Біздің аятымыз Исаның Өз халқын Өз қанымен қасиеттегенін айтады. Қасиеттеу – Киелі жазбаларда жиі қате түсінілетін тақырып. Қасиеттелу дегеніміз – бөліну; ол «қасиетті» деген сөзбен байланысты. Біздің аятымыз айтып тұрған бір реттік позициялық қасиеттелу бар, және біз күн сайын Әкеміз бен Иеміз Исаны не қуантатынын көбірек үйреніп жатқан практикалық қасиеттелу бар.
Бұл аятта біз Оның қанымен «біржола» қасиеттелгенімізді оқимыз. Ескі Өсиеттегі заттар мен адамдар, үлгі бойынша, жануарлардың қаны арқылы қасиеттелген. Мысырдағы Исраил балалары Құдайға және Мысырдан Құтқару қозысының қанымен бөлінген. Олар Мысырға түскен тұңғыштардың өлімімен болған үкімнен бөлінген. Біз де Құдайға және осы әлемнен және оның үкімінен Иеміз Исаның қан төгуі арқылы бөлінгенбіз (Ғал. 1:4). Біздің Құдайға шынымен қасиеттелуіміз үшін, Құдай Ұлының, Құдайдың шынайы Қозысының қаны қажет болды.
Біз Құдайға Өзі үшін және Өзінің қолданысы үшін бөлінгенбіз. Киелі шатырдағы ыдыстар қасиеттелген (Леу. 8:10), бірақ олар жай ғана сөреде отыру үшін бөлінген жоқ. Олар қолданылуы керек еді. Сондықтан біздің Құдайымыз бен Әкеміз бізді Өзіне Өзін қолдану үшін бөлді. Қымбатты сенуші бауыр, сен Құдайға бөлінгенсің. Енді Ол сені Өз қызметінде қолданғысы келеді. Әрбір сенушінің Иеміз үшін сыйы мен қызметі бар. Ол біздің сөреде, бейне бір, шаң жинап отырғанымызды қаламайды. Ол бізді Өз даңқы үшін және басқалардың батасы үшін қолданғысы келеді, мейлі ол Інжілде, немесе оқытуда, немесе Өз отарына шопандық қамқорлықта, немесе көптеген көрінбейтін жолдармен көмектесуде болсын, олар өте қажет. Ол келгенде бізді «Иеміздің ісінде әрқашан мол» деп тапсын.





