2006 ж. 1 мау.
Күнделікті нұр, 2 маусым: Өзге ештеңе аңсамаймын жерде де!
Күнделікті нұр
Сендер тамақтанып жатқанда белдерің буулы, аяқкиімдерің киюлі ... Бұл — Маған, Жаратқан Иеге, арналған Құтқарылу асы.
Мысырдан шығу 12:11
Тұрыңдар! Кетіңдер! Бұл елде бұдан былай аман-есен тұра алмайсыңдар.
Миха 2:10
Осы күнәкар дүниеде біз тұратын мәңгілік қала жоқ, қайта, көктегі келешек қаланы аңсап күтудеміз.
Еврейлерге хат 13:14
Мұның бәрі осылай болғандықтан, Құдайдың Өзі жетінші күні демалып тыныққаны сияқты, Оның халқы үшін де шынайы тыныштыққа жету мүмкіндігі әлі де бар.
Еврейлерге хат 4:9
Белдерің буулы, шамдарың жағулы болсын! Сөйтіп сендер қожасының тойдан қайтуын күтіп тұрған қызметшілерге ұқсаңдар. Олар қожайыны келіп, есік қағысымен дереу ашуға дайын тұрады. Қожайыны келгенде олардың күзетіп ояу отырғанын көрсе, қызметшілері бақытты!
Лұқа 12:35–37
Ақыл-ойларыңды іс-әрекетке дайын ұстауға бел буыңдар! Сергек болып, Иса Мәсіх салтанатпен қайтып келгенде көрсететін рақымға толығынан үміт артыңдар!
Петірдің 1-хаты 1:13
Істеп жүргенім бір-ақ нәрсе: өткен нәрселерді ескермей ... Құдайдың сыйына — Оның Мәсіх Иса арқылы шақырған көктегі өміріне ие болу үшін көздеген мақсатты қуып жүрмін. Арамызда кім жетілген болса, осылай ойласын.
Філіпілікт. хат 3:13–15
Уа, Ием, маған жар болып келесің, Жарылқап мені амандық бересің.
Забур жырлары 15:5
Оның бізге дайындап қойған мәңгілік игіліктеріне де ие боламыз: Құдай Мәсіхке сыйлағандары іспетті игіліктерді бізге де сыйламақ.
Римдіктерге хат 8:17
Бәрі де сендерге игілік көрсетуге қатысады.
Қорынттықт. 1-хат 3:21
Сүйіктім менікі.
Таңдаулы ән 2:16
Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!
Ғалаттықт. хат 2:20
Жаратқан Ие Һаронға тағы былай деді: «Сендерге, діни қызметкерлерге, елден мұралық аймақ бөлінбейді, халық арасында сендерге тиер үлес те жоқ. Исраилдіктердің арасындағы сендердің үлестерің де, мұраларың да Менмін.
Руларды санау 18:20
Өзіңнен басқа кімім бар еді көкте? Өзге ештеңе аңсамаймын жерде де! Тәнім әлсіреп, жаным шаршағанмен, Уа, Құдай, мәңгілік жар боласың Сен, Жүрегімнің берік тірегі бола бересің.
Забур жырлары 72:25–26
Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, Себебі Өзің менің қасымдасың, Жігер береді сойылың мен таяғың.
Забур жырлары 22:4
Себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.
Тімотеге 2-хат 1:12
Уа, Ием, Сен сиынатын Құдайымсың, Таң сәріден мен Саған бет бұрамын, Сусыз жердемін кеуіп, құлазыған, Жан-тәніммен Сені аңсап сағынам.
Забур жырлары 62:2
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 31 мам.
Жаратылыстың баст. 32:28 · Ошия 12:3–4
2006 ж. 30 мам.
Еврейлерге хат 4:11 · Матай 7:13–14
2006 ж. 29 мам.
Леуіліктер 17:11 · Жохан 1:29
2006 ж. 28 мам.
Філіпілікт. хат 3:20 · Титке хат 2:11–14
2006 ж. 27 мам.
Нақұм 1:7 · Еремия 33:11
2006 ж. 26 мам.
Еврейлерге хат 13:20 · Петірдің 1-хаты 5:4






