Иса Мәсіх өзін алғашқы және соңғы деп атайды, бұл тамаша атау Ишая кітабында үш рет және Аян кітабында үш рет кездеседі.
Ишая кітабындағы үзінділер оның барлық нәрсенің бірегей, өзгермейтін және Құдіретті жаратушысы екенін көрсетеді. Ол өзінде бар Ұлы Менмін. Ал Аян кітабында біз оның Құдайдың керемет жоспарын орындау үшін өлгенін көреміз.
Және Тірілген, Жеңімпаз Құтқарушы ретінде ол бізге үн қатып: «Қорықпаңдар, Мен алғашқы және соңғымын, әрі тірімін. Мен өлдім, міне, Мен мәңгілікке тірімін», – дейді.
Ол сенімдері үшін қудаланғандарға жанашырлық танытады және: «Мен сендердің қайғыларыңды білемін», – дейді. Ал Киелі кітаптың соңында ол бізге: «Міне, Мен тез келемін, және Менің сыйлығым Менімен бірге», – деп сендіреді.
Біз сыйлығымызды Құдайдың Мәңгілік Ұлынан басқа ешкімнен алмаймыз. Ол тез келеді, өйткені ол адал және уәде еткенін орындайды.






