Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына нық сеніммен жақындап, өтініштерімізді білдірейік. Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз.
Еврейлерге хат 4:16
Күнделікті нұр
Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына нық сеніммен жақындап, өтініштерімізді білдірейік. Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз.
Еврейлерге хат 4:16
Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер! Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.
Філіпілікт. хат 4:6–7
Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!» деп шақырамыз.
Римдіктерге хат 8:15
Мен көзден таса, қараңғы жерден құпиялап сыбырлаған емеспін, әрі Жақыптың ұрпақтарынан Өзіме бекерге бет бұрып, бой ұсынуын талап етпедім. Қайта, Мен, Жаратқан Ие, нағыз шындықты айтамын және анық паш етемін.
Ишая 45:19
Сонымен, бауырластар, Исаның өз қанын төккенінің арқасында енді нық сеніммен ең қасиетті орынға кіре аламыз.
Еврейлерге хат 10:19
Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық. (Мәсіхтің төгілген қаны) жүректерімізге «бүркіліп», ар-ұжданымыз күнә атаулыдан арылған әрі денеміз таза сумен жуылған болсын.
Еврейлерге хат 10:22
Сондықтан да біз: «Ием маған жар, мен қорықпаймын ешбір жайттан, не істей алады адам баласы маған?» деп нық сеніммен айтамыз.
Еврейлерге хат 13:6
Сонда ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді. —
Жохан 8:32
Иеміз — Рух, Иеміздің Рухы бар жерде азаттық бар.
Қорынттықт. 2-хат 3:17
Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті.
Римдіктерге хат 8:2
Сонымен егер Құдайдың рухани Ұлы сендерді азаттыққа жеткізсе, шынымен азат боласыңдар.
Жохан 8:36
Ендеше, бауырластар, біздер «күңнің» емес, «ерікті әйелдің» ұрпағымыз!
Ғалаттықт. хат 4:31
адамдардың Таурат заңын ұстану арқылы емес, тек Иса Мәсіхке деген сенімдерімен ғана Құдай алдында ақталатынын білеміз. Сондықтан біз де Таурат заңын орындаудың арқасында емес, Мәсіхке сенуіміз арқылы ақталу үшін сенімімізді Мәсіх Исаға арттық. Себебі заңды орындаумен ешбір адам ақтала алмайды».
Ғалаттықт. хат 2:16
Ал кім кемелді тәлімге, яғни күнәнің құрсауынан азат ететін Ізгі хабарға, ұқыпты ден қойып, онысын ұдайы жалғастыра берсе, сол ұмытшақ тыңдаушы емес. Қайта, ол естігендерін жүзеге асырушы болып, іс-әрекетінде жарылқанбақ.
Жақыптың хаты 1:25
Мәсіх бізді еркін өмір сүрсін деп азат етті. Енді табанды болып, құлдықтың қамытын қайта кимеңдер!
Ғалаттықт. хат 5:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2025 ж. 17 жел.
2025 ж. 16 жел.
2025 ж. 15 жел.
2025 ж. 14 жел.
2025 ж. 13 жел.
2025 ж. 12 жел.
2025 ж. 11 жел.

Дін қызметі
Мәсіхтің біздің ұлы Бас діни қызметшіміз екенін біліңіз, Ол кемел құрбандық жасады және біздің күрестерімізге…

Өлім
Хэллоуин өлімді дәріптейді, бірақ христиандар Мәсіх арқылы өлімнен босатылған. Бұл мереке туралы Киелі жазба…

Демалыс
Құдайдың мәңгілік тыныштығын, жаратылыстан Ескі Келісімнің сенбісіне дейін және оның Иса Мәсіхте орындалуын…

Апологетика
Жаратылыс, жалпыадамзаттық ар-ождан және Иса Мәсіхтің аяны арқылы Құдайдың бар екендігінің сенімді дәлелдерін…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Шәкірттік
Мәсіхтің Матай 11:28-30-дағы қызметке арналған үш қадамдық жоспарын ашыңыз. Қалай тыныштық табуға, Оның…