Иса Мәсіх Өзін Алғашқы және Соңғы деп атайды. Ишая пайғамбарда үш рет және Аян кітабында үш рет кездесетін тамаша атау.
Ишая кітабындағы үзінділер Оның барлық нәрсенің бірегей, өзгермейтін және құдіретті Жаратушысы және Демеушісі екенін көрсетеді. Ол Өздігінен бар Ұлы МЕНМIН.
Аян кітабында Оның Құдайдың керемет жоспарын орындау үшін өлгенін көреміз. Және қайта тірілген жеңімпаз Құтқарушы ретінде Ол бізге былай деп үн қатады:
«Қорықпа, Мен біріншімін және соңғымын, әрі тірімін. Мен өлдім, міне, мәңгілікке тірімін» (Аян 1:17, 18). Ол сенімдері үшін қудаланғандарға жанашырлық танытып, былай дейді:
«Мен сенің қайғыңды білемін» (Аян 2:9). Киелі кітаптың соңында Ол бізге былай деп сендіреді:
«Міне, Мен жақында келемін, және Менің сыйлығым Менімен бірге». Біз сыйлығымызды Құдайдың мәңгілік Ұлынан басқа ешкімнен алмаймыз. Ол жақында келеді – өйткені Ол адал және Өзі уәде еткенін орындайды!





