2025 ж. 19 желтоқсан, жұма

Күнделікті Жарық

2025 ж. 19 жел.

Жаратқан бар ұлттардан да жоғары, Оның салтанаты аспаннан да жоғары.

Забур жырлары 112:4

Ей, өз араларыңда Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның Қызметшісінің даусына құлақ түретін кім? Сендер қараңғыда жүріп, жарықтан ада болсаңдар да, Жаратқан Иеге үміт артыңдар, иә, Құдайларыңды сүйеніш етіңдер!

Ишая 50:10

Though he stumble, he shall not fall, for Yahweh holds him up with his hand.

Psalms 37:24

Өсиет пен тәлім шам-шырақ секілді, Түзеткіш тәрбие өмір жолын сілтейді.

Нақыл сөздер 6:23

«Мені табалама, дұшпаным! Құласам да, қайта тұрамын! Қазір түнекте отырсам да, Жаратқан Ие жарық нұрым болады! — дейді Иерусалим. — Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасағандықтан Оның қаһарына ұшыраймын. Бірақ кейін Ол мүддемді қорғап, мені ақтайды. Сонда Ол мені нұрға алып шығады, Оның әділ істерін көремін!

Миха 7:8-9

Дененің «шамы» — көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің түгелдей нұрға кенеледі. Ал егер ашкөз болсаң, бүкіл өміріңді қараңғылық басады. Сонымен, егер өміріңде нұр орнына қараңғылық болса, ол қандай қара түнек болмақ!

Матай 6:22-23

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер