Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2026 ж. 15 қаңтар, бейсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Сонымен, Мәсіх өлімнен қайта тірілгенде сендер Онымен бірге рухани тірілдіңдер. Сондықтан көкке лайықты қасиеттерді иемденуге ұмтылыңдар! Өйткені Мәсіх көкте, Құдайдың оң жағында отыр. Ойларыңды күнәкар дүниедегіге емес, көктегіге аударыңдар! Себебі сендер рухани өлдіңдер, енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында.

Қолостықт. хат 3:1–3

Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз. Ол әлемдегі күллі нәрселерді де жеңіп бағындыру үшін қолданатын құдіретті күшімен біздің өткінші тәнімізді Өзінікі сияқты салтанатты денеге айналдырады.

Філіпілікт. хат 3:20–21

Өйткені ескі болмысымыздың қалауы Киелі Рухқа қарсы, әрі Рухтың қалауы ескі болмысымызға қарсы. Бұл екеуі бір-біріне қарама-қайшы, сондықтан игі ниеттеріңді жүзеге асыра алмайсыңдар.

Ғалаттықт. хат 5:17

Сондықтан, қымбатты бауырластар, ескі күнәкар болмысымыздың еркімен өмір сүруге міндетті емеспіз! Өйткені егер оның еркіне сай өмір сүрсеңдер, Құдайдан ажырап, мәңгілік өлімге ұшырайсыңдар. Ал егер Киелі Рухтың күшімен күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетінен мүлдем бас тартсаңдар, шынайы өмір сүресіңдер.

Римдіктерге хат 8:12–13

Сүйікті бауырластарым, (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік адамсыңдар, сондықтан сендерге ескертемін: өз жандарыңа ұдайы қарсы шығатын арам құмарлықтардан бас тартыңдар!

Петірдің 1-хаты 2:11

Иеміз маған берген рақымға сүйене отырып, әрбіреуіңе айтамын: өздерің туралы тиістісінен артық ойламаңдар! Қайта, Құдайдан сенім арқылы әрқайсыңның үлестеріңе қандай рухани дарындар тигенін ойлай отырып, өздеріңді саналы түрде бағалаңдар.

Римдіктерге хат 12:3

Сенімі әлсіз бауырластарды олардың ой-пікірлері жөнінде таласпай, қауымдарыңда қабыл алыңдар!

Римдіктерге хат 14:1

Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды.

Римдіктерге хат 4:20

Иса дереу қолын созып, демеп жіберіп: — Әй, сенімі азым-ай! Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді.

Матай 14:31

Иса: — Қарындас, сенімің ғаламат зор екен! Тілегенің болсын! — деді. Сол сәтте-ақ оның қызы сауығып кетті.

Матай 15:28

Иса үйге кіргеннен кейін сол екі зағип Оның қасына келді. Иса: — Менің солай істей алатыныма сенесіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар: — Иә, Тақсыр, сенеміз, — деп жауап берді. Сонда Иса: — Сенімдеріңе сай болсын! — деп, көздеріне саусағын тигізді.

Матай 9:28–29

Сонда елшілері Иеміз Исадан: — Сенімімізді арттыра көріңіз, — деп өтінді.

Лұқа 17:5

Негіздерің Мәсіхте болып, терең тамыр жайып, өсе беріңдер; өздеріңе үйреткен сенімді мықтап ұстанып, Құдайға шексіз алғыс айтатын болыңдар!

Қолостықт. хат 2:7

Мәсіхпен байланысымызда бізді сендермен бірге табанды етіп, тағайындаған — Құдайдың Өзі:

Қорынттықт. 2-хат 1:21

Ал барлық рақымның бастауы, Құдай, біразырақ уақыт азап шегіп жатқан сендерді қайтадан жетілдіріп, нығайтып, қуатты да табанды етпек. Себебі Ол Мәсіх Иса арқылы сендерді Өзінің салтанатты ұлылығын мәңгі бөлісуге шақырды.

Петірдің 1-хаты 5:10

Сенімі берік біздер күмәнданғандардың Таурат заңына сәйкес іс-әрекеттеріне төзіп, оларға көмектесуге тиіспіз. Тек өзімізге ұнайтынды ғана емес,

Римдіктерге хат 15:1

Ендеше бір-бірімізді айыптауды тоқтатайық! Қайта, бауырластарыңды істегендерің арқылы тура жолдан тайдырып, азғындыққа түсірмеуге шешім қабылдаңдар!

Римдіктерге хат 14:13

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2026 ж. 14 қаң.

    Жохан 14:28 · Лұқа 11:2

  • 2026 ж. 13 қаң.

    Ишая 26:3 · Забур жырлары 55:22

  • 2026 ж. 12 қаң.

    Яһуданың хаты 25 · Қорынттықт. 1-хат 1:30

  • 2026 ж. 11 қаң.

    Забур жырлары 65:1 · Қорынттықт. 1-хат 8:6

  • 2026 ж. 10 қаң.

    Салониқал. 1-хат 5:23 · Ефестікт. хат 5:25

  • 2026 ж. 9 қаң.

    Забур жырлары 60:4 · Ишая 59:19

  • 2026 ж. 8 қаң.

    Забур жырлары 9:10 · Нақыл сөздер 18:10

Ұқсас мақалалар

  • Дәуіт пен Ғолиаттан алынған сабақтар: Өмірдегі алыптарды жеңу

    Рухани соғыс

    Дәуіттің және Голиаттың сабақтары: Өмірдегі алыптарды жеңу

    Дәуіт пен Голиаттан алынған үш күшті сабақты ашыңыз. Сыртқы келбетке, сауытқа немесе қиындыққа емес, Құдайға…

    2025 ж. 3 там.·Белгісіз
  • Үміт

    Болашаққа деген көзқарасымыз қазіргі мәсіхшілік өмірге қалай әсер етеді

    Мәсіхшілік үміттің қауіпсіздікті, күшті және қуанышты қалай қамтамасыз ететінін зерттеңіз, тіпті ауыр дертке…

    2022 ж. 18 мау.·Джордж Хоук
  • Жаңа табиғат

    Мазасызданған сенушілер үшін құтқарылу туралы төрт шындық

    Құтқарылу туралы төрт маңызды шындықты зерттеңіз: кешірім, жаңа табиғат, Киелі Рух және Құдаймен қауымдастық.

    2022 ж. 17 сәу.·Е. К. Хэдли
  • Рухыңызды нәрлендіріңіз: Күнделікті өмірдегі Құдай Сөзінің «плюсі»

    Рухани өсу

    Рухыңды нәрлендір: Күнделікті өмірдегі Құдай Сөзінің «плюсі»

    Мәсіхші ретінде өмір сүру тек физикалық қажеттіліктерге назар аудармай, күн сайын Құдай Сөзі туралы ойлауды…

    2024 ж. 2 қар.·Колин Солтер
  • Құдайдың сөзін, құтқарылуды және мәңгілік өмірді ашыңыз

    Киелі кітапты зерттеу

    Құдай Сөзін, Құтқарылуды және Мәңгілік Өмірді ашыңыз

    Інжіл Құдайдың сүйіспеншілігін, Құтқарушыға деген қажеттілігіңізді және Иса Мәсіх арқылы мәңгілік өмірге…

    2025 ж. 8 қаң.·Фред Вурст
  • Лоттың босқа өткен өмірі: Әділ адамның таңдауларынан сабақтар

    Рухани өсу

    Лоттың ысырап болған өмірі: Әділ адамның таңдауларынан алынған сабақтар

    Лоттың өмірі Құдайға шын жүректен мойынсұну туралы маңызды сабақтар береді. Оның моральдық сәтсіздіктері…

    2025 ж. 12 там.·Билл Ван Рин