Мәсіх бәрінің де: өлгендер мен тірілердің Иесі болуы үшін жанын құрбан етіп, қайта тірілді.
Римдіктерге хат 14:9
Күнделікті нұр
Мәсіх бәрінің де: өлгендер мен тірілердің Иесі болуы үшін жанын құрбан етіп, қайта тірілді.
Римдіктерге хат 14:9
Алайда Жаратқан Иенің Қызметшісі Оның еркімен азап шегіп құртылды. Ол өз жанын айыпты өтейтін құрбандық еткен соң, өз үрім-бұтағын көріп, ғұмыры ұзақ болады. Қызметшісінің арқасында Жаратқан Иенің еркі жүзеге асады. Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап қанағаттанатын болады. Оны көп адамдар танып мойындап, ақталады. Ол солардың күнәларын өз мойнына алады.
Ишая 53:10–11
Мәсіх Өзінің салтанатты ұлылығына енуінен бұрын осындай азаптарды көруге тиіс емес пе еді?! — деп,
Лұқа 24:26
Мәсіхтің сүйіспеншілігі бізді алға басуға мәжбүр етеді. Себебі мынадай қорытындыға келдік: бір Адам бәрі үшін өлгендіктен барлығы да рухани өлді. Мәсіхтің бәрі үшін өлгендігінің мақсаты мынау: жаңа өмірге ие болғандар енді тек өздері үшін ғана тіршілік етпесін, қайта, Мәсіхке бағышталып өмір сүрсін! Ол солардың игілігіне бола жанын құрбан етіп, өлімнен қайта тірілді ғой.
Қорынттықт. 2-хат 5:14–15
Сондықтан бүкіл Исраил халқы мынаны анық білсін: Құдай сендер айқышқа шегелеткен осы Исаны «Иеміз» және «Мәсіх» етіп тағайындады!
Елшіл. істері 2:36
Құдай әлемді жаратпастан бұрын-ақ Мәсіхті бұл мақсатқа таңдап белгілеп еді, ал заманның аяғында Оны сендер үшін ашық көрсетті. Сендер Мәсіх арқылы Құдайға сендіңдер; Ол Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, ұлылыққа кенелткен еді. Сол себепті сенімдерің мен үміттерің Құдайға бағышталып келеді.
Петірдің 1-хаты 1:20–21
Күнделікті нанымызды бүгін де бере гөр.
Матай 6:11
Мұндайлар зәулім жартасты не мықты қорғанды паналағандай қауіпсіз болмақ. Оларға жейтін тамақтары беріліп, ішетін сусындары да таусылмас.
Ишая 33:16
Ол сайдың суын ішіп, таңертең және кеште қарғалар оған нан мен ет әкеліп отырды.
Патшалықтар 3-ж. 17:6
Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.
Філіпілікт. хат 4:19
Ақшақұмар болмай өмір сүріп, қолдағы барды қанағат тұтыңдар! Құдай: «Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын», — деген ғой.
Еврейлерге хат 13:5
Жаратқан Ие сендерді мойынсұндыру үшін кейде аштыққа душар етті. Адам тек нанмен ғана емес, Жаратқан Иенің аузынан шыққан әрбір сөзімен де өмір сүреді дегенді үйрету үшін Ол сендерді өздерің де, ата-бабаларың да бұрын татып көрмеген тәтті нанмен (маннамен) қоректендірді.
Заңды қайталау 8:3
Иса: — Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: сол заманда көктен нан берген — Мұса пайғамбар емес, Менің Әкем. Қазір де Әкем сендерге көктен шынайы «нанды» ұсынып тұр. Себебі көктен түсіп, адамзатқа өмір Беруші — «Құдайдың наны», — деп жауап қайтарды. Олар: — Мырза, бізге әрқашан осындай нан беріп тұрыңызшы! — деп өтінді.
Жохан 6:32–34
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2026 ж. 13 қаз.
2026 ж. 12 қаз.
2026 ж. 11 қаз.
2026 ж. 10 қаз.
2026 ж. 9 қаз.
2026 ж. 8 қаз.
2026 ж. 7 қаз.

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Қайта тірілу
Тек қана Христиандық қайта тірілген Құтқарушымен қарым-қатынасқа негізделген. Лұқа Елшілердің істері 1:1-3-те…

Құтқарылу
Руттың Құдайға адал шешімі кедейліктен батаға қалай әкелгенін, Мәсіхтің біздің Туысқан-Құтқарушымыз ретінде…

Шәкірттік
Мәсіхтің Матай 11:28-30-дағы қызметке арналған үш қадамдық жоспарын ашыңыз. Қалай тыныштық табуға, Оның…

Басқарушылық
Христиандық садақа берудің рухани себептері мен пайдаларын зерттеңіз, оның Құдайды қалай даңқтайтынын…

Дүниеқоңыздық
Сүлеймен патша әйелдер, қазына және билік сияқты дүниелік «көпіршіктерден» бақыт іздеді, бірақ тек босшылық…