің 2-хаты 3:18
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.) «Барайық киелі үйіне Жаратқанның!» Дегенді естіп қатты қуандым. Уа, Иерусалим, аяғымыз біздің Қақпаларыңның алдында тұр сенің.
Забур жырлары 121:1–2
Езуіміз жиылмады күлкіден, Аузымыздан үзілмеді шаттық ән. Басқа ұлт адамдары өзара былай десті: «Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!»
Забур жырлары 125:2
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.) «Егер де Жаратқан жар болмағанда, — Деп Исраил мойындасын әр уақытта, — Егер де Жаратқан жар болмағанда, Адамдар бізге шабуыл жасағанда,
Забур жырлары 123:1–2
Қаскүнемдік ойластырып, құрайды, «Мүлтіксіз жоспар құрдық» деп ойлайды. Адамның жан дүниесі — түпсіз тұңғиық, Жүрек түкпірлері пендеге жабық.
Забур жырлары 63:7
Уа, Құдайымыз, Сен оларға үкім шығара гөр! Бізге қарсы аттанып келе жатқан осы ғаламат зор тобырдың алдында әлсізбіз. Не істерімізді білмей, Саған қарап Өзіңе үміт артамыз».
Шежірелер 2-ж. 20:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 18 қыр.
2013 ж. 17 қыр.
2013 ж. 16 қыр.
2013 ж. 15 қыр.
2013 ж. 14 қыр.
2013 ж. 13 қыр.
2013 ж. 12 қыр.
Иса Мәсіх
Мәсіх Бас діни қызметкер және аспандағы киелі орынның қызметшісі ретінде қызмет етеді, барлық сенушілерге…

Шәкірттік
Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.
Иса Мәсіх
Иса есімінің терең мағынасы мен күшін, оның Ескі Өсиеттегі алдын ала көрсетілуінен бастап, даңқтағы мәңгілік…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Құдайдың жетелеуі
Иса Мәсіх — біздің қатесіз жолбасшымыз, ол бізді өмірдің қауіп-қатерлері арқылы киелілікке, бақытқа және ақыр…
Үміт
Сізді терең қамқорлық жасайтын Құдайға уайымдарыңызды арт. Оның құдіретінен жұбаныш тауып, қиындық пен…