Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

Құдайдың саған көрсететін түсінігі мен мейіріміндей бол

Иеміз жақын·Альберт Блок

Иеміз жақын
Барлық жазбалар

8 Басқарушылар әскерге тағы былай десін: «Жүрексініп қорқып тұрған адам бар ма араларыңда? Ол да үйіне қайта берсін! Әйтпесе, оған қарап бауырластары да үрейленіп, қорқып жүрер!»

1 Ал исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. Содан Жаратқан Ие оларды жеті жылға Мадиян халқының қолына тапсырды. 2 Мадияндықтар Исраилге тым қатты зорлық-зомбылық көрсеткендіктен, исраилдіктер өздеріне тау шатқалдарында үңгірлер мен бекіністер дайындап алып, сонда бас сауғалады. 3 Себебі исраилдіктер жерге егін еккен сайын, мадияндықтар амалектіктермен және шығыстың басқа да көшпелі тайпаларымен бірге оларға шапқыншылық жасай беретін. 4 Жау исраилдіктерге қарсы қостарын тігіп, тіпті Газаға дейінгі аралықтағы барлық жердің өнімін құртты. Олар Исраилде ешқандай азық-түлік атаулыны тастамай, не ірілі-ұсақты малдан, не есектерден бірде-біреуін де тірі қалдырмайтын. 5 Сол тайпалар малдарымен, қостарымен елді шегірткедей қаптап кететін, себебі адамдары мен түйелері сансыз көп болатын. Олар елге басып кіріп, оның сау тамтығын да қалдырмайтын. 6 Осылайша исраилдіктер мадияндықтардың кесірінен қатты күйзеліске түсіп, Жаратқан Иеге жалбарына сиынды. 7 Олар мадияндықтарға бола Жаратқан Иеге жалынып мінажат еткендіктен, 8 Жаратқан Ие Исраилге бір пайғамбарды жіберді. Ол халыққа былай деді: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен Өзім сендерді құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шықтым; 9 мысырлықтардың қолынан және өздеріңді жәбірлеген басқалардың да барлығынан сендерді құтқардым. Оларды алдарыңнан қуып шығып, жерлерін сендерге табыстадым. 10 Өздеріңе былай дегенмін: «Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Енді сендер аморлықтардың жерін мекендеп тұрсыңдар, ал олардың жалған тәңірлерінен қорқып, соларға табынбаңдар!» Бірақ та сендер Мені тыңдамадыңдар». 11 Бұдан кейін Жаратқан Иенің періштесі Офрадағы дәу еменнің түбіне барып, сонда отырды. Бұл жер Әбиезердің ұрпағы Жоғастың меншігі еді. Сол кезде Жоғастың ұлы Гедеон жинаған бидайының дәндерін мадияндықтардан сақтап қалу үшін оны жүзім сыққыштың ішінде бастырып жатқан еді. 12 Жаратқан Иенің періштесі Гедеонға көрініп: — Жаратқан Ие саған жар, мықты батыр! — деп тіл қатты. 13 Гедеон оған былай деп жауап берді: — Уа, мырзам, егер Жаратқан Ие бізге жар болса, онда неліктен осының бәрі басымызға түсті? Аталарымыз бізге айтып берген Оның барлық кереметтері қайда кеткен?! Олар: «Халқымызды Мысыр елінен бастап алып шыққан Жаратқан Ие емес пе еді?» дейтін. Ал қазір Жаратқан Ие бізді тастап кетіп, мадияндықтардың қолына бере салды! 14 Жаратқан Ие Гедеонға бұрылып: — Сен бар да, осы құдіретіңмен Исраилді мадияндықтардың қолынан құтқарып ал! Сені жұмсап тұрған Өзім емеспін бе?! — деп аманаттады. 15 Бірақ Гедеон: — Уа, Мырзам, мен қалайша Исраилді құтқармақпын? Менің әулетім Манаса руының ішіндегі ең әлсізі, әрі өзім де әкемнің үйіндегі кенжесімін ғой! — деп жауап қатты. 16 Жаратқан Ие оған: — Мен, сөзсіз, сенімен бірге жүріп, жар боламын! Сонда сен жалғыз бір-ақ адамды соққандай, мадияндықтардың барлығына да күйрете соққы бересің, — деп уәде берді. 17 Гедеон: — Уа, Ием, егер Сен маған оң көзбен қарасаң, онда менімен сөйлесіп тұрған шынымен Өзің екенін дәлелдейтін белгі ретінде бір керемет көрсете гөр. 18 Енді мен барып, Саған арнап бір сый-тарту алып келгенше алыстап кетпей, осында бола тұрсаң екен, — деп өтінді. Жаратқан Ие: — Жарайды, сен қайтып келгенше Мен күте тұрайын, — деп келісті. 19 Гедеон үйіне барып, бір лақты сойып, етін асты да, бір қапшық ұннан ашытқысыз нан пісірді. Содан соң лақтың етін себетке салып, сорпасын ыдысқа құйып алып, еменнің түбінде періштенің алдына қойды. 20 Құдайдың періштесі Гедеонға: — Ет пен нанды мына тастың үстіне қойып, сорпаны құй! — деп тапсырды. Гедеон солай істеді. 21 Сонда Жаратқан Иенің періштесі қолындағы таяғының ұшын ет пен нанға тигізді. Лезде тастан от лап етіп шықты да, ет пен нанды жалмап қойды. Ал періште Гедеонның көзіне көрінбей қалды. 22 Бұдан Гедеон оның шынымен Жаратқан Иенің періштесі екеніне көз жеткізіп: — О, Жаратушы Тәңір Ие! Мен Жаратқан Иенің періштесінің жүзін бетпе-бет көрдім! Енді маған не болар екен? — деп абыржып қалды. 23 Ал Жаратқан Ие оны: — Саған амандық болсын! Қорықпа, содан өлмейсің, — деп жігерлендірді. 24 Гедеон сол жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын салып, оған «Жаратқан Ие — амандық (бастауы)» деген ат қойды. Сол құрбандық орны күні бүгінге дейін Әбиезер әулетіне тиесілі Офра деген жерде тұр. 25 Сол түні Жаратқан Ие Гедеонға былай деп бұйырды: «Әкеңнің табынынан жеті жасар екінші бұқаны ал. Әкеңнің Бағалға арнаған құрбандық орнын қиратып, оның жанындағы Ашераға бағышталған бағананың түбіне де балта шап! 26 Содан соң Құдайың Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орынды дұрыстап қалап сал. Екінші өгізді шалып, Ашераға бағышталған бағананың ағашымен түгелдей өртелетін құрбандық ретінде ұсын!» 27 Сонда Гедеон қызметшілерінің арасынан он адамды алып, Жаратқан Иенің берген бұйрығын орындады. Бірақ ол әкесінің үй ішінен және қала халқынан қорқып, мұны күндіз емес, түнде істеді. 28 Таңертең қала халқы ерте тұрып қараса, міне, ғажап, Бағалға құрбандық ұсынатын орын қиратылып, оның жанындағы ағаш бағананың түбіне балта шабылыпты! Ал жаңадан салынған құрбандық ұсынатын орында екінші бұқа құрбандыққа шалынып, өртеліпті! 29 Олар бір-біріне: «Бұны кім істеді екен?» — десіп, тексеріп сұрастырып, мұны Жоғас ұлы Гедеонның істегенін біліп алды. 30 Содан қала халқы Жоғастан талап етіп: — Балаңды үйіңнен мұнда алып кел! Ол өлуге тиіс! Себебі Бағалдың құрбандық орнын қиратып, жанындағы Ашераның бағанасын да шауып тастапты, — деді. 31 Бірақ Жоғас қарсы шыққандарға былай деп жауап берді: — Сендер Бағал үшін күреспексіңдер ме? Оны сендер құтқармақсыңдар ма? Бағал үшін күресетін әркім таңертеңге дейін өледі! Егер Бағал шынымен тәңір болса, өзі үшін өзі күресіп, құрбандық орнын қиратқан адамның көзін өзі құртсын! — 32 Сол күннен бастап жұрт Гедеонды «Еруб-Бағал» деп атайтын болды. Бұл «ол Бағалға арнап құрбандық ұсынатын орынды қиратып тастағандықтан, Бағал онымен өзі күрессін» деген мағынаны білдіреді. 33 Содан кейін күллі мадияндықтар, амалектіктер және шығыстың басқа да көшпелі тайпалары бірге жиналды. Олар Иордан өзенінен өтіп, Ізрел аңғарына жетіп, сол жерде қостарын тікті. 34 Сонда Жаратқан Иенің Рухы Гедеонға қонып, бойын биледі. Гедеон дабыл беріп кернейін тартқанда, Әбиезерден тараған әулет жиналып, оның соңынан ерді. 35 Ол, сондай-ақ, бүкіл Манаса руына да хабаршыларын жіберіп, оларды өзіне ілесіп аттануға шақырды. Гедеон Ашир, Забулон, Нафталимға елшілерін жолдаған соң, сол рулар да қыратты аймаққа көтеріліп, онымен кездесті. 36 Мұнан кейін Гедеон Құдайға сиынып былай деді: «Уа, Құдай! Егер Сен шынымен Өзің уәде еткендей, Исраил халқын мен арқылы құтқаратын болсаң, оны былай көрсете гөр: 37 Мен қырманға қырқылған жүнді жаямын. Егер таңертең шық тек жүннің үстіне ғана түсіп, ал жер құрғақ болса, онда Сен Өзің уәде еткендей, Исраилді жаудан мен арқылы құтқаратыныңды білетін боламын». — 38 Бұл солай болды да. Гедеон келесі күні таңертең ерте тұрып, жүннен табақ толатындай су сығып алды. 39 Ал Гедеон қайтадан Құдайға сиынып былай деді: «Қаһарлана көрмеші, тағы бір өтінішімді айтайын: мен тағы бір рет көзімді жеткізгім келеді. Бұл жолы жүн құрғақ, ал айналасындағы жер шықтан дымқыл болсын!» — 40 Құдай сол түні дәл осылай істеді. Жүн ғана құрғақ болып, айналасындағы жердің бәріне шық түсіпті! 1 Содан соң Еруб-Бағал (деп те аталған Гедеон) және онымен бірге бүкіл жасақ ерте тұрып, Харод бұлағының жанында қостарын тікті. Мадияндықтардың тұрағы олардан солтүстікте, Море төбесінің маңындағы аңғарда болатын. 2 Жаратқан Ие Гедеонға былай деп тапсырды: «Мадияндықтарды қолдарына тапсыруым үшін сенімен бірге шыққан жасақ тым көп. Әйтпесе кейін исраилдіктер «Өз күшіміз бізді жау қолынан құтқарды» деп Менің алдымда мақтанып жүрер. 3 Сондықтан жасақтың алдында: «Кім жүрексініп тұрса, осы Ғилақад төбесінен кетіп, үйіне қайта берсін!» деп жарияла». — Гедеон солай істегенде, жиырма екі мың адам үйлеріне қайтып, он мыңы ғана қалды. 4 Бірақ Жаратқан Ие: «Сарбаздар әлі де тым көп. Оларды төменге қарай, суға алып бар. Сол жерде Мен оларды іріктеймін. Содан кейін кімнің баратынын, кімнің бармайтынын Өзім саған анықтап айтып беремін», — деді. 5 Осылайша Гедеон жасақты төменге, ағып жатқан су көзіне ертіп алып барды. Жаратқан Ие оған нұсқап былай деді: «Суды ит сияқты жалап ішкендерді бір жаққа, тізерлеп ішкендерді басқа жаққа бөлекте!» — 6 Сонда суды алақанымен ұрттап, жалап ішкендердің саны үш жүз болды, ал қалған сарбаздардың барлығы суды тізерлеп жатып ішті. 7 Мұнан кейін Жаратқан Ие Гедеонға уәде беріп: «Мен осы үш жүз адаммен сендерді құтқарып, мадияндықтарды қолыңа тапсырамын. Ал қалғандары үйлеріне қайта берсін», — деді. 8 Гедеон үш жүз сарбазды бөлек тұрғызып, қалғандарының азық-түліктері мен кернейлерін алып қалып, өздерін қостарына қайтарып жіберді. Мадияндықтардың тұрағы төменде, аңғарда болатын. 9 Сол түні Жаратқан Ие Гедеонға былай деп бұйырды: «Орныңнан тұрып, ылдилап мадияндық жасақшылардың тұрағына аттан! Себебі Мен оны сенің қолыңа тапсырдым. 10 Ал егер шабуыл жасаудан қауіптенсең, көмекші Пурахты ертіп аңғардағы Мадиянның тұрағына білдіртпей түс. 11 Сол жерде олардың айтқан сөздеріне құлақ түр. Сонда естігендерің арқылы жігерленіп, жасақшылар тұрағына шабуыл жасауға батылданасың». Содан Гедеон көмекшісі Пурахпен тұрақ шетіндегі бір жасақшылар тобына таяп барды. 12 Ал күллі мадияндықтар, амалектіктер және шығыстың басқа да көшпелі тайпалары аңғарда шегіртке үйірлеріндей қаптап, түйелері де теңіз жағалауындағы құм түйіршіктеріндей сансыз көп болып жатыр екен. 13 Гедеон таяп келгенде, бір адам өзінің көрген түсін жолдасына айтып жатты: — Мен мынадай түс көрдім: бір таба арпа наны мадиянның тұрағына домалап құлап түсіпті. Ол бір қосқа соғылып, оны аударып түсіріп, жермен-жексен қылған екен. — 14 Жолдасы: — Бұл түс сол исраилдік Жоғас ұлы Гедеонның семсері туралы ғана болуы мүмкін! Құдай Мадиянды және оның бүкіл тұрағын соның қолына тапсырған болса керек! — деп жауап қайтарды. 15 Гедеон осы түсті әрі оның жоруын естіген соң, Жаратқан Иеге басын иіп ғибадат етті. Исраилдің тұрағына қайта оралғаннан кейін ол: «Тұрыңдар! Жаратқан Ие Мадиян жасағының тұрағын сендердің қолдарыңа тапсырды!» — деп әмір берді. 16 Гедеон үш жүз адамын үш топқа бөліп, әрбір адамның қолына бір-бірден керней және ішінде жанып тұрған алауы бар бос құмыраларды ұстатты да, 17 оларға былай деп бұйырды: «Маған қарап, істегендерімді қайталаңдар! Мен тұрақтың шетіне жеткенде дәл менің істегенімдей сендер де істеңдер! 18 Мен және қасымдағылар дабыл беріп керней тартқан кезде сендер де тұрақты айналдыра кернейлеріңді тартыңдар! «Жаратқан Ие үшін әрі Гедеон үшін (семсер)!» деп айқайлап ұран да салыңдар!» 19 Түн ортасында, екінші күзет енді ғана басталған кезде Гедеон қасындағы бір жүз адамымен тұрақтың шетіне жетті. Олар кернейлерін тартып, қолдарындағы құмыраларын сындырып тастады. 20 Сонда үш топтың күллі адамдары да кернейлерін тартып, құмыраларын сындырды. Олар сол қолдарымен жалындаған алауларын, оң қолдарымен кернейлерін ұстап тұрды да, «Жаратқан Ие үшін әрі Гедеон үшін семсер!» — деп ұрандаумен болды. 21 Әр адам жаудың тұрағын айналдыра өз орнында тұрды. Сонда тұрақтағылардың барлығы да сасқалақтап жүгіріп бара жатып, қатты айқайлап тым-тырақай қаша жөнелді. 22 Осы үш жүз адам кернейлерін тартқанда, Жаратқан Ие жау тұрағындағы адамдардың бәрін бір-біріне қарсы шығарып, семсерлерімен өзара шайқастырып қойды. Қалған жасақшылар (Иордан өзеніне қарай) Сәрераның жанындағы Бет-Шиттаға, Табаттың маңындағы Әбел-Мехоланың шекарасына дейін қашып кетті. 23 Алайда Исраилдің Нафталим, Ашир және бүкіл Манаса руларының адамдары шақырылып, олар мадияндықтардың соңынан қуып кетті. 24 Гедеон бүкіл Ефрем руының таулы аймағына да хабаршыларын жіберіп: «(Иордан алқабына) төмен түсіп барып, мадияндықтарға қарсы шығыңдар! Бет-Бараға дейінгі су көздерін және өзендердің өткелдерін қолға түсіріп, жауды соларға жақындатпаңдар!» — деді. Сонда Ефремнің бүкіл адамдары шақырылып, Бет-Бараға дейінгі су көздерін және Иордан мен басқа да өзендердің өткелдерін қолға түсіріп, жауды соларға жақындатпады. 25 Ефремдіктер Мадиянның артынан қуып, олардың екі әміршісі — Ориб пен Зипті тұтқындады. Содан Орибті Ориб құзының, Зипті Зиптегі жүзім сыққыштың маңында өлтіріп, бастарын Иорданның жағасынан Гедеонға алып барды.

14 Топырақтан мал азығына шөп өсіресің, Адамға ас болуға дақылдар еккізесің,

Заңды қайталау 20:8 · Билер 6–7 · Забур жырлары 103:14 · КК 2010

Құдайдың бізді және біздің қажеттіліктерімізді түсінгені қандай тамаша. Құдай біздің алаңдаушылықтарымыз бен қорқыныштарымызды біледі және Оған сенуге кепілдік береді. Көп рет Ол бізге: «қорықпа» дейді. Біреу маған бір кездері бұл сөз тіркесі Киелі кітапта 365 рет, яғни жыл бойына күніне бір рет қайталанады деп айтқан еді. Соған қарамастан, Құдай біздің қорқатынымызды мойындайды және бізге қамқорлық жасайды. Біз мұны Оның Исраилге соғысқа қатысты нұсқауынан көреміз. Алдағы шайқастан қорыққандар шайқасқа шығуға міндетті емес еді (Заң. 20:8). Біз Құдайдың Гидеонға деген шыдамдылығын көреміз, оның жүн туралы өтінішіне екі рет жауап беріп, содан кейін жау сарбазының түсін таңғажайып түсіндіргенін көреміз (Билер 6–7).

Құдайдың бізбен қарым-қатынасын, бізге деген шыдамдылығын, біздің әлсіздігімізді түсінгенін көру қандай тамаша. Бірақ біздің бауырымыз немесе әпкеміз өз қорқынышын немесе әлсіздігін көрсеткенде немесе білдіргенде, бізде де сондай түсінік, мейірім және қамқорлық бар ма?

Павел: «Егер тамақ менің бауырымды сүріндірсе, мен ешқашан ет жемеймін» (1 Қор. 8:13) деді. Ал Римдіктерге 15:1–3-те бізге «әлсіздердің күмәндеріне төзуге және өзімізге ұнамауға» айтылған. «Әрқайсымыз көршімізге оның игілігі үшін, оны нығайтуға жетелейтіндей ұнасын». Сондай-ақ, біз «салбыраған қолдарды нығайтып, әлсіз тізелерді» (Евр. 12:12) нығайтуымыз керек. Біздің бәрімізде бірдей сенім өлшемі жоқ, бірақ сенімі бар адам оны Иемізден алған өлшемге сәйкес қолдансын, оның Одан екенін мойындасын. Осымен бірге «ойдың кішіпейілдігінде әрқайсысы басқаларды өзінен артық санасын... Мәсіх Исада болған ой сендерде де болсын» (Філіп. 2:3–5) деген көзқарас болуы керек.

Ертеңгі оқуды бірінші оқыңыз

Әр таң жаңа оқу шығады.

Бақылау

Бастапқыда https://thelordisnear.org сайтында жарияланған. ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ронни Шмутцтің Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/a-very-tall-waterfall-in-the-middle-of-a-mountain-beO051yJ-iM)

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Бір күнді де өткізіп алмаңыз

Иеміз жақын бақылаңыз және әр таңғы оқуды лентаңызда алыңыз.

Телеграм

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2026 ж. 17 нау.

    Иерусалимдегі және оның айналасындағы қуғын-сүргінге байланысты шашырап кеткен...

  • 2026 ж. 16 нау.

    Ешуа 11-тарауда жердің солтүстік бөлігіндегі халықтардың Хазор патшасы Жабиннің...

  • 2026 ж. 15 нау.

    Еврейлерге 12:1–2-де берілген бейне жарыс пен біз жүгірген кезде назар аударатын нысан...

  • 2026 ж. 14 нау.

    Әзілдеп айтқанда, үш алма адамзат тарихының бағытын өзгертті дейді? Оларды кері ретпен...

  • 2026 ж. 13 нау.

    Құдай Жүсіпті Мысырды ғана емес, сонымен қатар оған әділетсіз қараған ағаларын да құтқару...

  • 2026 ж. 12 нау.

    Құдай Сөзінің тамаша қасиеттерінің бірі – оның мазмұнында ашылған ақиқаттар жеке...

  • 2026 ж. 11 нау.

    1 Патшалықтар кітабының бұл тарауы өте ерекше. Біз жер бетіндегі тақуа патша Ехошафаттың...

Ұқсас мақалалар

  • Мойынсұну

    Мәсіхтің кішіпейілділігін түсіну және оған еліктеу

    Исаның өзін қалай кішірейткенін, қызмет пен бағыну өмірін сүргенін және ұятты өліммен өлгенін зерттеңіз.

    2020 ж. 23 жел.·Белгісіз
  • Сенім

    Руттың тақуа мінезі: Сенім мен ізгіліктің үлгісі

    Моабтық Руттың жеті тақуалық қасиетін ашыңыз: кішіпейілділік, еңбекқорлық, бағыну және сабырлық. Ішкі сұлулық пен сенімнің мәңгілік үлгісі.

    2023 ж. 29 қыр.·Мартин Жирар
  • Мәсіхтің момындығы мен киелі жігері: теңдестірілген үлгі

    Адалдық

    Мәсіхтің момындығы мен қасиетті ынтасы: теңдестірілген үлгі

    Иса жеке шабуылға ұшырағанда момындық танытты, бірақ Құдайдың мүдделері үшін қасиетті ынта көрсетті. Өміріңізде Мәсіхтің теңдестірілген…

    2025 ж. 3 шіл.
  • Мәсіхке тиесілі болу: Құдайдың шақыруына лайықты өмір сүру

    Шәкірттік

    Мәсіхке тиесілі болу: Құдайдың шақыруына лайықты өмір сүру

    Христиандардың сөзі мен өмір салты оларды әлемнен ерекшелендіріп тұруы керек, дейді "Грейс энд Трут" журналы. Бұл қағида қоғамдағы барлық…

    2025 ж. 1 мау.·Пол Альбертс