Тек төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан жетіліп те кемелденіп, ешбір кемшіліктерің қалмайды.
Жақыптың хаты 1:4
Күнделікті нұр
Тек төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан жетіліп те кемелденіп, ешбір кемшіліктерің қалмайды.
Жақыптың хаты 1:4
Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар! Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Мәсіхтің қайта оралып, ашық көрінетін күні Құдай сендерді мақтап, даңқ пен құрметке бөлемек.
Петірдің 1-хаты 1:6–7
Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз. Шыдамдылықтан сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді.
Римдіктерге хат 5:3–4
Жаратқанның оны құтқарып азат етуін Сабыр сақтап күткені игі адам үшін.
Жоқтау 3:26
тұтқынға түскендерге жандарың ашып, жәрдем бердіңдер. Мал-мүліктеріңді талан-таражға салғанда, бұны тіпті қуана қабылдадыңдар! Себебі көкте өздеріңе арналған, одан әлдеқайда құнды, мәңгілік дәулеттің бар екенін білдіңдер. Ендеше жігер берген нық сенімдеріңнен күдер үзбеңдер! Сол үшін берілетін зор сый алдарыңда күтіп тұр. Құдайдың еркін орындап, Оның уәде еткенін иемдену үшін төзімді болуларың қажет.
Еврейлерге хат 10:34–36
Ал адамдардың бәрінің жасырын істері мен ойларына үкімді Құдай қиямет соты күні Иса Мәсіх арқылы шығарады. Мен уағыздап жүрген Ізгі хабар осыны білдіреді.
Римдіктерге хат 2:16
Сондықтан уақыты келместен бұрын айыптауға асықпай, Иеміздің қайта оралуын күтіңдер! Ол әзірше қараңғыға жасырылғанды әшкерелеп, жүрегіміздің ой-ниеттерін ашып көрсетеді. Сол кезде Құдай әрқайсымызға лайықты мақтауын береді.
Қорынттықт. 1-хат 4:5
Әкенің Өзі ешкімді соттамай, барлық сотты Оған тапсырған.
Жохан 5:22
Ол көктен келген Билеуші болғандықтан, Әкесі Оған қиямет сотын жүргізу билігін де тапсырған.
Жохан 5:27
Тиятирдағы қауымның періштесіне былай деп жаз: Бұл — Құдайдың рухани Ұлынан хабар. Оның көздері оттай жалындап, аяқтары балқыған қоладай жалтырайды.
Аян 2:18
Неге құдіретті қолыңды тұрсың тартып? Жұмсашы оны, оларды соғып та құртып!
Забур жырлары 73:11
Сонда Саған ұнамды пәк тартулар Шалынбақ һәм өртелетін құрбандықтар, Үстеліңе торпақтар да ұсынылмақ, Сенің жолыңа солар бағышталмақ.
Забур жырлары 50:21
Ашылмайтын сыр, білінбейтін құпия болмайды.
Лұқа 12:2
Заңсыз істерімнен мені арылта гөр, Зердесіздің қорлауынан сақтай гөр.
Забур жырлары 38:9
Мені жалмауға зұлымдар таяп қалса, Қарсылас, жауларым маған бас салса, Өздері-ақ сүрініп, жығылады да.
Забур жырлары 26:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 24 қыр.
2013 ж. 23 қыр.
2013 ж. 22 қыр.
2013 ж. 21 қыр.
2013 ж. 20 қыр.
2013 ж. 19 қыр.
2013 ж. 18 қыр.
Сенім
«Бірақ Құдай!» сөзінің кез келген жағдайды өзгертуге қабілетті Құдайдың күшін қалай білдіретінін біліңіз…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Мәсіхшілік өмір
Сүлейменнің жырынан Мәсіхтің сенушілерге, оның шіркеуіне және еврей қалдығына деген сүйіспеншілігінің өсіп…

Құдайдың жетелеуі
Иса Мәсіх — біздің қатесіз жолбасшымыз, ол бізді өмірдің қауіп-қатерлері арқылы киелілікке, бақытқа және ақыр…
Қанағат
Жердегі тілектердің жүрегіңізді қалай басып алып, қанағатсыздыққа әкелетінін түсініңіз. Өткінші армандарды…
Қорғау
Құдайдың Өз балаларын өмір сынақтары арқылы қалай қорғайтынын, тіпті жағдайларды түсіну қиын болған кезде де…