2006 ж. 12 шіл.
Күнделікті нұр, 13 шілде: Мен өзіме ынтық сүйіктімдікімін
Күнделікті нұр
Мен өзіме ынтық сүйіктімдікімін.
Таңдаулы ән 7:11
Себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.
Тімотеге 2-хат 1:12
Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!
Римдіктерге хат 8:38–39
Аман сақтап жүрдім. Құрып кетуге тиісті адамнан басқа бірде-біреуін жоғалтқан жоқпын.
Жохан 17:12
Жаратқан өз халқынан рақат табады.
Забур жырлары 149:4
Адамзатқа да шат-шадыман болдым.
Нақыл сөздер 8:31
Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті.
Ефестікт. хат 2:4
Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі.
Жохан 15:13
Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!
Қорынттықт. 1-хат 6:20
Себебі өмір сүрсек, Иемізді даңқтау үшін өмір сүреміз, ал өлсек, Иемізді даңқтау үшін өлеміз. Сонымен өмір сүрсек те, өлсек те, Иеміздің меншігіміз.
Римдіктерге хат 14:8
Жаратқан Иенің кітабын оқып шығып, білімді қабылдаңдар!
Ишая 34:16
Ендеше мен айтқан осы сөздерді жүректеріңе, жан дүниелеріңе және ақыл-саналарыңа тоқып алыңдар! Олар қолдарыңа байланған белгі, көз алдарыңдағы ескертпе жазба іспетті болсын.
Заңды қайталау 11:18
Осы Таурат заңы кітабында жазылғандардың бәрін сақтап, орындай алуың үшін оларды аузыңнан тастамай, күні-түні оқып, солар туралы ойланатын бол! Сонда ғана өркендеп табысты боласың.
Ешуа 1:8
Жүрегінде Құдайының заңы қалады, Әділдік жолында аяғы нық болады.
Забур жырлары 36:31
Іс-әрекетімде сөздеріңе бағынам, Аулақ жүріп келем зорлықшының жолынан.
Забур жырлары 16:4
Күнә жасамауым үшін Саған қарсы, Жүрегіме сақтадым айтқандарыңды.
Забур жырлары 118:11
Сонымен қатар, біздерде пайғамбарлардың жазып қалдырған нық сенімді сөздері бар ғой. Бұларға көңіл бөлсеңдер, жақсы болады. Сол сөздер қараңғылықта «нұрын шашып тұрған шам-шыраққа» ұқсайды. Таң атып, шолпан жұлдызының пайда болатынындай, ақырында Мәсіх көктен қайтып келіп, жүректеріңе толық түсінік құятын болады.
Петірдің 2-хаты 1:19
Керемет болашағымыздан үміт үзбеуіміз үшін Киелі жазбалар арқылы табандылық пен жігерлілікке үйренеміз.
Римдіктерге хат 15:4
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 11 шіл.
Еремия 15:20 · Ишая 49:24–26
2006 ж. 10 шіл.
Матай 10:24 · Жохан 13:13
2006 ж. 9 шіл.
Зәкәрия 3:4 · Забур жырлары 32:1
2006 ж. 8 шіл.
Жоханның 1-хаты 1:9 · Забур жырлары 51:3–4
2006 ж. 7 шіл.
Матай 4:1 · Еврейлерге хат 5:7–9
2006 ж. 6 шіл.
Қолостықт. хат 4:6 · Нақыл сөздер 25:11–12






