Бұдан кейін Мұса Келісімнің ережелері жазылған екі тас тақташаны қолына ұстап, Синай тауынан төмен түсті. Ол Жаратқан Иемен тілдескендіктен бет-жүзі нұр шашып жарқырап тұрды. Ал өзі мұны білген де жоқ.
Мысырдан шығу 34:29
Күнделікті нұр
Бұдан кейін Мұса Келісімнің ережелері жазылған екі тас тақташаны қолына ұстап, Синай тауынан төмен түсті. Ол Жаратқан Иемен тілдескендіктен бет-жүзі нұр шашып жарқырап тұрды. Ал өзі мұны білген де жоқ.
Мысырдан шығу 34:29
Ием, мен Саған сенімімді жүктедім, Содан мынаны айттым: «Қатты қиналып жүрмін!»
Забур жырлары 115:1
Сонда әділдер Оған: — Иеміз, қашан Сіздің ашыққаныңызды көріп, тамақтандырған едік? Немесе шөлдегеніңізде сусын берген едік?
Матай 25:37
Жеке басының абырой-атағын ойлайтын менмен емес, кішіпейіл болып, басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар!
Філіпілікт. хат 2:3
Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».
Петірдің 1-хаты 5:5
Сонда Оның сыртқы түрі үш елшісінің көз алдарында өзгеріске түсті: бет-әлпеті күндей жарқырап, киімдері нұрланып аппақ сәуле шашты.
Матай 17:2
Жоғарғы кеңесте отырғандардың бәрі Степанға көз тігіп қарағанда, оның бет-жүзінің періштенікіне ұқсас екенін көрді.
Елшіл. істері 6:15
Солар да Біз сияқты біртұтас болсын деп, Өзің Маған сыйлаған ұлылықты Мен оларға да бердім.
Жохан 17:22
Ал енді, бәріміз бетімізді бүркемей, ашық түрде Иеміздің салтанатты ұлылығына айнадан көргендей мұқият көз жібереміз. Осылайша Ол бізді Өзіне ұқсатып, өзгертіп келеді. Сол арқылы Оның салтанатты ұлылығы барған сайын бізден көбірек көрініс табады. Бұл Иемізден — Киелі Рухтан келеді.
Қорынттықт. 2-хат 3:18
Сендер дүниеге (Құдай жолын көрсететін) «нұрсыңдар». Төбе басына салынған қала жасырынып қала алмайды. Ешкім шам жағып, оны ыдыспен бүркеп қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа қояды, сонда оның жарығы үйдегілердің бәріне түседі.
Матай 5:14–15
Кейінірек Дәуіт філістірлермен бірге Саулға қарсы шайқасуға барған кезде Манаса руының кейбір адамдары Дәуіттің жағына өтті. Расында Дәуіт філістірлерді сол соғыста қолдаған емес, себебі філістір әміршілері өзара кеңесіп: «Дәуіт Саулдың жағына шығып кетіп, өздеріміз басымыздан айырылып жүрерміз», — деп, Дәуітті кері қайтарып жіберді.
Шежірелер 1-ж. 12:19
Мықты да батыл сарбаздар болған олар Дәуіттің жасағының басшылары ретінде қызмет атқарып, оған қарақшылар топтарына қарсы күресуге көмектесті.
Шежірелер 1-ж. 12:21
Ол өз Рухының өмірлеріңде бар екенін әрқайсыңа бәрінің игілігі үшін көрсетеді.
Қорынттықт. 1-хат 12:7
Исашар руынан: екі жүз басшы. Олар заманның ағымын және Исраилдің не істеуге тиіс екендігін түсінетін адамдар болатын. Барлық руластары олардың айтқандарын орындап жүрді.
Шежірелер 1-ж. 12:32
Кейбіреуге Киелі Рухтан даналық сөз, ал басқасына дәл сол Рухтан білімге толы сөз беріледі.
Қорынттықт. 1-хат 12:8
Забулон руынан: қару-жарақтың бар түрімен жабдықталып, шайқасқа сап түзеп шығатын елу мың адам. Олар Дәуітті шын жүректен қолдап жүрді.
Шежірелер 1-ж. 12:33
ол — екіойлы, барлық іс-әрекетінде тұрақсыз адам.
Жақыптың хаты 1:8
Ондағы мақсаты: денеде жікке бөліну болмай, бүкіл мүшелері өзара бірдей қамқорлық көрсетсін дегені. Сондықтан бір мүше ауырса, бәрі бірге ауырады, бір мүше дәріптелсе, соған барлығы да қуанады.
Қорынттықт. 1-хат 12:25–26
Иеміз бір, бір сенімдеміз, шомылдыру рәсіміміз де бірдей.
Ефестікт. хат 4:5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2026 ж. 3 қаз.
2026 ж. 2 қаз.
2026 ж. 1 қаз.
2026 ж. 30 қыр.
2026 ж. 29 қыр.
2026 ж. 28 қыр.
2026 ж. 27 қыр.

Бірлік
Мәсіхтің ойы сенушілер арасында қалай күшті бірлік жасайтынын біліңіз. Ертедегі шіркеудің қауымдастық пен…

Бірлік
Ертедегі шіркеудің Мәсіхтің ойына негізделген бірлігі оның қарқынды евангелизмін қалай қоздырғанын біліңіз.

Рухани өсу
Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Иса Мәсіх
Матай Інжілі Ескі Өсиет пайғамбарлығын жаңа рақым дәуірімен байланыстырады, Иса Мәсіхті Исраилдің уәде…
Әке Құдай
Исаның Оны ашқанынан бастап, сенушілердің Мәсіх арқылы Оның балалары болуына дейін, Киелі кітаптың Әке Құдай…