Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2013 ж. 23 қыркүйек, дүйсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Себебі құл болсақ та, Құдайымыз бізді осы құлдығымызда тастап кеткен жоқ. Керісінше, бізге парсы патшаларының көз алдында Өзінің берік мейірімін көрсетті. Осылайша Құдайымыздың қирап жатқан киелі үйін қайта тұрғыза алуымыз үшін бізге жаңа өмір сыйлады, әрі Яһуда мен Иерусалимде қабырға іспетті қоршайтын қорғаныш та берді.

Езра 9:9

Қымбатты бауырластарым, өздеріңнің «от кешіп» ауыр азап шегіп, сыналғандарыңды оғаш нәрсе деп ойламаңдар.

Петірдің 1-хаты 4:12

Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер де соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленбесеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болмағандарың.

Еврейлерге хат 12:7–8

онда сендер сондай пайғамбардың не көріпкелдің айтқан сөздерін тыңдамаңдар! Осы жайт арқылы Құдайларың Жаратқан Ие сендерді, Өзін шын жүректен және бүкіл жан дүниелеріңмен сүйетін не сүймейтіндеріңді білу үшін сынайды.

Заңды қайталау 13:3

Жаратқан Ие сендерді өз халқы етіп таңдап алған болатын. Енді Ол Өзінің ұлы даңқына бола меншікті халқын тастамақ та емес.

Патшалықтар 1-ж. 12:22

— Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де Мен сені ешқашан ұмытпаймын, Иерусалим!

Ишая 49:15

Жаратқан Ие ұлы әрі тым қуатты, Шексіз мол Оның ақыл-парасаты.

Забур жырлары 146:5

Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні жалбарына сиынған адамдарының мүдделерін қорғамай ма? Әлде соны ұзаққа созып жібере ме? Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды! Алайда Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?»

Лұқа 18:7–8

Жеңіп шыққан әркім осы игіліктердің бәрін иемденеді. Мен оған Құдай, ол Маған рухани бала болады.

Аян 21:7

Егер де Мәсіхке тек бұ дүниедегі өмір үшін ғана үміт артсақ, онда біз барлық адамдардың ішіндегі ең байғұс-бейшаралары болар едік.

Қорынттықт. 1-хат 15:19

Ал олар одан гөрі жақсы елді, яғни көктегі отандарын, аңсап күтті. Сол себептен де Құдай олардың Құдайы деп аталудан бас тартпайды, соларға арнап Ол көкте мәңгілік қаланы дайындап та қойды.

Еврейлерге хат 11:16

Сондықтан да Құдайдың өз халқына сақтаған мол игілігін иемденуімізді күтеміз. Ешқашан шіріп бұзылмайтын, өшіп-солып қалмайтын сол мұраларың сендер үшін көкте дайын тұр.

Петірдің 1-хаты 1:4

Сондықтан ешкім адамның жетістіктерімен мақтанбасын! Бәрі де сендерге игілік көрсетуге қатысады: Пауыл, Аполлос немесе Петір болайық, сонымен қатар бүкіл дүние, өмір не өлім, қазіргі мен болашақ нәрселер түгелдей қауымның пайдасы үшін болуға тиісті.

Қорынттықт. 1-хат 3:21–22

Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар.

Қорынттықт. 1-хат 2:9–10

Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр. Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық!

Еврейлерге хат 12:1

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2013 ж. 22 қыр.

    Забур жырлары 104:34 · Таңдаулы ән 2:3

  • 2013 ж. 21 қыр.

    Римдіктерге хат 8:28 · Забур жырлары 76:10

  • 2013 ж. 20 қыр.

    Нақыл сөздер 3:13 · Нақыл сөздер 8:35

  • 2013 ж. 19 қыр.

    Петірдің 1-хаты 5:10 · Мысырдан шығу 33:19

  • 2013 ж. 18 қыр.

    Забур жырлары 119:18 · Лұқа 24:45

  • 2013 ж. 17 қыр.

    Матай 12:20 · Забур жырлары 51:17

  • 2013 ж. 16 қыр.

    Нақыл сөздер 21:2 · Забур жырлары 1:6

Ұқсас мақалалар

  • Кешірім

    Құдайдың кешірімі және күнәнің ұзаққа созылатын салдары

    Құдай тәубе еткен сәтте күнәні кешіреді, бірақ салдары көбінесе қалады. Дәуіттің оқиғасынан күнәнің әсері…

    2021 ж. 26 ақп.·Белгісіз
  • Иса Мәсіх, біздің қасиеттілік пен жұмаққа апаратын қатесіз жолбасшымыз

    Құдайдың жетелеуі

    Иса Мәсіх, Киелілікке және Жұмаққа Апаратын Біздің Қатесіз Жолбасшымыз

    Иса Мәсіх — біздің қатесіз жолбасшымыз, ол бізді өмірдің қауіп-қатерлері арқылы киелілікке, бақытқа және ақыр…

    2023 ж. 17 ақп.
  • Мәңгілік қауіпсіздік

    Құдайдың бақылауы, біздің қауіпсіздігіміз және мәңгілік құтқарылуымыз

    Құдайдың түпкілікті бақылауы Исаның өлімі мен арашасы арқылы біздің мәңгілік қауіпсіздігімізді қамтамасыз…

    2021 ж. 10 қар.
  • Мейірім

    Құдайдың рақымы арқылы Исадағы айтып жеткізгісіз қуанышты сезіну

    Құдайдың рақымы сенушілерге Иса Мәсіхті көрмей-ақ сүюге, сенуге және қуануға қалай мүмкіндік беретінін ашыңыз.

    2021 ж. 17 там.·Пол Дэвид Трипп
  • Христиан ізбасары болу деген не?

    Шәкірттік

    Мәсіхші ізбасар болудың шынайы мағынасы неде?

    Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.

    2023 ж. 14 қыр.·Тим Хэдли
  • Неліктен қан маңызды: Қабыл мен Һабылдың құрбандықтарын түсіну

    Өтеу

    Неліктен қан маңызды: Қабыл мен Һабылдың құрбандықтарын түсіну

    Еврейлерге 9:22 Құдайдың Һабылдың қан құрбандығын неліктен қабылдап, Қабылдың құрбандығын қабылдамағанын…

    2026 ж. 7 мау.·Юджин П. Веддер, мл.
  • Кешірім

    Құдайдың кешірімі және күнәнің ұзаққа созылатын салдары

    Құдай тәубе еткен сәтте күнәні кешіреді, бірақ салдары көбінесе қалады. Дәуіттің оқиғасынан күнәнің әсері…

    2021 ж. 26 ақп.·Белгісіз
  • Иса Мәсіх, біздің қасиеттілік пен жұмаққа апаратын қатесіз жолбасшымыз

    Құдайдың жетелеуі

    Иса Мәсіх, Киелілікке және Жұмаққа Апаратын Біздің Қатесіз Жолбасшымыз

    Иса Мәсіх — біздің қатесіз жолбасшымыз, ол бізді өмірдің қауіп-қатерлері арқылы киелілікке, бақытқа және ақыр…

    2023 ж. 17 ақп.
  • Мәңгілік қауіпсіздік

    Құдайдың бақылауы, біздің қауіпсіздігіміз және мәңгілік құтқарылуымыз

    Құдайдың түпкілікті бақылауы Исаның өлімі мен арашасы арқылы біздің мәңгілік қауіпсіздігімізді қамтамасыз…

    2021 ж. 10 қар.
  • Мейірім

    Құдайдың рақымы арқылы Исадағы айтып жеткізгісіз қуанышты сезіну

    Құдайдың рақымы сенушілерге Иса Мәсіхті көрмей-ақ сүюге, сенуге және қуануға қалай мүмкіндік беретінін ашыңыз.

    2021 ж. 17 там.·Пол Дэвид Трипп
  • Христиан ізбасары болу деген не?

    Шәкірттік

    Мәсіхші ізбасар болудың шынайы мағынасы неде?

    Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.

    2023 ж. 14 қыр.·Тим Хэдли
  • Неліктен қан маңызды: Қабыл мен Һабылдың құрбандықтарын түсіну

    Өтеу

    Неліктен қан маңызды: Қабыл мен Һабылдың құрбандықтарын түсіну

    Еврейлерге 9:22 Құдайдың Һабылдың қан құрбандығын неліктен қабылдап, Қабылдың құрбандығын қабылдамағанын…

    2026 ж. 7 мау.·Юджин П. Веддер, мл.