Басқаларды Иеміз Исаға дұғада болсын, құтқарылу үшін болсын әкелу қандай тамаша. Достарын Иемізге әкелген осы төрт адамға еліктейік!
Иеміз Иса адамның дене кемістігін көрді; бірақ одан да көп, Ол алдына әкелінген бұл адамның жүрегін және рухани қажеттілігін көрді. Ехоба тек сыртқы келбетке емес, жүрекке қарайды (1 Сам. 16:7). Ехоба енді олардың алдында Адам ретінде, Адам Ұлы ретінде Өзі тұрды.
Сөйтіп, Иеміз осы сал ауруына шалдыққан адамға оның күнәлары кешірілгенін жариялады. Басқа жерлерде біз кешірімнің негізі Мәсіхтің біз үшін төккен қаны екенін табамыз (Ефес. 1:7). Алайда, мұндағы мәселе – жер бетіндегі Адам Ұлының күнәларды кешіруге толық өкілеттігі болғандығында. Бұл Оның жай ғана Адам емес, Құдайдың Өзі екенін білдірді! Заң оқытушылары тек Құдай ғана күнәларды кешіре алады деп дұрыс айтты (Мар. 2:7), бірақ олардың алдында етпен көрінген Құдай тұрды!
Матайдың баяндауындағы 4-тармаққа назар аударыңыз: ол бізге: «Иса олардың ойларын біліп», – дейді. Адам Ұлы ретінде, Иеміз сал ауруына шалдыққан адамның жүрегін ғана емес, заң оқытушыларының ойларын да білді. Шынында да, Ол – бізді зерттейтін және білетін, және біздің ойларымызды алыстан түсінетін Ехоба (Заб. 139:1–4).
Содан кейін, Адам Ұлы ретінде күнәларды кешіруге шынымен де осы күші бар екенін көрсету үшін, Иеміз Иса адамның салдануын да емдеп, оған тұрып жүруді айтты. Иеміз бұл адамды жүргізгендей, Ол Адам Ұлы ретінде күнәларды кешіре алады.