2006 ж. 29 мам.
Күнделікті нұр, 30 мамыр: Одан не сұрасақ та, аламыз
Күнделікті нұр
Сондықтан ешқайсымыз ата-бабаларымыз сияқты бағынбаушылыққа бола сол тыныштықтан құр қалмау үшін оны иемденуге жан сала ұмтылайық!
Еврейлерге хат 4:11
Тар қақпадан кіріңдер! Тозаққа апаратын қақпа кең, жол да даңғыл. ... Ал шынайы өмірге апаратын қақпа да, жол да тар. Соны біразы ғана табады.
Матай 7:13–14
Шомылдыру рәсімін орындаған уақытынан бері қазірге дейін Құдайдың Патшалығы күшпен алға басып, күш салғандар оны иемденуде.
Матай 11:12
Өткінші тамаққа емес, мәңгілік өмір беретін рухани нәрге ұмтылыңдар! Оны сендерге көктен келген Мен ғана бере аламын.
Жохан 6:27
Құдайдың өздеріңді меншікті халқы болуға шақырып, таңдап алғандығын өмірлеріңмен нық бекітуге ынтамен ұмтылыңдар! ... Осылайша сендерге Иеміз бен Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің мәңгілік Патшалығының «қақпасы» айқара ашылып, оған емін-еркін кіресіңдер.
Петірдің 2-хаты 1:10–11
Сендер де «жүлдеге» ие болатындай Мәсіхтің жолымен «жүгіріңдер»! Әрбір жарыскер барлық жағынан қатаң ұстамдылық танытады. Оның алғысы келетіні — кейінірек солып қалатын гүлдестесі ғана, ал біздің алатынымыз — мәңгі солмайтын «жеңіс тәжі»!
Қорынттықт. 1-хат 9:24–25
Құдайдың жарату жұмысын тамамдаған соң тынығып демалғанындай, Оның дайындап қойған шынайы тыныштығына ие болған әркім де өз бетімен еңбектенуін доғарып, тынығады.
Еврейлерге хат 4:10
Жаратқан Ие, сенің Құдайың, Өзім мәңгілік нұрың мен салтанатың боламын!
Ишая 60:19
Тілегімді әрқашан қабыл алатыныңды білемін.
Жохан 11:42
Иса көзін көкке қадап: — Әке, тілегімді қабыл алғаның үшін Саған ризамын!
Жохан 11:41
Әке, өз атыңды ұлылыққа жеткізе гөр! — Сонда көктен: «Мен оны ұлылыққа жеткіздім және бұдан былай да жеткізе беремін!» — деген үн естілді.
Жохан 12:28
Міне ... Шиыршық кітапта Мен туралы жазылған.
Еврейлерге хат 10:7
Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!
Лұқа 22:42
Осылай қиямет сотында нық сенімді боламыз.
Жоханның 1-хаты 4:17
Біз Оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады деп нық сенеміз.
Жоханның 1-хаты 5:14
Одан не сұрасақ та, аламыз. Өйткені Құдайдың өсиеттерін орындап, Ол не қаласа, соны істейміз.
Жоханның 1-хаты 3:22
Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес. Құдайға келген әркім Оның бар екеніне сенуге және Өзін іздеп, жақыннан танығысы келгендерді Құдайдың жарылқайтынына илануға тиіс.
Еврейлерге хат 11:6
Иса мәңгі өмір сүріп, олар үшін өтініш жасайды.
Еврейлерге хат 7:25
Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх.
Жоханның 1-хаты 2:1
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 28 мам.
Філіпілікт. хат 3:20 · Титке хат 2:11–14
2006 ж. 27 мам.
Нақұм 1:7 · Еремия 33:11
2006 ж. 26 мам.
Еврейлерге хат 13:20 · Петірдің 1-хаты 5:4
2006 ж. 25 мам.
Забур жырлары 31:19 · Ишая 64:4
2006 ж. 24 мам.
Ефестікт. хат 4:30 · Римдіктерге хат 15:30
2006 ж. 23 мам.
Мысырдан шығу 28:12 · Еврейлерге хат 7:24–25






