Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2026 ж. 3 сәуір, жұма

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Сүйікті бауырластар, Жаратқан Иенің алдында бір күн мың жылдай, ал мың жыл бір күндей екенін жақсылап ұғып алыңдар. Кейбіреулер «Ол кешігіп, келмей қалды» деп санағанмен, Иеміз уәдесін орындауын кешіктірмейді! Керісінше, Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, солардан арылуын қалайды!

Петірдің 2-хаты 3:8–9

Жаратқан Ие: «Менің ойым сендердің пікірлеріңнен өзге, Менің жолым сендердікінен басқа, — деп ескертеді. — Аспанның жерден қаншама жоғары болатынындай, Менің жолым да сендердікінен соншама жоғары, Менің ойым да пікірлеріңнен тым биік. Аспаннан жауған жаңбыр мен қар аспанға бекер қайта оралмайды. Керісінше, олар жерді суарып, көгертіп, дақылдарды өсіріп шығарады да, диқанға себуге тұқым, халыққа жеуге нан береді. Менің аузымнан шыққан сөзім де соған ұқсайды: ол нәтиже берместен Өзіме қайта оралмайды. Керісінше, Менің сөзім еркімді толық орындап, көздеген мақсаттарымды жүзеге асырады».

Ишая 55:8–11

Сонымен Құдай барлық адамдардың Өзіне мойынсұнбай, құлдықта жүргендерін әшкереледі. Осылай Ол бәріне де рақымын көрсетпек. О, неткен бай Құдайдың даналығы, Неткен терең Оның білік-парасаты; Шешімдеріне адам ақылы жетпес, Жолдарын Оның ешкім зерттеп бітпес!

Римдіктерге хат 11:32–33

«Ежелде Мен, Құдай, Содом мен Ғомораны қиратқанмын. Енді сендердің кейбір қалаларыңды да қираттым. Сендер шала жанып, от ішінен құтқарылып алынған отындық ағаш сияқты болдыңдар. Бірақ сонда да Маған қайтып келмедіңдер!» — деп әшкерелейді Жаратқан Ие.

Амос 4:11

Сиондағы күнәкарлар үрейленіп, арсыздар дірілдеп қорқып былай деп жатыр: «Біздің қайсымыз осы жалмайтын отта тұра аламыз? Қайсымыз сөнбейтін отта аман қала аламыз?» —

Ишая 33:14

Жүрегімізде өлімге кесілгендей сезіндік. Бұл жайт біздің өзімізге емес, Құдайға ғана сүйене алуымыз үшін де осылай болды. Ол өлгендерді тірілте алады ғой. Мұндай қорқынышты ажал қаупінен Ол бізді құтқарып алды және әлі де құтқаруда; сондай-ақ болашақта да құтқаратын болады деп Оған нық сенім артамыз.

Қорынттықт. 2-хат 1:9–10

Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір.

Римдіктерге хат 6:23

Мәңгі тірі Құдайдың қолына түсіп, сотталу қандай қорқынышты!

Еврейлерге хат 10:31

Сонымен Иемізді терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынуды ұдайы есімізде ұстаймыз. Сондай-ақ басқа адамдарды да осы шындыққа сендіруге ұмтыламыз. Біз Құдай алдында әйгіліміз. Сендердің ар-ұждандарыңа да әйгіліміз деп үміттенеміз.

Қорынттықт. 2-хат 5:11

Құдайдың сөзін уағызда! Мұны адамдарға ұнауы, ұнамауына қарамастан әрдайым орындауға табандылықпен ұмтыл. Олардың қателерін әшкерелеп, тыйым сал, әрі жақсылыққа жігерлендіре тұрып, зор сабырлылықпен тәлім бер!

Тімотеге 2-хат 4:2

Ол маған былай деп түсіндірді: — Жаратқан Иенің Зоробабелге арнаған сөзі мынау: Күш-қуатпен де емес, билік күшімен де емес, тек Менің Рухыммен ғана табысқа жетесің! — дейді Әлемнің Иесі. —

Зәкәрия 4:6

Ол барлық адамдардың құтқарылып, шындықты біліп алуларын қалайды.

Тімотеге 1-хат 2:4

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2026 ж. 2 сәу.

    Жоханның 1-хаты 5:21 · Қорынттықт. 2-хат 6:17–18

  • 2026 ж. 1 сәу.

    Ғалаттықт. хат 5:22 · Римдіктерге хат 14:17

  • 2026 ж. 31 нау.

    Філіпілікт. хат 4:19 · Матай 6:33

  • 2026 ж. 30 нау.

    Жаратылыстың баст. 24:63 · Забур жырлары 19:14

  • 2026 ж. 29 нау.

    Матай 25:34 · Лұқа 12:32

  • 2026 ж. 28 нау.

    Ешуа 1:18 · Забур жырлары 27:1

  • 2026 ж. 27 нау.

    Нақыл сөздер 11:18 · Матай 25:19–21

Ұқсас мақалалар

  • Исаның мейірімі: Алапесті емдеу және күнәні тазарту

    Иса Мәсіх

    Исаның мейірімділігі: Алапесті сауықтыру және күнәні тазарту

    Исаның алапесті емдеудегі мейірімділігін зерттеңіз, күнәнің табиғатын және сенім арқылы ұсынылатын толық…

    2025 ж. 18 қаз.·Белгісіз
  • Сізге жүзу сабақтары немесе құтқару үшін Құтқарушы қажет пе?

    Құтқарылу

    Құтқарылу үшін саған жүзу сабақтары немесе Құтқарушы қажет пе?

    Суға батып бара жатқан адамға сабақ емес, құтқарушы қажет. Рухани тұрғыдан, бәрі күнә жасаған және оларды…

    2025 ж. 4 қар.
  • Құдайдың қасиетті қаһары: Құдайлық ашу мен әділеттілікті түсіну

    Киелілік

    Құдайдың қасиетті қаһары: Құдайдың ашуы мен әділдігін түсіну

    Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

    2025 ж. 7 мау.·Г. Х. Б.
  • Римдіктерге 8-ді түсіну: Рухтағы өмір және Құдайдың сүйіспеншілігі

    Киелі Рух

    Римдіктерге 8-тарауды түсіну: Рухтағы өмір және Құдайдың сүйіспеншілігі

    Римдіктерге 8:1 – бұл абсолютті ақиқат мәлімдемесі: «Енді Мәсіх Исаның оң қолында болғандарға ешқандай…

    2025 ж. 4 мау.·Фредерик В. Грант
  • Ақталуды түсіну: Адам Құдаймен қалай әділ болады

    Ақталу

    Ақталуды түсіну: Адам Құдаймен қалай әділ болады?

    Ізгі хабар «Адам Құдай алдында қалай әділ бола алады?» деген сұраққа жауап береді. Ақталу тұжырымдамасы…

    2025 ж. 1 мам.·Дэвид Андерсон
  • Заң және христиан: Киелі кітаптағы ілім түсіндірілді

    Мұса заңы

    Заң және христиан: Киелі кітаптағы ілім түсіндірілді

    Заңның мақсатын, оның шектеулерін және христиандардың неліктен оның айыптауының астында емес екенін түсініңіз.

    2022 ж. 29 қар.