Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді.
Еврейлерге хат 5:8
Күнделікті нұр
Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді.
Еврейлерге хат 5:8
Рухани баласы болғандықтан, Оның бізге дайындап қойған мәңгілік игіліктеріне де ие боламыз: Құдай Мәсіхке сыйлағандары іспетті игіліктерді бізге де сыйламақ. Егер Мәсіхтің жолында жүріп, азабына ортақ болсақ, Оның салтанатты ұлылығына да ортақ болып, сол игіліктерді қабылдаймыз. Болашақта біз үшін анық көрінетін салтанатты ұлылықпен салыстырғанда, қазіргі заманның азаптарының түк емес екендігіне әбден сенемін.
Римдіктерге хат 8:17–18
Құдай жүретін жолымды жақсы біледі. Ол мені сынап тексергенде, алтын сияқты таза болып шыға келемін. Себебі Оның жолымен аяқ басып, содан еш бұрылмай жүріп келдім.
Әйүп 23:10–11
Құдай Иеміздің осы қырық жыл бойы сендерді иен далада бастап алып жүрген жолын естеріңе түсіріңдер! Ол сендерді Өзіне мойынсұндыру үшін, әрі шынайы ниеттеріңнің қандай екенін: Оның өсиеттерін орындайсыңдар ма, жоқ па, соны білу үшін түрлі сынақтардан өткізді.
Заңды қайталау 8:2
Сонымен әкесінің баласын тәрбиелейтініндей, Құдайларың Жаратқан Иенің де сендерді тәрбиелейтінін терең ұғынып, жүректеріңде берік сақтаңдар! Құдай Иеміздің өсиеттерін берік сақтап, нұсқаған жолдарымен жүріп, Оны терең қастерлеңдер!
Заңды қайталау 8:5–6
Ием Өзіне бағышталғанды қорғап күзетеді, Ал зұлымдар қара түнекте өледі, Пенде өз күшімен жеңіске жетпейді.
Патшалықтар 1-ж. 2:9
Дәуіт оған былай деп жауап қайырды: — Сен маған қарсы семсер, сүңгі, найзамен келесің. Ал мен саған Әлемнің Иесінің атымен, иә, өзің масқаралап отырған исраилдік әскер саптарының Құдайының атымен келе жатырмын!
Патшалықтар 1-ж. 17:45
дорбасынан бір тасты суырып алып, сақпанына салып, атып жіберді. Тас філістірдің маңдайына дәл тиіп, оны тесіп, кіріп кетті. Осылай Дәуіт філістірді тек сақпан және кесек таспен ғана жеңіп шықты. Қолында тіпті семсері болмаса да, оны ұрып өлтірді.
Патшалықтар 1-ж. 17:49–50
Жаратқан Ие әділдерге назар аударады, Өзіне жалынған оларға құлақ салады.
Забур жырлары 33:16
Әділдер жалынса, Иеміз құлақ салады, Күллі қиындықтан оларды құтқарып алады.
Забур жырлары 33:18
Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын. Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін.
Қорынттықт. 2-хат 12:9–10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 4 жел.
2013 ж. 3 жел.
2013 ж. 2 жел.
2013 ж. 1 жел.
2013 ж. 30 қар.
2013 ж. 29 қар.
2013 ж. 28 қар.

Пайғамбарлық
Ханна туылмай тұрып көп жыл бұрын да Израильдің нашарлаған жағдайы Төрешілер кітабында баяндалған. Кітап…

Адалдық
Сенім жолы Құдайдың өткендегі адалдығын, жеке дінге келуден бастап сынақтар арқылы басшылығын есте сақтауды…

Сенім
Дәуіттің Голиатты жеңуінен өміріңіздегі алып кедергілерді Құдайдың күшіне сену арқылы жеңудің төрт библиялық…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің өмірін, оның ерте жылдарынан бастап, Құдайдың мақұлдауына, қызметіне, айқыштағы құрбандығына…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Рухани өсу
1 Жохан 2:12-14-те сипатталған мәсіхшілік өсудің үш кезеңін – балалық шақ, жастық шақ және ересектік шақты…