Ефрем сонда: — Қойшы сол жалған тәңірлерді! — деп айтпақ. (Ал Мен мынадай жауап беремін:) — Мен сені естіп, назарымда ұстаймын. — Мен жайқалған арша ағашы сияқтымын. — Сенің жеміс беруің Менің жарылқауыммен.
Ошия 14:9
Күнделікті нұр
Ефрем сонда: — Қойшы сол жалған тәңірлерді! — деп айтпақ. (Ал Мен мынадай жауап беремін:) — Мен сені естіп, назарымда ұстаймын. — Мен жайқалған арша ағашы сияқтымын. — Сенің жеміс беруің Менің жарылқауыммен.
Ошия 14:9
Сенетін сендер үшін осы «Тас» (Иса Мәсіх) ерекше қымбат. Ал сенбейтіндерге байланысты мынадай сөздер жазылған: «Құрылысшылар менсінбеген «Тас» енді үйдің басты іргетасына айналды!» Ол «адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты». Олар Мәсіх туралы хабарға мойынсұнбағандықтан «сүрініп, құлап», теріс жолға түсіп кетеді. Олардың ақырының осылай болатыны алдын ала белгілі еді.
Петірдің 1-хаты 2:7–8
Жаратқанның жолы мінсіз жанға қорған болар, Ал зұлымдық істеушінің үрейін ұшырар.
Нақыл сөздер 10:29
Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!
Матай 11:15
Дененің «шамы» — көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің түгелдей нұрға кенеледі.
Матай 6:22
Соның еркін орындағысы келген әркім осы ілім Құдайдан ба, әлде Мен өз бетіммен сөйлеп тұрмын ба, соны білетін болады.
Жохан 7:17
Өйткені кімде (біраз түсінік) бар болса, соған тағы да беріліп, онікі асып-тасып кетеді. Ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады.
Матай 13:12
Кімде Құдайдың рухани өмірі болса, сол Оның айтқандарына құлақ асады. Сендерде Құдайдың рухани өмірі болмағандықтан, Оның айтқандарына құлақ аспайсыңдар.
Жохан 8:47
Алайда сендер шынайы өмірге ие болу үшін Маған келуден бас тартасыңдар.
Жохан 5:40
Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді.
Жохан 10:27
Себебі Сәби дүниеге келді, Біз үшін осы Ұл сыйға берілді! Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын Әмірші» Деп те аталатын болады.
Ишая 9:6
Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Құдай!
Заңды қайталау 6:4
Әкем Екеуіміз біртұтаспыз.
Жохан 10:30
Ал егер Мен оларды істеп жүрсем, тіпті Өзіме сенгілерің келмесе де, істеген істеріме сеніңдер! Осылай сендер Әкемнің Менімен, Менің Әкеммен тығыз байланыста екенімізді түсінесіңдер.
Жохан 10:38
Әлгі парызшылдар: — Әкең қайда? — деп сұрады. Иса оларға: — Сендер Мені де, Әкемді де білмейсіңдер. Егер Мені білсеңдер, онда Әкемді де білер едіңдер, — деп жауап қайырды.
Жохан 8:19
— Мырзам, бізге Әкені көрсетіңіз, бізге сол да жеткілікті, — деп өтінді. Иса былай деп жауап берді: — Мен көптен бері қастарыңдамын, сонда да Мені шынымен білген жоқсың ба, Філіп? Кім Мені көрсе, соның Әкені де көргені. Бізге Әкені көрсетіңіз деп неге айтасың?
Жохан 14:8–9
«Мен Оған сенімімді арта беремін» және «Міне, Мен және Жаратқан Ие Маған сыйлаған (рухани) балалар мұндамыз!»
Еврейлерге хат 2:13
Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап қанағаттанатын болады. Оны көп адамдар танып мойындап, ақталады. Ол солардың күнәларын өз мойнына алады.
Ишая 53:11
Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін Құдай Ие: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін!» — дейді.
Аян 1:8
Иса оларға былай жауап берді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Ыбырайым тумастан бұрын да (Мәңгі) Бар Болушы Менмін!
Жохан 8:58
Құдай оған былай деп жауап қатты: — Мен (Мәңгі) Бар Болушымын. Исраилдіктерге: «(Мәңгі) Бар Болушымын деген мені сендерге жіберді» деп айт. —
Мысырдан шығу 3:14
Ал Ұл туралы былай делінген: «Сенің тағың, о, Құдай, сақталады мәңгілік, Патшалығыңа жүргізесің әділ билік.
Еврейлерге хат 1:8
Бүкіл әлем жаратылмай тұрғанда-ақ Ол бар болатын, бәрін аман сақтайтын да — Сол.
Қолостықт. хат 1:17
Ал Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында тұрады!
Қолостықт. хат 2:9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 2 қар.
2013 ж. 1 қар.
2013 ж. 31 қаз.
2013 ж. 30 қаз.
2013 ж. 29 қаз.
2013 ж. 28 қаз.
2013 ж. 27 қаз.

Иса Мәсіх
Христиандар Исаны тек жақсы адам деп айтатын типтік христиан еместерге осы логиканы ұсынуы керек. Көптеген…

Шәкірттік
Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.

Христология
Исаның Жохан Інжіліндегі «Менмін» деген сөздері арқылы Құдайдың түсініксіз, бірақ танымал табиғатын қалай…

Иса Мәсіх
Иеміз Исада көрінген Құдайдың ұлылығы мен даңқы алдында тұрғанда, Оның алдында бас июден басқа амал жоқ. Біз…

Мәңгілік өмір
Киелі жазбаларға сәйкес мәңгілік өмірдің шынайы мағынасын ашыңыз. Бұл тек ұзақтық емес, Исаны жеке тану және…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…