Шәкірті ұстазынан, қызметшісі қожайынынан жоғары емес.
Матай 10:24
Күнделікті нұр
Шәкірті ұстазынан, қызметшісі қожайынынан жоғары емес.
Матай 10:24
Маған «Ұстаз», «Ием» дейсіңдер. Осылай атағандарың дұрыс, себебі Мен Солмын.
Жохан 13:13
Шәкірті ұстазына, қызметшісі қожайынына ұқсаса, соған қанағат тұтсын. Жұрт «үйдің Иесін» белзебүл (шайтан) деп атаса, оның үй ішіне одан бетер жаман ат тақпай ма?
Матай 10:25
Мына айтқан сөзім естеріңде болсын: «қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес». Күнәкарлар Мені қудаласа, сендерді де қудалайды. Олар Менің сөзімді ұстанды ма, жоқ, ендеше сендердің сөздеріңді де ұстанбайтын болады.
Жохан 15:20
Бұларға Сенің хабарыңды білдірдім. Күнәкар дүние оларды жек көріп келеді, себебі Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да сондай емес.
Жохан 17:14
Исаның күнәкарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер! Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар! Күнәға қарсы тойтарыс берген күрестеріңде сендер әлі де қандарыңды төгіп, жандарыңды пида еткен жоқсыңдар.
Еврейлерге хат 12:3–4
Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр. Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық! Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді. Бұдан кейін Ол Құдайдың тағының оң жағындағы құрметті орнына жайғасып отырды.
Еврейлерге хат 12:1–2
Сонымен, Мәсіхтің Өзі тәнімен азап шеккендіктен, сендер де (жақсылық үшін азап шегуге дайын) болыңдар! Осындай ой-ниет өздеріңді қорғайтын қалқан іспетті. Тәні азап шегіп жатқан сенуші күнәлі құмарлықтарына берілмейді.
Петірдің 1-хаты 4:1
Балам, жүрегіңді маған бағышта, Риза бол өзіңді жүргізетін жолдарыма!
Нақыл сөздер 23:26
Олардың Мені терең қастерлеп, өсиеттерімді түгел орындауға ниеттенген жүректері берік болса екен! Сонда олардың өздері де, ұрпақтары да әрқашан игілікті өмір сүретін болады.
Заңды қайталау 5:29
Осы қызметті атқаруға сенің қақың жоқ, себебі Құдайдың алдында жүрегің таза емес.
Елшіл. істері 8:21
Ескі күнәкар болмысымыздың ниеті Құдайға қас, ол Құдайдың заңына бағынбайды, әрі бағына алмайды да. Сондықтан ескі күнәкар болмысының еркімен өмір сүретіндер Құдайға ұнай алмайды.
Римдіктерге хат 8:7–8
Бұл күткенімізден де артық болды! Олар өздерін алдымен Иемізге бағыштап, сондай-ақ, Құдайдың еркімен бізге де беріле көмектесті.
Қорынттықт. 2-хат 8:5
Құдайдың киелі үйіндегі қызмет болсын, Таурат заңы мен оның ережелеріне бағыну болсын, не істесе де, Езекия шын жүректен атқарып, Құдайға мойынсұнды. Осылайша ол табысқа кенелді.
Шежірелер 2-ж. 31:21
Ең бастысы, таза сақта жүрегіңді, Өйткені ол — өміріңнің қайнар көзі.
Нақыл сөздер 4:23
Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар!
Қолостықт. хат 3:23
Айтқандарын тек көңілдерінен шығу үшін, олар сендерді бақылап тұрғанда ғана емес, ұдайы жан-тәндеріңмен орындай беріңдер! Осылай Құдайдың еркін Мәсіхтің қызметшісі ретінде іске асырыңдар! Сөйтіп қызметтеріңді адамға емес, Иемізге арнағандай ынтамен атқарыңдар.
Ефестікт. хат 6:6–7
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2026 ж. 9 шіл.
2026 ж. 8 шіл.
2026 ж. 7 шіл.
2026 ж. 6 шіл.
2026 ж. 5 шіл.
2026 ж. 4 шіл.
2026 ж. 3 шіл.
Кішіпейілділік
Құдай Патшалығындағы шынайы ұлылық нені білдіретінін біліңіз. Ол дүниелік билік пен байлықта емес, Исаның…

Шәкірттік
Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.

Мейірімділік
Жақсы Самариялық туралы астарлы әңгіме Құдайдың өліп бара жатқан күнәкарларға деген мейірімділігін көрсетеді…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…

Бос әурешілік
Бұл мақала нарциссизм мен өзімшілдік күнәсін зерттейді, сенушілерді Құдай Сөзі арқылы Мәсіхтегі шынайы…