Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2014 ж. 9 ақпан, жексенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Бірақ Ыбырайым былай деп жауап береді: — Ей, балам, есіңе түсірші: сен өміріңде әрдайым жақсылық көріп рақаттандың, ал Елазар ауыртпалық көріп, азап шегіп жүрді. Енді ол мұнда жұбаныш тапса, сен онда қиналып жатырсың.

Лұқа 16:25

Сенде күн мен ай батып, қараңғылық жайламайды, себебі Мен, Жаратқан Ие, саған мәңгі бақи нұр боламын. Қайғырған кезеңің осымен аяқталады.

Ишая 60:20

Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды. Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан.

Ишая 25:8

— Мырзам, өзіңіз білесіз ғой, — деп жауап бердім. Ол маған былай деп түсіндірді: — Бұлар — зор қудалану кезеңінен өткендер. Олар шапандарын Тоқтының төгілген қанымен «жуып» аппақ қылды. Сондықтан олар Құдайдың тағының алдында тұрып, Оған күні-түні киелі үйінде қызмет етеді. Тақта отырған Құдай олардың арасында бірге тұрып, баспана болады. Енді ешқашан да соларды аштық пен шөл азабы қинамайды, күннің аптабы да күйдірмейді. Себебі тақтың ортасындағы Тоқты олардың Бағушысы болып, «тірі судың» бұлақтарына жетелейді. Құдай солардың барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады.

Аян 7:14–17

Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды».

Аян 21:4

Сөзін астарлап жалғастырып: — Жарық барда, Мені Жібергеннің тапсырған игі істерін істеуіміз керек. Қараңғы түскен соң, ешкім еш нәрсе істей алмайды.

Жохан 9:4

Сол кезде мен көктен былай деген дауысты естідім: — Мынаны жаз: Бұдан былай Жаратқан Иемен тығыз байланыста болып қайтыс болғандар бақытты! — Киелі Рух соны бекітіп былай дейді: — Иә, олар өздерінің ауыр еңбегінен кейінгі демалыстың рақатын көрмек. Істеген игі істерінің жемісі олардан айырылмайды.

Аян 14:13

Себебі о дүниеде зұлымдар қоқан-лоқы жасауларын доғарған, әрі шаршап-шалдыққандар тыным тапқан.

Әйүп 3:17

Самуил Саулға: — Сен неге мазамды алып, мені шақыртып тұрсың? — деп наразылық білдірді. Саул: — Мен қатты қорқып тұрмын. Філістірлер маған қарсы соғыс ашты. Ал Құдай менен бас тартып, енді маған не пайғамбарлар, не түс арқылы жауап бермей отыр. Сол себепті маған не істеуім керек екенін білдіру үшін сізді шақырттым, — деді.

Патшалықтар 1-ж. 28:15

Қандай істі қолға алсаң да, соны жан сала істе! Себебі о дүниеге аттанған соң, онда не жұмыс істеу, не ойлап жоспарлау, не білім мен ғылым деген атымен жоқ екен.

Уағыздаушы 9:10

Менің қаным төгіліп құрбан болып, бұ дүниеден аттанатын кезім таяп қалды. Мен «ізгі күреске» қатысып болдым, «жарыста жүгіріп, мәреге жеттім», сенімімді сақтап қалдым. Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бермек. Ол тек маған ғана емес, Оның қайта оралып, анық көрінуін сүйіспеншілікпен күткендердің бәріне де сол «жүлдені» сыйлайды.

Тімотеге 2-хат 4:6–8

Мұның бәрі осылай болғандықтан, Құдайдың Өзі жетінші күні демалып тыныққаны сияқты, Оның халқы үшін де шынайы тыныштыққа жету мүмкіндігі әлі де бар. Құдайдың жарату жұмысын тамамдаған соң тынығып демалғанындай, Оның дайындап қойған шынайы тыныштығына ие болған әркім де өз бетімен еңбектенуін доғарып, тынығады.

Еврейлерге хат 4:9–10

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2014 ж. 8 ақп.

    Жохан 15:15 · Жаратылыстың баст. 18:17

  • 2014 ж. 7 ақп.

    Заңды қайталау 8:10–11 · Лұқа 17:15–18

  • 2014 ж. 6 ақп.

    Тімотеге 1-хат 1:14 · Қорынттықт. 2-хат 8:9

  • 2014 ж. 5 ақп.

    Жохан 10:10 · Жаратылыстың баст. 2:17

  • 2014 ж. 4 ақп.

    Заңды қайталау 17:16 · Еврейлерге хат 11:15–16

  • 2014 ж. 3 ақп.

    Хаққай 2:4 · Жохан 15:5

  • 2014 ж. 2 ақп.

    Шежірелер 1-ж. 4:10 · Лұқа 22:46

Ұқсас мақалалар

  • Бақсы христианды жұмақтан шақыра ала ма?

    Жұмақ

    Бақсы христианды жұмақтан шақыра ала ма?

    Христиан өлгенде, олар Иемізбен бірге болады, бақсылардың қолы жетпейтін жерде. Ендордағы бақсы туралы оқиға…

    2025 ж. 25 там.·Юджин П. Веддер, мл.
  • Тек екі жол: Өмірге апаратын тар жол немесе кең жол

    Құтқарылу

    Екі ғана жол: Өмірге апаратын тар жол немесе кең жол

    Киелі жазбалар тек екі жолды, екі тапты және екі мәңгілік тағдырды ашады. Сіз қай жақтасыз? Таңдау айқын және…

    2025 ж. 28 қар.·Белгісіз
  • Патшалықтың құпиясы: Бидай, арамшөптер және мысалдар

    Құдай Патшалығы

    Патшалықтың құпиясы: бидай, арамшөп және астарлы әңгімелер

    Матфей 13-тегі жеті астарлы әңгіме арқылы аспан патшалығының құпияларын зерттеңіз, Мәсіхтің Елуінші күн…

    2025 ж. 22 қар.·Джордж Дэвисон
  • Қорғау

    Құдайдың қорғаныш қоршауы: Өмір сынақтары арқылы сену

    Құдайдың Өз балаларын өмір сынақтары арқылы қалай қорғайтынын, тіпті жағдайларды түсіну қиын болған кезде де…

    2021 ж. 19 қыр.
  • Құдай қалай ақылға сыймайтын, бірақ Мәсіх арқылы танылатын?

    Христология

    Құдай қалай түсініксіз, бірақ Мәсіх арқылы танымал?

    Исаның Жохан Інжіліндегі «Менмін» деген сөздері арқылы Құдайдың түсініксіз, бірақ танымал табиғатын қалай…

    2026 ж. 11 ақп.
  • Қызмет

    Имандылар әлемге Мәсіхтің нұрын шашады

    Әлемнің нұры болу нені білдіретінін және имандылардың игі істер мен қасиетті өмір арқылы Мәсіхтің нұрын қалай…

    2021 ж. 19 қаң.
  • Бақсы христианды жұмақтан шақыра ала ма?

    Жұмақ

    Бақсы христианды жұмақтан шақыра ала ма?

    Христиан өлгенде, олар Иемізбен бірге болады, бақсылардың қолы жетпейтін жерде. Ендордағы бақсы туралы оқиға…

    2025 ж. 25 там.·Юджин П. Веддер, мл.
  • Тек екі жол: Өмірге апаратын тар жол немесе кең жол

    Құтқарылу

    Екі ғана жол: Өмірге апаратын тар жол немесе кең жол

    Киелі жазбалар тек екі жолды, екі тапты және екі мәңгілік тағдырды ашады. Сіз қай жақтасыз? Таңдау айқын және…

    2025 ж. 28 қар.·Белгісіз
  • Патшалықтың құпиясы: Бидай, арамшөптер және мысалдар

    Құдай Патшалығы

    Патшалықтың құпиясы: бидай, арамшөп және астарлы әңгімелер

    Матфей 13-тегі жеті астарлы әңгіме арқылы аспан патшалығының құпияларын зерттеңіз, Мәсіхтің Елуінші күн…

    2025 ж. 22 қар.·Джордж Дэвисон
  • Қорғау

    Құдайдың қорғаныш қоршауы: Өмір сынақтары арқылы сену

    Құдайдың Өз балаларын өмір сынақтары арқылы қалай қорғайтынын, тіпті жағдайларды түсіну қиын болған кезде де…

    2021 ж. 19 қыр.
  • Құдай қалай ақылға сыймайтын, бірақ Мәсіх арқылы танылатын?

    Христология

    Құдай қалай түсініксіз, бірақ Мәсіх арқылы танымал?

    Исаның Жохан Інжіліндегі «Менмін» деген сөздері арқылы Құдайдың түсініксіз, бірақ танымал табиғатын қалай…

    2026 ж. 11 ақп.
  • Қызмет

    Имандылар әлемге Мәсіхтің нұрын шашады

    Әлемнің нұры болу нені білдіретінін және имандылардың игі істер мен қасиетті өмір арқылы Мәсіхтің нұрын қалай…

    2021 ж. 19 қаң.