2006 ж. 13 шіл.
Күнделікті нұр, 14 шілде: Саған амандық пен тыныштық болсын!
Күнделікті нұр
Қалайша жақсы сөздер айта алар едіңдер? Жан дүниең неге толса, ауызың соны айтар.
Матай 12:34
Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары.
Қолостықт. хат 3:16
Ең бастысы, таза сақта жүрегіңді, Өйткені ол — өміріңнің қайнар көзі.
Нақыл сөздер 4:23
Тілде өмір мен өлімнің билігі болар.
Нақыл сөздер 18:21
Әділ жанның аузынан даналық шығады, Тілімен ол әрдайым әділдік айтады, Жүрегінде Құдайының заңы қалады, Әділдік жолында аяғы нық болады.
Забур жырлары 36:30–31
Ауыздарыңнан жаман сөз емес, жақсы сөз ғана шығып, тыңдап тұрғандардың сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін.
Ефестікт. хат 4:29
Ал біз көріп-естігендеріміз туралы үнсіз қала алмаймыз, — деп жауап берді.
Елшіл. істері 4:20
Ием, мен Саған сенімімді жүктедім, Содан мынаны айттым: «Қатты қиналып жүрмін!»
Забур жырлары 115:1
Сонымен Мені адамдар алдында мойындаған әркімді Мен де көктегі Әкемнің алдында мойындаймын.
Матай 10:32
Себебі Мәсіхке жүрегімен сенуі арқылы адам күнәсінен ақталады, Оны аузымен мойындауы арқылы құтқарылады.
Римдіктерге хат 10:10
Сені жақын арада көретін шығармын деген үмітім бар, сонда екеуіміз ауызба-ауыз сөйлесеміз. Саған амандық пен тыныштық болсын!
Жоханның 3-хаты 1:14–15
Уа, Жаратқан Ие, Сен көкті жарып, жерге зымырап түссең екен.
Ишая 64:1
Марал қалай аңсаса мөлдір суды, О, Құдай, жаным солай Сені аңсайды. Жаным шын Құдайды іздеп шөліркейді, Қашан мен Құдайыма бара аламын, Қашан Оның алдында бола аламын?
Забур жырлары 41:2–3
Уа, сүйіктім, маған жүгіріп келсең екен, Жұпар иісі аңқыған шөптер мол өскен Тауларда елік, жас бұғыдай секірсең!
Таңдаулы ән 8:14
Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз.
Філіпілікт. хат 3:20
Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады.
Титке хат 2:13
Иса Мәсіхтің бұйрығымен Иса Мәсіхтің елшісі болған Пауылдан.
Тімотеге 1-хат 1:1
Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да.
Петірдің 1-хаты 1:8
Осының бәрін Растаушы былай дейді: — Бұл шындық, Мен жуырда келемін! Аумин! — Иеміз Иса, келе гөр!
Аян 22:20
Сол кезде адамдар былай дейтін болады: «Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз, Аңсап Оны Оған сенім артамыз, Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз, Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз, Оны аңсап Оған сенім артамыз. Енді бәріміз қатты қуанамыз, Бізді құтқарғанына шаттанамыз!»
Ишая 25:9
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 12 шіл.
Мысырдан шығу 33:14 · Заңды қайталау 31:6
2006 ж. 11 шіл.
Еремия 15:20 · Ишая 49:24–26
2006 ж. 10 шіл.
Матай 10:24 · Жохан 13:13
2006 ж. 9 шіл.
Зәкәрия 3:4 · Забур жырлары 32:1
2006 ж. 8 шіл.
Жоханның 1-хаты 1:9 · Забур жырлары 51:3–4
2006 ж. 7 шіл.
Матай 4:1 · Еврейлерге хат 5:7–9






