Өз жолы адамға түзу болып көрінер, Ал оның жүрегін Жаратқан Ие тексерер.
Нақыл сөздер 21:2
Күнделікті нұр
Өз жолы адамға түзу болып көрінер, Ал оның жүрегін Жаратқан Ие тексерер.
Нақыл сөздер 21:2
Әділдің қамын Жаратқан ойлайды, Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.
Забур жырлары 1:6
Содан кейін ол Қорах пен оның барлық жақтастарына тіл қатып былай деді: — Ертең Жаратқан Ие кімнің Өзіне бағышталған киелі екенін көрсетеді. Жаратқан Ие таңдап алғандарына Өзіне жақындауға жол береді.
Руларды санау 16:5
Осылайша жасаған қайырымдылықтарың құпия болмақ. Сонда құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек.
Матай 6:4
Сүйіспеншілікте қорқыныш жоқ. Шынайы сүйіспеншілік қорқынышты жолатпайды, себебі қорқыныш жазаға байланысты. Қорқатын кісіде сүйіспеншілік мақсатына жеткен емес.
Жоханның 1-хаты 4:18
Заңсыз істерімнен мені арылта гөр, Зердесіздің қорлауынан сақтай гөр.
Забур жырлары 38:9
Дұшпаным өкшелеп қуғындайды, Жерге жығып жанымды таптайды, Мені көрде жатқан сүйектей етті, Түнекте тұруға мәжбүрледі.
Забур жырлары 142:3
Ал Тәңір Ие адам жүрегінің түкпір-түкпіріндегіні біледі. Киелі Рух Құдайдың адамдары үшін Оның еркіне сай өтініш жасағанда Құдай Киелі Рухтың ниетін де түгелдей түсінеді.
Римдіктерге хат 8:27
Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!»
Тімотеге 2-хат 2:19
Шығаршы мені жау құпия құрған тордан, Себебі Сен берік қорғансың маған.
Забур жырлары 30:5
Азап шегу маңдайымызға жазылғандығы өздеріңе мәлім. Қастарыңда жүрген кезімізде «Қуғынға ұшырайтын боламыз» деп алдын ала айттық қой. Міне, сол айтқанымыз келді, оны өздерің білесіңдер.
Салониқал. 1-хат 3:3–4
Мен бұларды сендер Менімен тығыз байланыста тұрып, тыныштыққа кенелсін деп айттым. Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым!
Жохан 16:33
Жебелер атқылап жауларын шашыратты, Найзағай жарқылдап оларды абдыратты.
Забур жырлары 17:15
Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық!
Римдіктерге хат 13:12
Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды. Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан.
Ишая 25:8
Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды».
Аян 21:4
Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз. Бір-біріңді осы сөзбен жұбатыңдар!
Салониқал. 1-хат 4:17–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2026 ж. 15 қыр.
2026 ж. 14 қыр.
2026 ж. 13 қыр.
2026 ж. 12 қыр.
2026 ж. 11 қыр.
2026 ж. 10 қыр.
2026 ж. 9 қыр.

Құдайдың егемендігі
Құдай білім ағашын бағыну сынағы ретінде, қателік емес, көз алдына қойды.

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Рухани өсу
Құдайдың өмір дауылдарын біздің сенімімізді жетілдіру және Оның қатысуы мен тыныштығы арқылы бізді жоғары…

Кішіпейілділік
Фарисей өзіне ұнады, бірақ кішіпейіл салық жинаушы Құдайға ұнады. Неге өзін-өзі ақтау емес, кішіпейілдік…