Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай.
Філіпілікт. хат 2:13
Күнделікті нұр
Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай.
Філіпілікт. хат 2:13
Бұл қызметке өзіміз қабілеттіміз деп ойлайтындай еш негізіміз жоқ. Біздегі бар қабілеттілік өзімізден емес, Құдайдан.
Қорынттықт. 2-хат 3:5
Жақияның жауабы мынау болды: — Құдай бермесе, ешкім еш нәрсе ала алмайды.
Жохан 3:27
Мені жіберген Әкем Өзіме жақындатып тартса ғана, адамдар Маған келе алады; ал Мен оларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын.
Жохан 6:44
Олар Мені әрдайым қастерлей алулары үшін оларға шын жүректен бірігіп, бір жолмен жүруді сыйлаймын. Бұл олардың өздері мен кейінгі балалары үшін игілікті болады.
Еремия 32:39
Сүйікті бауырластарым, алданып қалмаңдар: көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ. Ол шынайы хабары арқылы бізге мәңгілік өмір сыйлап, Өзінің жаңа жаратылысындағы тұңғыш рухани балалары болуымызды қалады.
Жақыптың хаты 1:16–18
Құдай бізді Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болып, игі істер жасау үшін ерекше қылып жаратты. Соларды орындауымыз үшін Құдай бізге алдын ала жағдай туғызды да.
Ефестікт. хат 2:10
Ал бізге, уа, Жаратқан, тыныштық бересің. Себебі өзіміздің қол жеткеніміздің Бәрі — нәтижесі Сенің істегендеріңнің.
Ишая 26:12
Азғырылмау үшін сергек болып, сиынып мінажат етіңдер! Рух дайын болғанмен, тән осал», — деді.
Матай 26:41
Сенің шешімдеріңе бағынамыз, Сені күтіп Саған сенім артамыз. Уа, Тәңір, есіміңді қатты ұнатамыз, Есімізге Сені алып тұрамыз. Жан дүнием аңсайды Сені түнде, Рухым да сағынады таң сәріде. Сен дүниеге сот жүргізген кезіңде Жердің халқы үйренеді әділдікке.
Ишая 26:8–9
Менің бойымда, яғни ескі күнәкар болмысымда, жақсылық жоқ екенін білемін; сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күшім жоқ.
Римдіктерге хат 7:18
Іштей Құдай заңына ризамын, бірақ бойымда басқа бір заңдылықтың да бар екенін байқаймын: ол ақыл-ойым қалайтын жақсылыққа қарсы шығып, мені бойымдағы күнәлі құмарлыққа кіріптар етеді.
Римдіктерге хат 7:22–23
Өйткені ескі болмысымыздың қалауы Киелі Рухқа қарсы, әрі Рухтың қалауы ескі болмысымызға қарсы. Бұл екеуі бір-біріне қарама-қайшы, сондықтан игі ниеттеріңді жүзеге асыра алмайсыңдар.
Ғалаттықт. хат 5:17
Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.
Філіпілікт. хат 4:13
Бұл қызметке өзіміз қабілеттіміз деп ойлайтындай еш негізіміз жоқ. Біздегі бар қабілеттілік өзімізден емес, Құдайдан.
Қорынттықт. 2-хат 3:5
Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын.
Қорынттықт. 2-хат 12:9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 5 жел.
2013 ж. 4 жел.
2013 ж. 3 жел.
2013 ж. 2 жел.
2013 ж. 1 жел.
2013 ж. 30 қар.
2013 ж. 29 қар.

Құдай Патшалығы
Пауыл өз Иесі мен Қожайынының ұлылығы мен даңқты ұлылығын жариялауға батылдық танытты. Әлем сол баталыны…

Қасиетті Вечер
Христиандардың қауымдастық туралы түсінігін және нан мен шараптың Исаның денесі мен қанына тікелей…

Бейбітшілік
Оңтүстік Каролина штатындағы Энори қаласындағы шіркеуде хор жаттығуын өткізіп жатқанда, бір сәби жылай…

Мәңгілік өмір
Киелі жазбаларға сәйкес мәңгілік өмірдің шынайы мағынасын ашыңыз. Бұл тек ұзақтық емес, Исаны жеке тану және…

Құтқарылу
Кішкентай қыз өліп бара жатқан анасына құтқарылу табуға көмектесу үшін уағызшы іздейді. Әйел де, уағызшы да…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…