2006 ж. 14 мау.
Күнделікті нұр, 15 маусым: Енді сұраңдар да алыңдар!
Күнделікті нұр
Ашылмаған құпиялар Құдай Иеміздікі. Ал ашылғандары бізге және ұрпақтарымызға арналған.
Заңды қайталау 29:29
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.) Уа, Жаратқан Ие, өркөкірек емеспін, Паңдана қарамайды көздерім менің, Не тым ұлы істермен шұғылданбаймын, Не шамам келмейтіндермен айналыспаймын, Қайта, ризамын, жан дүнием тыныштықта. Бейқам жүр сәби анасының қасында, Сол нәресте сықылды өз жаным да Тыныш жатыр бейқам болып бойымда.
Забур жырлары 130:1–2
Иеміз Өзін қастерлейтіндерге сырын Ашады және білдіреді Келісімін.
Забур жырлары 24:14
Бірақ көктегі Құдай құпияларды ашып бере алады. Уа.
Даниял 2:28
Ал бұлар Құдайдың істерінің жай бір бөлігі ғана, Оның Өзі туралы естігеніміз тым аз!
Әйүп 26:14
Сендерді бұдан былай құл демеймін, құл иесінің не істеп жүргенін білмейді. Қайта, сендерді достарым деп атадым, өйткені Әкемнен естігендерімнің бәрін сендерге білдірдім.
Жохан 15:15
Сендер Мені сүйсеңдер, өсиеттерімді орындаңдар! Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын Қамқоршыны жіберуін өтінемін, Ол — шындықты білдіретін Киелі Рух.
Жохан 14:15–17
Киелі Рух Құдайдың адамдары үшін Оның еркіне сай өтініш жасағанда Құдай Киелі Рухтың ниетін де түгелдей түсінеді.
Римдіктерге хат 8:27
Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Әкеден Менің атымнан не сұрасаңдар, Ол соны береді. Бұған дейін Менің атымнан еш нәрсе де сұраған жоқсыңдар. Енді сұраңдар да алыңдар! Сонда шексіз қуанышқа кенелесіңдер.
Жохан 16:23–24
Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінажат ете беріңдер!
Ефестікт. хат 6:18
Біз Оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады деп нық сенеміз. Не сұрасақ та, Құдай бізге құлақ салады деп білсек, Оның тілегенімізді беретінін де білеміз.
Жоханның 1-хаты 5:14–15
Құдай сендердің Өзіне бағышталып қасиетті өмір сүргендеріңді қалайды.
Салониқал. 1-хат 4:3
Құдай бізді азғын емес, Оған бағышталған қасиетті өмір сүруге шақырды. ... Ол сендерге Өзінің Киелі Рухын берді ғой.
Салониқал. 1-хат 4:7–8
Әрдайым қуанып, Құдайға үздіксіз сиыныңдар, Оған барлық жағдайларда да алғыс айтыңдар! Иса Мәсіхтің жолымен жүруші сендерден Құдай осыны күтеді. Құдай Рухының іс-әрекетін тежемеңдер!
Салониқал. 1-хат 5:16–19
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 13 мау.
Жохан 15:4 · Ғалаттықт. хат 2:20
2006 ж. 12 мау.
Руларды санау 31:23 · Заңды қайталау 13:3
2006 ж. 11 мау.
Лұқа 15:20 · Забур жырлары 103:8–13
2006 ж. 10 мау.
Лұқа 15:13 · Қорынттықт. 1-хат 6:11
2006 ж. 9 мау.
Жохан 7:46 · Забур жырлары 45:2
2006 ж. 8 мау.
Жаратылыстың баст. 39:3 · Забур жырлары 128:1–2






